Олиго- немесе аменорея (70 %) ановуляция нәтижесінде дамиды. Әдетте циклдің 3–6 айға дейін келмеуімен, бөлістердің азаюымен, дисфункционалды жатырлық қан кетулермен сипатталады.
Бедеулік (30 %) созылмалы ановуляция нәтижесі ретінде дамиды.
Гирсутизм (60 %) — андроген-тәуелді аймақтарда шектен тыс түктің өсуі. Сонымен қатар, андрогенді дермопатияның басқа да көріністері дамуы мүмкін: майлы себорея, безеулі бөртпелер, андрогенді алопеция. АБПС сырқаттанған науқастардың 40%-да вирильды синдромның ішінде гинекологиялық қарау барысында клитор гипертрофиясы анықталады.
Семіздік (40 %); семіздік дәрежесі артқан сайын басқа симптомдардың айқындылығы арта түседі, себебі инсулинрезистенттіліктің күшеюі андрогендер мөлшерін жоғарылатады.