ЭНДОКРИН
1уровень
#23 - #38 15 тест
2уровень
#57 - #94 38 тест
3уровень
#35 - #56 22 тест
1уровень
#23
*!Қант диабеті немен сипатталады?
* гипокаогуляциямен
*+ гипергликемиямен
* гиперурикемиямен
* гипернатриемиямен
* гиперкалиемиямен
#24
*! Қант диабетінің 2 типі дамуының қауіп факторы қайсысы болып табылады?
* вирустық инфекциялармен жиі ауыру
* анамнезінде зиянды әдеттердің болуы
* салмақ жетіспеуі
* дұрыс тамақтанбау
* +генетикалық бейімділік
#25
*!Аш қарынға тапсырылған веналық қандағы глюкозаның қандай деңгейінде қант диабетін диагноздау мүмкін болады?
* 6,0 ммоль/л тең немесе жоғары
* 8,0 ммоль/л тең немесе жоғары
* 9,0 ммоль/л тең немесе жоғары
* +7,0 ммоль/л тең немесе жоғары
* 5,0 ммоль/л тең немесе жоғары
#26
*!Егер ем алушының көктамырлық қанында ашқарынға гликемия 7,0 ммоль/л, ал 2 сағаттан кейін 11,5 ммоль/л болған жағдайда не туралы ойлауға болады?
* +қант диабеті туралы
* ашқарынға гликемия бұзылысы туралы
* глюкозаға төзімділіктің бұзылысы туралы
* көмірсу алмасуының бұзылысы жоқтығы туралы
* глюкозаға толеранттылық сынамасын жүргізу қажеттілігі туралы
#27
*!60 жастағы қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқас 10 жыл бойында қант түсіргіш препараттар қабылдайды, НвА1С деңгейі – 11,2%. Осы науқаста гликозилирленген гемоглобин деңгейі көмірсу алмасуының қандай деңгейіне сәйкес келеді және дәрігердің келесі тактикасын көрсетіңіз?
* инсулин секрециясын күшейтетін препараттар мөлшерін жоғарлату
* инсулинге тіндердің сезімталдығын күшейтетін препараттар мөлшерін жоғарлату
* науқастың емдәмін қайта қарастыру және бұрынғы емін жалғастыру
*+ емге кешке ұзақ әсерлі инсулин қосу
* негізгі тамақтану алдарына қысқа әсерлі инсулин қосу
#28
*!Диффузды уытты жемсаудың патогенезінде негізгісі не болып табылады?
* тирофосфтазаға антиденелер түзілуі
* тиреоглобулинге антиденелер түзілуі
*+ ТТГ рецепторларына антиденелер түзілуі
* тиреопероксидазаға антиденелер түзілуі
* АТФ-азаға антиденелер түзілуі
#29
*!35 жастағы әйел диффузды токсикалық жемсау II дәрежесі, тиреотоксикоз орташа ауырлық дәрежесі диагнозымен ем қабылдайды: тирозол және анаприлин. Осы науқаста қандай параметрлер бойынша емнің нәтижесін бағалау қажет?
* артериялық қысым деңгейі бойынша
*+ пульс жиілігі бойынша
* салмақтың қалыпқа келуі бойынша
* қалқанша безінің көлемі бойынша
* көздік симптомдардың регрессиясы бойынша
#30
*!59 жастағы әйел диффузды токсикалық жемсау II дәрежесі, ауыр тиреотоксикозбен 1,5 жыл консервативті ем қабылдап, нәтижесі болған жоқ. Оперативті емге қарсы көрсеткіштер бар. Сіздің тактикаңыз қандай?
* тиреостатиктер дозасын жоғарлату
*+ радиойодтерапияға жолдау
* емге глюкокортикостероидтар қосу
* физиотерапиялық ем қосу
* тиреостатиктермен емді ұзақ уақыт жалғастыру
#31
*!Аутоиммундық тиреоидитте морфологиялық не анықталады?
* іріңді-қабыну үрдісі
*+ лимфоидтық инфильтрация
* кистоздық өзгерістер
* фолликуллалар атипиясы
* дәнекер тіндер өсуі
#32
*!Біріншілік гипотиреоз немен байланысты?
* гипофиз ауруларымен
* шеткі тіндердің тироксинді сезбеуімен
* гипоталамус ауруларымен
*+ қалқанша безі ауруларымен
* тироксин белсенділігінің төмендеуімен
#33
*!40 жастағы науқас тұрақты іш қатуға байланысты гастроэнтерологқа жүгінді. Терісінің құрғақтығына, АҚҚ төмендігіне және ЖСЖ сиректігіне байланысты қалқанша безінің қызметінің тексерісіне жолданды. ТТГ – 8,2 МЕ/л, бос Т4 – 7,1 пмоль/л. Науқастың тиреоидты жағдайы қалай бағаланады?
* эутиреоз
* гипертиреоз
* субклиникалық гипотиреоз
* субклиникалық гипертиреоз
*+ манифестті гипотиреоз
#34
*!Тироксин препараттарын қалай қабылдау қажет?
* +тамақтың алдында 30-40 мин бұрын ашқарынға күніне 1 рет
* күніне 3 рет, тамақтан кейін
* күніне 1 рет, тамақтан кейін
* күніне 1 рет, ұйықтар алдында
* екі күнде 1 рет, кез келген уақытта
#35
*!Конн синдромында бүйрек үсті безінің қай бөлігі зақымдалады?
* бүйрек үсті безінің милы қабаты
*+ бүйрек үсті безінің шумақты аймағы
* бүйрек үсті безінің торлы аймағы
* бүйрек үсті безінің шоғырлы аймағы
* гипофиздің алдыңғы бөлігі
#36
*!Феохромоцитомада ненің өндірілуі артық болады?
*+ катехоламиндердің
* кортизолдың
* инсулиннің
* эндорфиндердің
* альдостеронның
#37
*!39 жастағы әйел жиі басының ауруына, соңғы 2 жылда 24 кг салмақ қосқанына шағымданады. Қарап тексергенде: беті ай тәрізді, бетінде артық түктердің өсуі, дененің жоғарғы бөлігінде тері асты май қабатының таралуымен сипатталатын семіздік, іштің алдыңғы беткейінде қою қызыл жолақтар анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ., пульс 88 рет минутына. Бүйрекүсті безінің КТ – екі жақты гиперплазия. Гипофиз МРТ – 1,1х1,2х1,2см. көлемінде аденома. Сіздің алдын-ала болжам диагнозыңыз?
* Конн синдромы
*+ Иценко-Кушинг ауруы
* феохромоцитома
* Грейвс ауруы
* Адиссон ауруы
#38
*!Зәрдің меншікті салмағы төмен болуымен қатар полидипсия және полиурия болған
жағдайда қандай диагноз болуы мүмкін?
* Қант диабеті
*+ Қантсыз диабет
* Психогендік полидипсия
* Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
* Зәр шығару жолдарының инфекциясы
Достарыңызбен бөлісу: |