Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет343/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ҚОРҚЫТ АТА
тасқа жазылған 
дастандардың тәлім-тәрбиелік идея-
сымен астарлас рухани мұраның бі-
рі – Қорқыт ата тағылымдары. VIII-
IX ғғ. төңірегінде Сырдарияның орта 
және төменгі бойын жайлаған Оғыз-
Қыпшақ тайпаларының мемлекеті 
болды. Оғыздар арасынан шыққан 
әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, 
аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жаз-
мышқа қарсы күресіп, адамның мәң-
гі жасауын арман етіп өткен кемең-
гер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, 
одан құтылу туралы өзінің асыл ой-
лары мен тебіреністерін қобыздың 
зарлы әуеніне қосқан Қорқыт тура-
лы аңыз-жырлар, бізге жеткен «Қор-
қыт ата кітабы» – Орта Азия, Қазақ-
стан мен Әзірбайжан халықтары-
ның аса көрнекті жазба ескерткіші. 
Қорқыттың музыкалық-этнография-
лық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын 
мекендейтін түркі тілдес халықтар-
дың барлығының ортақ рухани игі-
лігі. Қорқыт ата тағылымдарында тә-
лімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, 
қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар 
көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи-
этнографиялық тұрғыдан ғана емес,
сонымен бірге осы аймақтағы халық-
тардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-
тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік 
ерекшелігін бейнелейді.
Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұрты-
ның арасында ерте заманнан-ақ қас-
терленіп келеді. Сондықтан да хал-
қымыз: Жыраудың үлкен пірі – Қор-
қыт ата, Бата алған барлық бақсы
ақын ата, Таңқалып жұрттың бәрі 
тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата
күй тартқанда, – деп тегін жырлама-
ған. 1980 жылы Сырдарияның төменгі 
сағасында Жосалы (Қызылорда об-
лысы, Қармақшы ауданының орта-
лығы) станциясының солтүстік-ба-
тысына таман Қорқыт мекенінен бір
жарым шақырым жердегі оның зира-
ҚОРҚ
ҚОРҚ


328
тының басына тамаша ғимарат ес-
керткіш орнатылуы оған деген құр-
меттің белгісі.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім-
тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер 
әр қырынан сөз болғанын жоғарыда 
айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, 
қанағатшылдық, әрекетшілік жайын-
да айтылған мынадай ақылдарға құ-
лақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиын-
баған адамның тілегі қабыл болмай-
ды... Жігіт тірісінде Қаратаудай қы-
лып, бір күн тыныштық көрмей дү-
ние жияды, байиды. Бірақ соның іші-
нен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.
Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүй-
мейді. Басқалардан өзін жоғары ұста-
ған адамға тәңірі бақ бермейді...».
Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, 
құрметтеу, үйішілік жарасымды қа-
рым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адам-
ның әр түрлі мінез-құлық сипаттары 
жайында айтқан тағылымдары да бү-
гінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай: 
«Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама ба-
ғып, қаққанмен ол саған ұл болмай-
ды... мыңғырған мал жиғанмен, адам 
жомарт атанбас. Анадан өнеге көрме-
ген қыз жаман, атадан тағылым ал-
маған ұл жаман. Ондай бала ел ба-
сын құрап, үйінен дәм беруге де жа-
рамайды. Ананың көңілі балада бо-
лар... Ұлың өсіп жетілсе, от басының 
мерейі, бас-көзі».
Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірім-
дердің жанымен қоса тәнінің шыны-
ғуына, ел мен жерін жан-тәнімен сү-
йіп, оны қасықтай қаны қалғанша 
жаудан қорғайтын жаужүрек батыр 
болғанын аңсайды. Осыған орай ол
былай дейді: «Жол қиындығын көр-
меген, жабы мінген жігітке садағы-
ның оғы да қылыштай кесіп түседі... 
Қолыңа ұстаған болат қылышың мұ-
қалмасын. Жауға атқан садағың өт-
кір болсын».
Кемеңгер дала ойшылы жас жеткін-
шектің көпшіл, қонақжай, ата жолын 
қуған ақпейіл адам болғанын қалай-
ды. («Қонағы жоқ қараша үйден құ-
лазыған түз артық... Ата даңқын шы-
ғарып, өзінің тегін қуған балаға еш-
кім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспай-
ды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, 
өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне бе-
рік, шыншыл адамға бұл дүниеде 
отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүр-
се де аз»). От басы, ошақ қасының
үй іші тыныс-тіршілігінің берекесі, 
ұрпақ тәрбиесінің, әйел жұртының 
кескін-келбетімен қатар, әдепті, көре-
генді, адамгершілік, иманжүзділік 
қасиеттерімен де тікелей байланы-
сып жатады. Осыған орай Қорқыт 
ата әйелдердің төрт түріне берген си-
паттамасы психологиялық жағынан 
ерекше көңіл аударады. Мәселен,
 
әйелдердің бір тобы отбасының тіре-
гі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұ-
тақтары өсіп-өнген жандар болса; 
екіншісі-ынсапсыз, қанағатсыз; үшін-
шісі – салдыр-салақ, өсекшіл келеді 
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет