Ән бағдарламасы (Syllabus)


Зертханалық сабақтардың мазмұны



бет4/4
Дата04.07.2018
өлшемі213,5 Kb.
#47134
1   2   3   4

8. Зертханалық сабақтардың мазмұны


1 Тақырып. Синхронды генераторлардың жұмыс режимдері

Жоспар

Генераторды қолмен дәл синхрондау.



Есеп

1. Генераторды желімен параллелді жұмысқа қосу бойынша іс-шараларды орындау.

2. Генераторды желімен параллелді жұмысқа қосу процесіндегі генератордың сырғуын және токтың өзгеруін талдау.

3. Зертханалық жұмыс бойынша есепті рәсімдеу және қорғау.



2 Тақырып. Өзіндік қажеттіліктің электр қозғалтқыштарының жұмыс режимдері

Жоспар

1. Өзіндік қажеттіліктің электр қозғалтқыштарын іске қосу.

2. Өзіндік қажеттіліктің электр қозғалтқышының қашуы және іске қосылуы.

Есеп

1. Іске қосудың есептелген эксперименттерінің, өзіндік қажеттіліктің электр қозғалтқыштарының шығуы және өздігінен іске қосылуы іс-шараларын орындау.

2. Өзіндік қажеттіліктің электрқозғалтқыштарын іске қосу кезіндегі айналу жиілігі мен тогының, кернеуінің өзгеруін талдау.

3. Зертханалық жұмыс бойынша есепті рәсімдеу және қорғау.


9. Өздік жұмыс тапсырмалары.

1. Дәрістің өздік конспектілерін құру.

1 Тақырып. Синхронды генераторлардың жұмыс режимдері.

ҮЖ 1 – Генераторлардың параметрлерін және бірлік қуатының өсуімен оларды пайдалану шарттарын өзгерту. Орамадағы токтың тығыздығы және асқын жүктемелік сипаттамасы. Пазадағы ток көлемі. Номиналды кернеу. Қозу тогы мен кернеуі. Индуктивті кедергі. Статикалық асқын жүктеме. Қуат коэффициенті. Жеделдету уақыты.

2 Тақырып. Өзіндік қажеттіліктің электр қозғалтқыштарының жұмыс режимдері

ҮЖ 2 – Электр қозғалтқыштың жеке қашуы. Электр станцияларындағы электрқозғалтқыштардың топтасып қашуының ерекшеліктері. Өзіндік қажеттіліктің электр қозғалтқыштарының өздігінен іске қосылуына әсер ететін факторлар.

3 Тақырып. Күштік трансформаторлардың жұмыс режимдері

ҮЖ 3 – Күштік трансформаторларды қосу және ажырату. Күштік трансформаторлардың симметриялы емес және толық емес фазалы жұмыс режимдері.

2. Курстық жұмыстарды орындау

Курстық жұмыс бөлімдері:


  1. Турбогенератор қуатының диаграммасы.

  2. Турбогенератор статорының орамаларының рұқсат етілетін жүктемелерінің кестесі.

  3. Желілердегі симметриясыздық туындаған кездегі турбогенератордың статорының орамасы бойынша кері тізбектіліктің ток ағымының рұқсат етілетін уақытын есептеу.

  4. Электр қозғалтқыштардың өздігінен іске қосылуы кезіндегі өзіндік қажеттілік шиналарындағы бастапқы кернеуді есептеу.


  1. Кеңес беру уақыты

Барлық сұрақтар бойынша кеңестер ағымдағы семестрдегі СОӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.


  1. Оқушылардың білімін тексеру кестесі

Дәріске, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысу және сабақтардағы жұмыс, курстық жұмыстарды орындау және үй тапсырмаларының (ҮЖ1 – ҮЖ3) тақырыптары бойынша өздік конспектіні құру 0 - ден 100 баллға дейін бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тақырып

Жоғары балл

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

Курстық жұмыс

1 Бөлім

100

1 – 5 апта

Орындауды тексеру

5 апта

2

Зерт. жұмыс

ЗЖ 1

100

1 – 6 апта

Қорғау

6 апта

3

Курстық жұмыс

2 Бөлім

100

6 – 7 апта

Орындауды тексеру

7 апта

4

Дәріс конспектісі

ҮЖ 1

100

1 – 8 апта

Әңгімелесу

8 апта

5

Межелік бақылау 1

1Тақырып

100

1 – 8 апта

Орындауды тексеру

8 апта

6

Зерт. жұмыс

ЗЖ 2

100

9 – 10 апта

Қорғау

10 апта

7

Курстық жұмыс

3 Бөлім

100

9 – 11 апта

Орындауды тексеру

11 апта

8

Дәріс конспектісі

ҮЖ 2

50

11 – 12 апта

Әңгімелесу

12 апта

9

Курстық жұмыс

4 Бөлім

50

9 – 12 апта

Орындауды тексеру

12 апта

10

Зерт. жұмыс

ЗЖ 3

100

12 – 13 апта

Қорғау

13 апта

11

Дәріс конспектісі

ҮЖ 3

100

13 – 14 апта

Әңгімелесу

14 апта

12

Курстық жұмыс

Рәсімдеу

100

14 – 15 апта

Қорғау

15 апта

13

Межелік бақылау 2

2 Тақырып


100

9 – 15 апта


Орындауды тексеру

15 апта




  1. Оқушылардың білімін бағалау сынамалары


Пәнді оқып-үйрену барлық өткен материалдарды қамтитын, тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу үшін міндетті шарт болып бағдарламадағы барлық қарастырылған тапсырмаларды орындау табылады.

Жіберу рейтингісі ағымдық сабақтардағы орындалған барлық тапсырмалардың орта арифметикалығынан шығарылады (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, практика және басқа тапсырмалары, межелік бақылау).

Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық зертханалық жұмыстарды орындаған және өткізген , ОӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындаған), курстық жұмысты қорғаудан оң баға алған және жіберу рейтингісінен 50 балладан кем емес алған студенттер жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бақылау ҚБ (бұл жағдайда – емтихан және курстық жұмыс) және ЖР алған бағалармен, олардың салмақтық үлесін (ЖР және ҚБ) есепке ала отырып, қорытынды бағамен анықталады.

Салмақтық үлес жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және 2013-2014 оқу жылына 0,6 және 0,4 құрайды.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Пән бойынша қорытынды баға есептелінеді, егер оқушы қорытынды бақылаудан, сондай-ақ жіберу рейтингісінен оң бағалар алған болса.

Белгісіз себептермен қорытынды бақылауға келмейтін болса, баға «қанағаттанарлықсыз» деп танылады. Пән бойынша емтихан мен аралық аттестаттау нәтижелері студентке сол куні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген болса, келесі күні жеткізіледі.

Оқушының қорытынды бағасы межелік бақылау (рейтингте) мен қорытынды емтиханда 0 ден 100% пайызбен бағаланады.

Межелік бақылау бағасы межелік бақылау бағасы мен ағымдық бағалардан құралады.

Оқу жетістіктері бағаның сандық эквиваленті пен дәстүрлі шкаласында көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:




Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың Сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз




  1. Оқытушының талаптары, саясаты мен процедурасы

Оқушылардың барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады.

Сабақты босатқан жағдайда деканаттың бекіткен тәртібімен қайта оқытылады. Ең көп дегенде екі реет сабақты босатуға жол беріледі. Екі рет сабаққа кешігу бір рет сабақты босатуға теңестіріледі. Екі реттен көп сабақты босатқан болса оқытушы сұрақты әкімшілік шешуге дейін студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Дәріске осы курстың студенті болып танылмайтын, басқа адамның қатысуына жол берілмейді.

Жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан басталуына 3 күн бұрын. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабақтары бойынша өткен материалдарды және тақырыптарды қайталау міндетті. Оқу сабақтарын игеру дәрежесі тесттермен немесе жазба жұмыстармен тексеріледі. Тестілеу студенттерге ескертілусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын ОӨЖ) орындау кезінде келесі төрт негізгі функцияларды ескеру қажет.

Бірінші функция – оқу пәні бойынша қойылғані сабақтар кезеңінде студенттердің оқытушыдан ақпараттарын белсенді қабылдауды жүзеге асыруды болжамдайды.

Екінші функция студенттер өз бетімен, оқытушының ұсынысы негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиет көздерін оқып-үйренуді, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды және т.с.с. орындауды болжамдайды. Бұл кезеңде студенттерден өз бетімен ұйымдастыру, жұмыс әдістерін білу талап етіледі.

Үшінші функция студенттердің басқа оқу әрекеттерін орындауларда, оқу материалдарын игеру мен түсінудегі қиыншылық себептерін анықтауларда, өзінің шешімін таппаған сұрақтарын жүйелендіру мен талдаудан тұрады. Студенттер оқытушыға жауабын таппаған қиын сұрақтарды қояды (оларды ранжирлейді, тәртіпке келтіреді, рәсімдейді), осы сұрақтарға өз жауаптарын құрады..

Төртінші функция студенттердің қажетті кеңестер, анықтаулармен оқытушыға назар аударуынан тұрады.


  1. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1) Правила устройства электроустановок Республики Казахстан: Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2012 года № 1355. – http: //adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001355.

2) Правила технической эксплуатации электрических станций и сетей Республики Казахстан: Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2012 года № 1352. – http: //adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001352.

3) Режимы электрооборудования электрических станций: Учеб. пособие / В.И. Ветров, Л.Б. Быкова, В.И. Ключенович. – Новосибирск: Изд-во НГТУ, 2010. – 243 с.

4) Пушков А.П. Режимы работы электрооборудования электрических станций. Часть 1: Конспект лекций. – Киров: Изд-во ВятГТУ, 2003. – 42 с.

5) Пушков А.П. Режимы работы электрооборудования электрических станций. Часть 2: Конспект лекций. – Киров: Изд-во ВятГТУ, 2003. – 39 с.

6) Гайсаров Р.В. Режимы работы электрооборудования электрических станций и подстанций. Часть 1. Режимы работы синхронных генераторов и компенсаторов: Конспект лекций. – Челябинск: Изд-во ЮУрУ, 2005. – 42 с.

7) Расчет коротких замыканий и выбор электрооборудования: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / И.П. Крючков, В.А. Старшинов, Ю.П. Гусев и др.; Под ред. И.П. Крючкова и В.А. Старшинова. – М.: Издательский центр «Академия», 2012. – 568 с.

8) Меркурьев Г.В., Цирель Я.А. Расчеты режимов работы трансформаторов: Учебное пособие. – С.-Петербург: Изд-во Центра подготовки кадров энергетики, 2004. – 38 с.

9) Инструкция по эксплуатации трансформаторов. Стандарт организации ОАО «ФСК ЕЭС». СТО 56947007 – 29.190.01.048 – 2010. – М.: ОАО «ФСК ЕЭС», 2010. – 38 с.



Қосымша

1) ГОСТ 533-2000 (МЭК 34-3-88). Машины электрические вращающиеся. Турбогенераторы. Общие технические условия. – Межгосударственный стандарт. – М.: Межгосударственный Совет постандартизации, метрологии и сертификации, 2000.

2) Коган Ф.Л. Анормальные режимы мощных турбогенераторов. – М.: Энергоатомиздат, 1988. – 276 с.

3) Мотыгина С.А. Эксплуатация электрической части тепловых электростанций. – М.: Энергия, 1979. – 568 с.

4)Техническая эксплуатация основного оборудования электростанций и подстанций/ Грудинский П.Г. и др. – М.: Энергия, 1974. – 576 с.

5) Эксплуатация турбогенераторов с непосредственным охлаждением/ Под общ. ред. Л.С.Линдорфа и Л.Г.Мамиконянца. – М.: Энергия, 1972. – 352 с.

6) Типовая инструкция по эксплуатации генераторов. РД 34.45.501-88. – М.: Министерство энергетики и электрификации СССР, 1988. – 61 с.

7) Сыромятников И.А. Режимы работы асинхронных и синхронных двигателей. – М.: Энергоатомиздат, 1984. – 240 с.

8) Засыпкин А.С. Релейная защита трансформаторов. – М.: Энергоатомиздат, 1989. – 240 с.

9) Корогодский В.И., Кужеков С.Л., Паперно Л.Б. Релейная защита электродвигателей напряжением выше 1 кВ. – Энергоатомиздат, 1987. – 248 с.



10) Неклепаев Б.Н., Крючков И.П. Электрическая часть электростанций и подстанций: Справочные материалы для курсового и дипломного проектирования. – М.: Энергоатомиздат, 1989. – 608 с.

11) Смирнов А.Д., Антипов К.М. Справочная книжка энергетика. – М.: Энергия, 1984. – 440 с.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет