+ жедел респираторлы вирусты инфекция


*** Ауыр гипотиреозы бар егде жастағы науқасқа қандай ем тағайындалады:// + аз дозадағы L-тироксинмен емдеуді бастау// ***



бет318/318
Дата30.05.2022
өлшемі2,85 Mb.
#145537
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   318
Байланысты:
UDAChI
Онлайн калькулятор. Решение систем линейных уравнений. Метод Гаусса, 531347, tub v sochetanii s dr zab beremen i materinst
***
Ауыр гипотиреозы бар егде жастағы науқасқа қандай ем тағайындалады://
+ аз дозадағы L-тироксинмен емдеуді бастау//
***
Қант диабетінің біріншілік түрін емдеу://
+ инсулин фонындағы диетотерапия//
***
Қант диабетінің біріншілік түріндегі өлімнің ең жиі себебі://
+ кетоацидоздық кома//
***
Гипогликемиялық кома кезіндегі тері жабындыларындағы өзгерістер://
+ ылғалдылық//
***
Инсулин секрециясының ең белсенді стимуляторы болып табылады://
+ глюкоза//
***
Соматотропты гормон және гонадотроптың жетіспеушілігі кезінде дамиды://
+ гипофизарлы нанизм//
***

Орталық салдануға тән емес://


+ бұлшық ет тонусының төмендеуі//
***
Гиперкинездерге жатпайды://
+ атаксия
***
Көз қозғалтқыш нервтің зақымдануына тән://
+ сыртқа қарай қитарлану
***
Сенсорлы афазиясы бар науқас://
+ қаратпа сөздерді түсінбейді және өз сөйлеуін де бақылай алмайды
***
Үстірт сезімталдық өткізгіштерінің ми қыртысындағы орталығы қайда орналасады?//
+ артқы ортаңғы ирелеңде//
***
Спастикалық бұлшық ет тонусына тән://
+ «бүктемелі пышақ» симптомы//
***
Мишықтық атаксияға тән://
+ интенционді тремор//
***
Сезімталдықтың күрделі түрлеріне жатады://
+ стереогноз//
***
Бульбарлы салдануға тән://
+ тіл бүлшық еттерінің атрофиясы//
***
Мишықтың зақымдануына тән болып келетін симптом://
+ мегалография
***
Әкеткіш нервтің зақымдануына қандай бұлшық еттің салдануы тән болып келеді?//
+ сыртқы тіке//
***
Дабыл ішек қандай нервтің тармағы болып келеді?//
+ бет//
***
Апраксия – бұл://
+ күрделі қозғалу актілердің бұзылысы//
***
Қыртыс асты түйіндері зақымдалған кезде пайда болатын синдром://
+ гиперкинетикалық-гипотониялық синдром//
***
Қандай нерв зақымдануына келесі симптомдар тән болып келеді: мимикалық
бұлшық еттердің салдануы, гиперакузия, зақымдалған жағындағы жас ағу?//
+ бет//
***
Қандай симптом бүгілу патологиялық симптомдарға жатады://
+ Россолимо симптомы//
***
Аталған симптомдардың қайсысы сезімталдық бұзылыстарына жатады?//
+ дизестезия//
***
Қай жүйенің зақымдану кезінде гиперкинездер пайда болады?//
+ экстрапирамидтік//
***
Көру анализаторы зақымдалған кезде, аталған симптомдардың, біреунен басқасы, барлығы да анықталады://
+ апраксия//

***
Сезімталдық бұзылысының өткізгіштік түрі қай құрылымдардың зақымдануына тән?//


+ спиноталамикалық жол//
***
Қай артерия каротидті бассейніне жатады?//
+ ортаңғы милық//
***
Субарахноидальды қан құйылу кезінде жұлындық сұйығында анықталады://
+ эритроциттердің бар болуы//
***
Субарахноидальды қан құйылудың себебі://
+ аневризмалардың жыртылуы//
***
Артқы ми артериясы бассейініндегі болатын қан айналымының бұзылысына тән://
+ гомонимді гемианопсия
***
Транзиторлы ишемиялық атака кезінде ошақтық симптоматика қанша уақытқа сақталады?//
+ 24 сағат//
***
Ишемиялық инсульт кезінде патогенетикалық ем есебінде қандай препараттарды қолданады?//
+ нейропротекторлар
***
Қапшықтық аневризманың жыртылуы тудырады://
+ субарахноидальды қан құйылу//
***
Ортаңғы ми артерияның қанмен қамтамасыз ететін аймақтары://
+ самай бөлігі//
***
Спонтанды субарахноидальды қан құйылу кезінде инструментальды диагнстикасы үшін өткізу қажет://
+ бас мидың КТ-сы//
***
Қай артерия вертебробазилярлы бассейніне жатады?//
+ омыртқалық//
***
Субарахноидальды қан құйылу кезіндегі ликвордың түсі://
+ «ет жуынды»//
***
35 жасар Н. науқаста шұғыл түрде бас ауруы, басынан соққан секілді сезім, бірнеше рет құсу, психомоторлы қозу, менингеальды симптомдар, 38,7оС бойынша дене қызуының жоғарылауы анықталды. Ең ықтимал диагноз://
+ субарахноидальды қан құйылу//
***
Геморрагиялық инсульт кезінде қолданатын патогентикалық терапиясы://
+ дицинон//
***
Ми қан айналымы бұзылысының өтпелі түрлері кезінде қандай симптом кездеспейді?//
+ спастикалық гемипарез//
***
Ишемиялық инсульт кезінде қандай препарат қолданбайды?//
+ дицинон//
***
Вертебробазилярлы бассейніндегі қан айналымының бұзылысы кезінде дамиды://
+ Мийяр-Гублер синдромы//
***
Ми қан айналымы бұзылысының өтпелі түрлері кезінде қандай симптом анықталадаы?//
+ бас айналу//
***
65 жастағы А. науқаста, бас ми тамырларының атеросклерозы фонында, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі, мимикалық бұлшық еттерінің орталық парезі, солжақты гемигипестезия дамыған. Ликвор – түссіз, мөлдір, цитоз – 5 лимфоцит. Аталған белгілер қандай ауруға тән болып келеді?//
+ ишемиялық инсульт//
***
Ноотроптық препараттарға жатады://
+ пирацетам//
***
Кіші инсульт кезінде (қайтымды неврологиялық симптоматикасымен ағатын инсульт) ошақтық симптоматиканың регресі қай уақыттың ішінде өтеді?//
+ 3 апта//
***
Омыртқалық артериялардың патологиялық ирелеңдеуін нақты анықтау ұшін қосымша
зерттеу әдістердің қайсысын қолдану қажет?//
+ ангиография//
***
Инсульттардың екіншілік профилактикасы қандай бағытта жүргізіледі?//
+ қайталанған инсультті болдырмау//
***
Бұлшық ет контрактуралардың профилактикасы менингококкты менингиттің жұқтыру жолы://
+ ауа-тамшы
***
Менингиттің диагностикасындағы негізгі мағыналы зерттеу әдісі://
+ жұлын сұйығының өзгерістері//
***
Жұлын сұйығындағы қант және хлоридтар мөлшерінің біраз төмендеуі қай қоздырғышпен тудырылатын менигитке тән://
+ туберкулез микобактериясы//
***
Кез келген менингиттің клиникалық көріністері сипатталынады://
+ жалпымилық симптоматикамен//
***
Экономоның эпидемиялық энцефалиттің созылмалы стадиясына қандай синдром://
+ паркинсонизм//
***
Полиомиелит кезінде зақымдалады://
+ жұлынның алдыңғы мүйіздері
***
Вирустық энцефалиттер кезінде ликворда байқалады://
+ лимфоцитарлы плеоцитоз//

***
Герпестік энцефалиттің этиотропты терапия кезінде қолданады://


+ ацикловир//

***
Кома жағдайына тән емес://


+ мақсатты түрдегі қорғаныс реакциялары
***
Қандай симптом мидың үдемелі ісінуінің белгісі болып табылады?//
+ естің тежелуі//
***
Естің айқын деңгейі Глазго кома шкаласы бойынша қанша балл құрайды?//
+ 15 балл//
***
III сатысындағы кома жағдайына қандай симптоматика тән болып келеді?//
+ арефлексия, диффуздық бұлшықет атония, екі жақты мидриаз//
***
Бас ми ісінудің клникалық көріністері://
+ естің тежелуі//
***
Дислокациялық синдром дамыған кезде келесі симптоматика пайда болады://
+ анизокория//
***
Неврологиядағы шұғыл жағдайлары кезінде бас ми ісінуі мен бассүйекішілік гипертензиямен күресу мақсатында қандай ем-шаралар жүргізіледі?//
+ бас жағын 30о көтеріп қою//
***
Қандай препарат бас ми ісінуімен күресу мақсатында қолданады?//
+ манит//
***
Замануи жіктемесі бойынша бас ми жарақаттардың қандай түрі бөлінбейді?//
+ ауыр дәрежелі бас мидың шайқалуы//
***
Қандай жағдайда бас ми жарақаты кезінде гемипарез дамымайды?//
+ бас ми шайқалуы//
***
Субдуральды гематоманың негізгі диагностикалық көріністерін қандай қосымша әдіс арқылы анықтайды?//
+ бас мидың КТ-сы//
***
Бас ми жарақаты кезінде ноотроптық препараттарды қолдануға болатын кезеңі://
+ кез келген кезеңінде
***
Шашыранды склероздің клиникалық белгісі болып табылады://
+ төменгі спастикалық парапарез//
***
Жедел шашыранды энцефаломиелит кезіндегі көру өткірлігінің төмендеуі қандай құрылымдардың зақымдануынан пайда болады?//
+ көру нерві//
***
Шашыранды склероздың патогенетикалық емін жүргізген кезде қандай препаратты қолданады://
+ бетаферон//
***
Шашыранды склероздың басталуы қандай жасқа жиі келеді?//
+ 50-55 жас
***
Бет нерві невропатиясының негізгі қауіпті факторы болып табылады://
+ бет нерві каналының туа біткен тарылуы//
***
Қол басының қандай түрі шынтақ нервінің нейропатиясына тән?//
+ «тырнақ тәрізді қол басы»//
***
Полиневропатия кезінде сезімталдық бұзылыстары қандай түрде пайда болады?//
+ «қолғап пен шұлық»//
***
Диабеттік полинейропатия қандай процестің нәтижесінде дамиды?//
+ дұрыс жауаптары - А және В
***
Қандай процессс омыртқа бағанасының остеохондроздің негізінде жатады?//
+ дегенеративті//
***
Қандай нерв зақымдалған кезде келесі аталған симптомдар пайда болады
бет аймағындағы ұстаматәрізді, тиіп кеткенде, шайнау, сөйлеу кезде күшейетін ауырсынулар, беттегі триггерлік нүктелердің (ауру сезгіш нүктелер, оларға тиген кезде ауырсыну пайда болады) бар болуы?//
+ үшкіл//
***
Кіші жіліншік нервтің зақымдану белгілеріне жатады://
+ аяқ басының жазғыш бұлшық еттерінің парезі//
***
Үшкіл нервтің невралгиясына тән://
+ беттегі шүріппелік аймақтары//
***
Науқастың басын еңкейген кезде бел аймағындағы ауырсынудың пайда болуы қандай симптомға тән?//
+ Нери//
***
Полинейропатияның себебі болып табылмайтын ауру://
+ церебральды атеросклероз//
***
Белдемшлік теміреткі қандай деңгейде пайда болатын сезімталдықтың бұзылысына тән?//
+ омыртқааралық ганглий//
***
Үшкіл нервтің невралгияның класикалық түрі кезінде анықталатын://
+ беттегі шүріппе аймақтары//
***
Люмбалгияға тән://
+ созылмалы ауырсыну синдром//
***
Бет нервінің невропатиясына тән://
+ беттің бір бөлігінің парезі//
***
Таралымды эпиепсиялық ұстаманың ұзақтылығы://
+ 2-3 минут//
***
Эпистатус деп қандай жағдайлар саналады?//
+ естің жойылуымен өтетін, бірінен соң біреуі қайталанатын үлкен таралымды эпилепсиялық ұстамалар//
***
Симптоматикалық эпилепсия қандай аурулары кезінде пайда болады?//
+ бас ми ісігі//
***
Қандай симптом Паркинсон ауруы кезінде анықталады?//
+ брадикинезия//
***
Қандай нейромедиатордың жеткіліксіздігі Паркинсон ауруды тудырады?//
+ дофамин//
***
Миастениялық кризді жою үшін қандай препаратты еңгізеді?//
+ прозерин//
***
Миастения кезінде қандай препаратты патогенетикалық терапия ретінде қолданады?//
+ октагам//
***
Аталған симптомдардың ішінен қайсысы Дюшенн ауруына тән?//
+ балтыр бұлшық еттердің псевдогипертрофиясы//
***
19 жасар науқас қолдарының әлсіздігіне, бет бұлшық еттерінің атрофиясына шағымданады. Объективті түрде: жауырын бұлшық еттерінің «қанаттәрізді» атрофиясы, кеуде қуысының деформациясы анықталады. Әкесінің апасы осыған ұқсас аурумен ауырған. Диагнозын анықтаңыз://
+ Ландузи-Дежерин ауруы//
***
Паркинсон ауруы кезінде қандай препаратты патогенетикалық емі ретінде қолданады?//
+ наком//
***
Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән?//
+ грипп//
***
39 жасар науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады. Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабатының интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық. Аурудың ағымынына сипат беріңіз.//
+ ЖБЭ – I дәрежелі
***
20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?//
+ II дәрежесіне//
***
35 жасар әйел адам учаскелік ауруханаға келесі шағымдармен түсті: дене қызуы 40°С дейін көтерілген, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі: науқас ветеринар дәрігер болып жұмыс жасайды. Жанұйясында барлығы сау.
Объективті: оң жақ қолында 3 мм көлемінде пустулабайқалады, ішінде серозды-геморрагиялық сұйықтық бар. Оң жақ қолындағы ісік иығына дейін тараған. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?//
+ түйнеме, карбункулезді түрі//
***
21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Ауырғаннан 3 күннен соң эәрдің түсі қоңыр болған, 4 күннен соң сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.
ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.
Жалпы билирубин – 137 ммоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,1 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз?//
+ вирусты гепатит, орташа ауырлықта//
***
25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39° С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 20 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С, кейін 39°С дейін көтерілген. Жанұясында барлығы сау.
Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсыну сезімі байқалады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі ауырсынады, түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.
Сіздің диагнозыңыз?//
+ жедел дизентерия, орташа ауырлықта//
***
АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?//
+ полилимфоаденопатия//

***
30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.


Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?//
+ орташа ауырлық//
***
Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?//
+ тырысқақ//
***
17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.
Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.
Сіздің болжам диагнозыңыз?//
+ созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2//
***
45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау. Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.
Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?//
+ ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі//
***
32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған. Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз://
+ псевдотуберкулёз//

39 жасар науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабатының интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.Аурудың ағымынына сипат беріңіз://


+ ЖБЭ – I дәрежелі
***
35 жасар әйел адам учаскелік ауруханаға келесі шағымдармен түсті: дене қызуы 40°С дейін көтерілген, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі: науқас ветеринар дәрігер болып жұмыс жасайды. Жанұясында барлығы сау. Объективті: оң жақ қолында 3 мм көлемінде пустулабайқалады, ішінде серозды-геморрагиялық сұйықтық бар. Оң жақ қолындағы ісік иығына дейін тараған. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?//
+ түйнеме, карбункулезді түрі//
***
21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Ауырғаннан 3 күннен соң эәрдің түсі қоңыр болған, 4 күннен соң сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ. Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.
ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12% Жалпы билирубин – 137 ммоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,1 мккат/л.
Сіздің диагнозыңыз?//
+ вирусты гепатит, орташа ауырлықта//
***
45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау. Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.
Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?//
+ ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі//
***
Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар://
+ линкоитцин және левомицетин//
***
68 жастағы ер адам анамнезінде созылмалы маскүнемдігі бар қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз бар. Пневмонияны тудырған қай қоздырғыш болуы мүмкін?//
+ клебсиелла//
***
Өкпенің рентген суретінде өкпенің мөлдірлігі өте жоғары болып, қабырғааралықтарының кеңеюі, диафрагма күмбезінің тегістелуі қай ауруға тән://
+ өкпе эмфиземасы//
***
15 жастағы науқас, емхана дәрігеріне көп мөлшердегі кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, жөтел,қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуіне, ентікпе мен әлсіздік,жалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінен бастап ауырады. Соңғы 5 жыл бойы ауыруы өршуде. Науқас арық. Кеуде сарайы бөшке тәрізді қалыпта. Өкпесін тыңдағанда барлық бөліктерінде әр түрлі калибрлі ылғалды ысқырықты сырылдар. Қан анализінде лейкоцитоз-10000.
Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?//
+ туберкулез//
***
20 ж. науқас, студент анда-санда болатын ұстамалы экспираторлы демікпе мен құрғақ жөтел, кеудесіндегі сырыл мен ысқырыққа шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болды. Демікпе ұстамасы жиі түнде пайда болады және өздігінен 1 сағаттан кейін басылады. Дәрі қабылдамаған. Бала кезінен бастап көктемде вазомоторлық ринит мазалайды. Күніне темекінің 1,5 қалбырын шегеді. Шешесінде тыныс демікпесі бар. Объективті қарағанда және Р-генмен тексергенде дерт анықталмаған. Қан анализінде – эозинофилдер саны - 6%. Тыныс шығару жиілігі- 70% төмен. Тез әсерлі в-агонистермен ингаляция жүргізгенде ТШЖ 80% артып кетті.
Қандай дерт туралы болжауға болады?//
+ атопиялық бронх демікпесі, орташа ауырлықта//
***
22 жастағы науқас әйел, жалпы тәжрибе дәрігерін үйіне шақырды.Дене қызуы 38 градусқа көтерілген, қалтырау, әлсіздік, дел салдық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы қинайды.Өзін бір апта бойы ауру санайды, қызу түсіретін дәрі ішкен.Жиі зәр шығарады,оң белі ауырады.Ауруын салқынның өтуімен байланыстырады.Сыртқы қарағанда: оң бел аймағында ауырсыну байқалады. Көзінің асты іскен. Қан қысымы 160/90мм.сын.бағ.Зәр анализінде 0,99г/л протеинурия. Қандай ауруды ойлауға болады?//
+ жедел пиелонефрит//
***
32 жастағы науқас әйел, осыдан 2 ай бұрын пайда болған дене қызуының 39*С көтерілуіне, жүктемеден кейін ентікпеге, қалтырауына, басының ауруына шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілерді, сульфаниламидтерді, 5 күн бойы ампициллинді қабылдаған.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында бірнеше петехиальді бөрітпелері бар, пульсі 100рет мин.,қан қысымы 140/90мм.сын бағ.,жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Дәрігердің тактикасы?//
+ стационарға жолдау//
***
28 жастағы науқас, стоматитпен 3 апта нәтижесіз емделген. Әлсіздік, тершеңдік күшейген. Қарағанда: дене қызуы 38,8 гр., тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, жаралы-некротикалық стоматит. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауырмайды. Қанында: эр-3,0 млн., Нв-95 г/л, ТК - 0,95, лейк-14,5 мың, бластар-32%, таяқша-1%, сегм-39%, лимф-20%, мон-8%, тромб-90 мың. ЭТЖ-24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакциясы оң. 3 күннен кейін – бас ауыру, жүрек айну, құсу, аяқ парезі пайда болған. Сіздің диагнозыңыз?//
+ жедел лимфобласты лейкоз//
***
Науқас З. 19 жаста, қызыл иегінің қанауы, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39 гр. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимозалар. Көмекейінде-өлі еттенген жұғынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанында: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-29 мың, бластар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Берілген аурудың диагнозын нақтылаудағы шешуші критериі қандай://
+ бластемия
***
Науқас 50 жаста, көп жылдар бойы бронхитпен ауырады, темекі шегеді. Бүгін түнде, өмірінде бірінші рет, тыныс алумен байланысты емес төс артында ашып ауырсыну пайда болды, ауырсыну мойынға беріледі, ұзақтығы 2-3 сағатқа созылған, әлсіздік, тершеңдік.
Жалпы тәжірибелік дәрігерге келіп отыр. Қай ауру тұралы ойлауға болады://
+ жедел миокард инфарктысы//
***
32 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлап басы айналып, құлағы шулап,желке жағы қатты ауырды. Қан қысымы 180/100 мм.сын.бағ.көтеріліп, ЖСС-90 рет минутына болған. Бөлімшелік дәрігердің қабылдауында болды. Гипотензивті дәрілер нәтиже бермеген. Осындай жағдай 2 жыл бойы қинайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі қызарған, терлеген. Жүрек тондары ритмді, жиілеген. Зәр анализінде: протеинурия-0;66 г/л; лейкоцитурия. УД бүйректі тексергенде ассиметрия; екі бүйректің формасы өзгерген; көлемдері әртүрлі;оң бүйректің көлемі солі бүйрекке қарағанда 1,5 см ұлғайған Кiндiк үстiнде систолалық шу табылған.
Диагнозын нақты анықтау үшiн қандай тексерудi тағайындау қажет?//
+ бүйрек артериясының ангиографиясы//
***
28 жастағы науқас аз ғана күш түскенде ентігу;жүректің жиі соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағым айтады. Көп жылдар бойы жүрек ақауымен диспансерлі есепте тұр. Мезгіл сайын стационарда ем алады. Жағдайының нашарлауына 2ай болған. Үйде нитроглицерин ішеді.
Аускультацияда: сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы естіледі. ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар?//
+ артериалық өзектің бітелмеуі//
***
Науқас 28 жаста бетте эритемалы дақтар, дене температурасының 39 градусқа жоғарылауы, арықтау, интенсивті полиартралгия, ісінулер дамуы және босанудан кейін бір айдан соң АҚ жоғарылауына шағым айтады. Зерттегенде анықталды: Нв – 90 г/л, СОЭ – 50 мм сағатына, фибриноген – 6 г/л, альбумин – 30%, LE- клеткалар 5:1000 лейкоцитке қатынасында. Сіздің диагнозыңыз?//
+ жүйелі қызыл жегі//
***
45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады. Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған.Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз://
+ жүйелі склеродермия
***
25 жастағы науқас тамақ ішкеннен 20-30 мин кейін эпигастрий аймағында интенсивті емес ауру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданады. Анамнезінде 4 жыл бойы ауырады. 2 жылда 1 рет диета сақтамағаннан өршу кезеңі байқалады. Қайта диета сақтаса өршуі басылады. Шылым тартады, аздап алкоголь қабылдайды, тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Асқазан сөлінің нәтижесі: базалды және стимуляцияланған секрециясы жоғарылаған. Эндоскопиялық зерттеу: аш қарында үлкен көлемде сұйықтық, өңештің шырышты қабаты гиперемияланған, антралды бөліктің шырышты қабаты ісінген, перистальтикасы күшейген. 12-елі ішектің шырышты қабаты ошақты түрде гиперемияланған. Науқастың диагнозы қандай?//
+ асқазанның жара ауруы//
***
50 жастағы cеміздігі бар әйел,оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Ауры сезімі оң жақ бұғана үсті аймағына беріледі. Науқас мазасыз, қозғыш, қарағанда тері түсі қалыпты, пальпацияда өт қабы нүктесінде ауру сезімі анықталады. Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі паталогиясыз. Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз://
+ созылмалы калькулезді холецистит//
***
64 жастағы әйел адамда 2 айда 10 кг арықтау, үдемелі әлсіздік анықталған.Соңғы екі аптада қара нәжіс пайда болған.Терісі бозғылт,эпигастрииде ауру сезімі, бауыр +2см,көкбауыр 8-6 см.Қан кетуі мүмкін ағзаны көрсетіңіз://
+ асқазан//
***
60 жастағы науқас, салмағы 93 кг, бойы 160 см; Көп жылдар бойы АГ ауырады.Ентігу мен жүректегі ауырсынуға шағым айтады.Жүрек тондары тұйықталған.А/Қ- 180/100мм.сын.бағ.ЖСЖ-90рет минутына.Қанда глюкоза – 9,2 ммоль/л..холестерин 8,50мкмоль/л; ТЖЛП-0,5мкмоль/л; Науқастың диагнозы қандай?//
+ метаболикалық синдром//
***
Науқас К, 34 жаста, көп жылдан бері спирттік өнімдерді пайдаланады. Бірде пойызда 0,5 л арақ ішіп алып, қоршаған адамдардың оны бақылап, аңдып жүргенін олардың көзқарастарынан байқап қалды. Көрші купеде оны тонауға және өлтіруге келісіп жатқандай болып естіліп түнімен ұйықтамады. Сол қорқынышпен ол пойыздан секіріп 2 аяғын сындырып алды. Болжам диагонзы://
+ жедел алкогольді параноид//
***
Патологиялық мастану кезіндегі жад бұзылуын атаңыз://
+ ретроградтық амнезия//
***
АХЖ-10 ( МКБ-10) ПАЗ (психоактивті заттар) пайдаланумен байланысты аурулары белгілерінің арасында көрінеді?//
+ толеранттылықтың өзгеруі//
***
Науқасқа анонимді наркологиялық емдеу жүргізгенде амбулаторлық картаны://
+ тектің (фамилиясының) орнына реттік сан қою арқылы толтырылады//
***
Патологиялық мастану кезінде қандай естің бұзылысы байқаладаы?//
+ естің кешкілік бұзылысы//
***
Алкоголизмнің II сатысында қандай клиникалық көрініс тән://
+ физикалық тәуелділіктің болуы//
***
Науқас алкогольды делирия жағдайында. Осы жағдайға әкелген психотикалық симптомды атаңыз?//
+ науқас көру галлюцинациясын бастан кешіреді
***
Жедел алкогольды галлюциноз клиникалық картинасында қандай симптоматика көбіне қатысады://
+ вербальды алдау қабылдауының басым болуы//
***
Жедел алкогольды параноидта қандай жалған ойлар кездеседі?//
+ аңду жалған ойлары//
***
«Чифиризм» қандай наркологиялық топқа жатады?//
+ токсикоманияда//
***
Егер, сот-наркологиялық экспертиза жүргізу барысында психикалық бұзылыстың бар екендігі анықталса, эксперттер міндетті://
+ қорытындыда сот-психиатриялық экспертизаны жүргізу қажеттілігін көрсету//
***
Кокаинді наркомания кезіндегі психикалық тәуелділік психопатологиялық негіздің мына түрінде://
+ тұрақты депрессия//
***
Апта бойы ішкеннен кейін,науқаста кешкілік уақытта келесі сиптомдар байқалады: бөлмеде оны қорқытатын адамдарды көруі,дене бойында құрттардың жүруі,оны қорқытатын дауыстарды естуі. Дұрыс синдромды таңдаңыз://
+ галлюцинациялық синдром
***
Алкогольмен мас болудың клиникалық белгілері қан құрамында алкогольдің мына концентрациясының болуынан://
+ 1,0 промилле//
***
Анық көру галлюцинациялары 3 күннен 7-ге дейін созылды ,уақыт пен орынды айыралмау, аяқтардағы тремор байқалады://
+ алкогольді делирий
***
Науқас П., 48 жаста. 24 жылдан бері алкоголь қолданады,соңғы 10 жылдан бері тұрақты түрде ішеді, опохмеляется.Сонғы 2 жылдан бері есте сақтау қабілеті төмендеген,санитардың жұмысын атқара алмаған. Түскен уақытта уақыт пен орынды айыралмайды.Палатасын ,дәрігерінің есімін есіне сақтай алмайды.Өмірінің соңғы күндерін айта алмайды. Таң ертең концертте болдым дейді ,бірақ екінші күні ауруханада болған. Диагнозы қандай://
+ корсаков синдромы//
***
Алкогольді делирии, психотикалық симптомды атаныз://
+ үздікті сандырақ//
***
Опиомандарда «сыну» жағдайы (қол, аяқ бұлшықеттерінің, арканың, белдің, іштің ауырсынуы) соңғы наркотикалық затты қабылдаған соң қанша уақыттан кейін дамиды://
+ 2- тәулік//
***
Гаршиштық мастықтың ең маңызды белгілері://
+ себепсіз күлегештену//
***
Науқас, 47 жаста,апта бойында ішуден кейін жалпы жағдайы нашарлайды. Бас ауруы, журегінің ауруы,колдарындағы тремор, тынышсыз ұйкы, диарея. Ішкісі келетін сезімі жоғарылай береді. Дұрыс синдромды таңдаңыз://
+ абстинентті
***
Ингалянттармен наркотикалық мастанудың клиникалық симптомдарын атаңыз://
+ эйфория, галлюцинация//
***
Опиатты пайдаланғаннан кейін пайда болатын эйфорияның бірінші фазасы жалғасады://
+ 3 минутка дейін//
***
Егер науқаста наркотикалық және осымен қоса бір уақытта басқа заттарға немесе наркотикалық емес дәрілік препараттарға тәуелділік болатын болса, диагностикаланады://
+ асқынған наркомания//
***
Опиоитты мастанудың нағыз клиникалық белгісін атаңыз://
+ миоз
***
Құқық бұзушылық іс-әрекетімен,озгермейтіндігін мойындап , қылмыстық- іс жауапкершілігінен босатылады егер,мына жағдайда болса://
+ патологиялық мастану
***
Есірткіге еркіңнен тыс берілу пайда болады://
+ абстиненцияда//
***
Төмендегі көрсетілген заттардың қайсысы опиаттар тобына жатпайды?//
+ кокаин//
***
Опиатты соңғы рет қолданғаннан кейін қанша уақыттан соң абстиненциядық пик - "сыну"байқалады://
+ 24-48 сағат//
***
ЛСД қолданғанда жиі пайда болатын галлюцинациялар://
+ көру
***
Апогей гашишті абстинентті синдромда кездеседі://
+ 2ші-тәуліктің соңы//
***
Абстиненттік синдромда ұйықтататын дәрілерді қолдану қауіпті, мыналардың туындауына әкелуі мүмкін://
+ талмалар//
***
Эпизодты түрде наркотикалық заттарды қолдану-бұл://
+ наркотизм//
***
Наркоманияның қай түрінде көбінесе абстиненцияның физикалық көріністері тән?//
+ гашишемания//
***
Наркологиялық диспансер қандай көмек түрлерін көрсетпейді?//
+ мәжбүрлеп емдеу
***
Героиннің қандай мөлшері иньекция жасағанда патологиялық көріністердің пайда болуына әсер?//
+ 3-5//
***
Опийнді наркоманияның 2-дәрежесінде физикалық тәуелділік синдромының пайда болуымен өтетін орташа ұзақтық қаншаны құрайды://
+ 5-10 жыл//
***
Қай жылы героин синтезделинген?//
+ 1874 жылы//
***
Алкогольдік қозғыштықты емдегенде не қолданылады?//
+ тизерцин//
***
Жедел алкогольдік параноид кезіндегі психопатологиялық симптомды таңдаңыз://
+ сандырақ ойлардың пайда болуы//
***
Созылмалы алкоголизммен ауыратын науқаста емнен кейін 3 айдан соң алкогольге құмартушылығы пайда болған,жағдайы нашарлаған. Сүйемелдеу терапиясын тағайындаңыз://
+ трихопол, инсулиннің аз мөлшері//
***
27 жастағы ер адам жуынатын бөлмедегі аққан судың даусымен балағаттап жатқан көршісінің даусын естиді,бұл дауыс суды сөндіргенде жойылады Бұл психикалық бұзылысты ата://
+ функциональды галлюцинация//
***
58 жастағы ұзақ уақыттан бері ишемиялық аурумен ауыратын әйел жиі жүрек ұстамаларымен қатты дыбыстарды жарықты дел салдық пен әлсіздікке шағымданып психиатрға қаралды.Сөйлеу барысында жылау. Психопатологиялық синдромды ата://
+ астениялық синдром//
***
Науқаста түскі мезгілде аяқ астынан 2 жастағы балаға пышак енгізгісі келгені анықталды.Осы уақытта ол өзінің қорыққанын айтып ,үйден қашып кетеді.Қандай психопатологиялық бұзылыс болғаны://
+ компульсия//
***
Тамақтан бас тарту қандай психопатологиялық бұзылысқа тән://
+ кататониялық//
***
Емтихан кезінде студент нашар баға алып , театральды позада құлап қалған. Денесі құрысқан, доға күйде орналасқан. Ұстама 15 мин созылған. Ұстамадан соң жағдайы жақсы. Сіздің әрекет?//
+ медициналық емді жасамау
***
42 жастағы ер адам,арақты тоқтатқаннан кейін 2 күні,ұйықтай алмай ,үйде біреу бар деп қорыққан .Кіре берісте сақалы бар адам тұрғанын көргенОны ұстап қөрген бірақ қолында халатты көрген. Жардағы гүлдер шығыңқы, қозғалған күйде болған .Қандай психикалық бұзылыс анықталды://
+ парейдолиялық иллюзия//
***
38 жастағы науқас ауыр абстиненцияда ұйықтай алмаған. Көзін жұмса қорқынышты түстер, кереуетте тышқандарды көрген, тағы бірде жынды көрген. Жарықты қосқанда барлығы да жоғалған. Науқаста қандай галлюцинация болған?//
+ гипнагогиялық галлюцинация//
***
38 жастағы науқас 2 күн арақ ішпегеннен ауыр абстиненцияда үрей қорқынышқа, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Ұйықтаса қорқынышты түстер болатынын айтады://
+ жедел алкогольды делирий//
***
Науқас 25 жаста әр түрлі сұраққа бір жауап Аты жөніңіз ? – Зайцев. Атыңыз? – Зайцев. Жасыңыз ? – Зайцев" т.б. Науқаста қандай ассоциативті процестің бұзылысы бар://
+ вербигерация//
***
Ауырлық деңгейде болған жалған идеялар және науқаста логикалық түсінікке тән (коррекция) аталады://
+ сандырақ идея//

Сезіну бұзылысына тән клиникалық синдромды ата://


+ сенестопатиялық синдром//
***
Қандай ауруларда Корсаков синдром болады://
+ органикалық зақымдалуда//
***
48-жастағы ер адам бұрын психиатриялық клиникаға бірнеше рет болған, сасқалақтап ,айналасы оған бөтен, жалған «театральды декорация» және «суретке ұқсас». болатынын айтады. Бұл симптом аталады://
+ дереализация//
***
16 жастағы жас бала милициямен тентектік іске байланысты көршілеріне қатысты ұсталды. Терезені сындырған, балағаттаған, айтуынша олар оның ойын біліп отыр. Клиникалық синдром ата://
+ Кандинский –Клерамбо синдромы//
***
Науқас психиатриялық ауруханада "ЦРУ қабырғасында", барлығы агенттер болып киінген, оған түсінікті емес спектакль орындап отырғанын айтады дәрігердің сұрағын тексеру деп түсінеді. Негізгі сандырақ идеяны ата://
+ инсценировка сандырағы//
***
Науқаста қандай психопатологиялық синдром болған, науқас құдайдың даусын естіп, дүниені сақтау үшін жұмыс жасап жүргенін айтады://
+ параноидтық//
***
Соматикалық ауруханада гипертониялық аурумен жатқан науқаста жабысқақ үрейлер басталған. Әрекетіңіз қандай?//
+ психиатр кеңесін тағайындау//
***
Өздігіне деген көзқарасы сақталумен басқа ойларға қатысты ойларды айтады://
+ жабысқақ идея//
***
Анықталған арада толық есте сақтау қабылетінің жойылуы://
+ амнезия//
***
Науқас 56 жаста соңғы кезде көңіл күйі төмендеп ,тамаққа тәбеті болмай жүргенін айтады. Қаралған, бірақта өзінің шаршап жүргенін, одан емделмейтінін, үрей барын айтады. Диагноз://
+ Котар синдромы//
***
Науқастың жай созылмалы түрде сөйлеуін айтуға болады://
+ патологиялық жабысу//
***
Ұлғайған шақта сандырақтың пайда болуы байланысты://
+ материальды жетіспеушілік//
***
Психиатр квалификациясы жоқ дәрігердің қойған психикалық бұзылыс диагнозы есептелмейді://
+ алғашқы ретінде есептеледі//
***
Науқасты алғаш рет психоневрологиялық диспансерге қаралып, жай психикалық бұзылысын анықтауда://
+ консультативті бақылауға алу//
***
Еріктен тыс науқас психиатриялық стационарға түсіп ,ары қарай сұрағы комиссиямен мына аралықта шешілуі қажет://
+ 48 сағ
***
Науқасты психиатриялық стационарға ерікті түрде жатқызуға рұқсатты береді://
+ сот
***
Соттық –психиатриялық сараптаманың міндеті болып табылады?//
+ ақыл есі дұрыстығын анықтау//
***
Науқаста пневмониядан кейін әлсіздік, шаршау, тітіркеніштік, ұйқы бұзылысы болған. Емнен соң барлық шағымдар кеткен. Дұрыс диагноз://
+ астениялық синдром//
***
Психоневрологиялық диспансерде диспансерлік есепте тұратын науқас саналады://
+ сот тағайындама жасағанға дейін ақыл есі сақталған//
***
Психикалық науқастардың стигматизация себебі болады://
+ қоғамда қарсы ойлардың таратылуы//
***
Психиатриялық стационарда 1 ай бойы жатқан науқаста есте сақтау бұзылысының қай түрі болады://
+ псевдореминисценция//
***
Ясперс бойынша сана бұзылысының критериилерін көрсет://
+ айналадан алшақтану//
***
Есте сақтаудың бұзылысы синдромдарына қай синдром жатады://
+ Корсаков синдромы//
***
23 жастағы ер адам параноидты ұстама тәрізді шизофрениямен ауырады, ұстама кезінде миы мойны арқылы ағып жатқанын айтады, дәрігердің олай болуы мүмкін еместігіне түсінемін маған солай көрінеді дейді. Науқаста қандай://
+ сенестопатия//
***
Айналаның 180 градусқа бұрылғандығы жайлы науқастағы сезім қалай аталады?//
+ психосенсорлық бұзылыс//
***
Есте шығыдыңорнын ойдан шығарумен толтыруды атайды://
+ конфабуляция//
***
ПНД консультативтік бақылаудағы науқас://
+ транспортты жүргізуге құқылы//
***
Ауырлық деңгейдегі сезімді жоғарылату жағдайындағы тәртібі қалай аталады://
+ аггравация//
***
Галоперидол қандай фармакологиялық топқа жатады://
+ нейролептик//
***
Науқас 32 жаста, ауруханаға келіп жүрген әкесін, грим пайдаланып, киініп алған адам ретінде көреді. Науқаста қандай психикалық бұзылыс болғаны://
+ Капгр синдромы//
***
Науқас психомоторлық импотенцияны, КНБ жұмысшыларының көмегімен «радиоэлектрондық құрылымдардың әсер ететіндігін айтады. Сол айтылғандар осы прибор арқылы психикалық және физиологиялық процестерге әсер беретінін, оның ойын, қозғалысын басқаратынын айтады, тіпті ыстық заттардың тиіп кетуі қүю беретінін айтады. Осы психикалық жағдайды ата://
+ парафрендік синдром//
***
Науқас 40 жаста, қайта түскен. Анамнезінде аффективті-сандырақты ұстамалар (7 жылға дейін), жақсы ремиссиямен. Осы жолы түсуі 2 жеті бұрын болған жағдайының нашарлауымен. Ұйқысы бұзылған, көп айтады, бір жаққа кеткісі келіп тұрады. Психикалық статус қарағанда: көп қозғалатын, көп сөйлейтін. Барлық тақырыпқа толық жауап береді. Науқас барлық айтылғандарға толық мән бермейді. Алғашқы диагноз және емі://
+ рекурренттік шизофрения. Нейролептиктер (галоперидол, аминазин), корректор//
***
БМЖ кейін науқаста 3 жылдан соң бас ауру мен баста шу есте сақтау бұзылысы пайда болған. Жұмысымен айналыса алмайды, өз жағдайына толық мән бере алмайды. Дұрыс диагнозды ата://
+ астениялық//
***
Анық бар заттар мен жағдайға қатысты қате деңгейдегі қабылдау қалай аталады?//
+ иллюзия
***
Инженер, 62 жаста соңғы 2 жыл бойы есте сақтау қабылетінің бұзылуы анықталады мысалы, көзілдірігін басқа да заттарды ұзақ уақыт бойы іздейді ара тұра жылайды, өзінің өзгергенін түсінеді. Дұрыс диагнозды ата://
+ атеросклеротикалық деменция//
***
Науқас 58 жаста церебральды атеросклероз бойынша емделуде. Көңіл күйі көп жағдайда тітіркенініштік күйде болады. Тез арада ашуланады, болмасын заттарға жылай қалады. Дұрыс симптомды ата://
+ дистимиялық
***
Нейролептиктермен емдеуде болатын неврологиялық асқынулар://
+ экстрапирамидтік бұзылыстар//
***
Галлюцинацияның қандай түрінде шұғыл психиатриялық көмек керек болады?//
+ императивтік галлюцинацияларда
***
Науқас денесінде анық емес әдеттегідей емес сезім барын айтады. Бұл аталады://
+ сенестопатия//
***
Науқас 20 жаста бір жеті бойына өз төсегіне өзі сыймай жүргенін айтады, өз денсімен бүкіл бөлмені алатынын, төбеге дейін жете алатынын, бірақта айнаға қарағанда ешқандай бұзылыстың барын анықтамайды. Науқаста қандай бұзылыс://
+ дене схемасының бұзылысы//
***
Ұзақ әсерлі β2 – адренорецептордың селективті агонистін белгілеңіз://
+ сальметерол//
***
β2 – адренорецептордың қысқа әсерлі агонистін көрсетіңіз://
+ сальбутамол//
***
Атиптік қоздырғыш табылған кезде (микоплазма, хломидиялар) қандай препарат таңдайсыз://
+ эритромицин//
***
Әсері ұқсас және қауіпсіз антибактериальды дәрілердің қосылуын көрсетіңіз://
+ пенициллин аминогликозиды//
***
Мукалитикалық дәріге жатады://
+ ацетилцистеин
***
Созылмалы бронхит фонындағы тыныс тұншықпасы кезінде тағайындалады://
+ ипратропиума бромид//
***
Амбулаторлық жағдайда гипертониялық криз кезінде көбіне қолданылады://
+ тіл астына каптоприл//
***
Пневмококқа аз белсенді антибактериальды дәріні көрсетіңіз://
+ левомицетин
***
Ұзақ қолданғанда остеопороз туғызады://
+ глюкокортикостероидтар//
***
Инфицирленгмен байланысты жара ауруларын емдеуде қандай препарат едәуір тиімді://
+ де-нол//
***
Қант диабеті бар үлкен жастағы адамдарда бета-блокаторды қолдану неге әкеледі://
+ қант диабетінің декомпенсациясына//
***
Созылмалы антисекреторлы әсері басым препарат://
+ омепразол
***
Каптоприл қандай дәрілік топқа жатады://
+ ангиотензин-ыдыратқыш ферменттің ингибиторы//
***
Орталық әсерлі гипотензивті дәріні белгілеңіз://
+ метилдофа//
***
Миотропты әсерлі гипотензивті дәріні белгілеңіз://
+ дибазол
***
Қандай антиангинальды дәрі жүректің жиырылу күші мен жиілігінің азаюн негізінде жүректің оттегіге қажеттілігін азайтады://
+ анаприлин//
***
Альфа-1-адренорецептордың тежегішін белгілеңіз://
+ празозин//
***
Ангиотензин рецепторының тежегішін белгілеңіз://
+ лозартан//
***
Миокард инфаркты кезенде қарыншалық аритмияны басу үшін қолданылады://
+ лидокаин
***
Қандай антигипертинзивті препарат рефлекторлық тахикардияны тудырады://
+ коринфар//

***
Рениннің түзілуін және бөлінуін азайтатын дәріні белгілеңіз://


+ каптоприл//
***
Қандай антигипертензивті дәрілерді бірге қолдануға болмайды://
+ анаприлин верапамил
***
Мына дәрі психикалық депрессия туындыруы мүмкін://
+ клофелин//
***
Асқазан жарасы ауруы кезінде қолдануға болмайды://
+ резерпин//
***
Өкпе түбірінің бір жақты ұлғаюы қандай ауруда жиі кездеседі?//
+ кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі//
***
Өкпеде ыдырау қуысты 1,5 см диаметрлі фокусты және улану әлсіз симптомдары бар науқаста қандай диагноз неғұрлым тән?//
+ туберкулема//
***
Туберкулинге сезімталдығы виражды балаға фтизиатрдың тактикасы қандай?//
+ химиопрофилактика//
***
Келесі нәтижелерде градуирленген туберкулин сынамысы қандай типті реакцияға жатады: бақылау – теріс, 1% - 10 мм, 5% - 10 мм, 25% - 5 мм, 100% - теріс?//
+ парадоксалды//
***
Егер қақырықта ТМБ болмаса, онда инфильтративті туберкулезді және бейарнамалы пневмонияны ажырату анықтамада аурудың этиологиясын анықтауға неғұрлым көп мүмкіндік беретін келесі://
+ қабыну өзгерістерінің сіңу жылдамдығы
***
Науқас П., 49 жаста, СОӨА (ХОБЛ) ауыратын, аз мөлшерлі қақырықты таңертең тұрақты бөледі, соңғы 2 апта бойы оның мөлшері көбейді. Және де қарапайым физикалық жүктемеде шаршау белгілері пайда болды. Сәулелік әдістермен тексергенде тыныс мүшелерінің туберкулезіне күдікті болған және диагнозды шешу үшін тексеру тағайындалған. ТМБ адамдық типі келесі анықтау кезінде табылған://
+ қақырықты қоректі ортаға себу//
***
24 жасар, З. науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін://
+ арнайы туберкулезге қарсы емді тағайындау//
***
Науқас Т., 42 жаста, шашыранды өкпе туберкулезінің инфильтрация фазасы ТМБ-, клиникалық белгілерімен туберкулезге қарсы бөлімшесіне түсті. Туберкулин сынамасына реакция теріс болды. Науқас бөліністерінде ТМБ анықталған, туберкулин сынамасының нәтижесі алдынғы қойылған диагнозын дәлелдеуге тура келді://
+ теріс анергия//
***
ТМБ-пен I категорияға есепке алынған, интенсивті фазада 2 айға емді үзген, қақырықта тағы ТМБ+ науқастың емдеу нәтижесін анықтаңыз://
+ үзілістен кейін емдеу
***
Өкпенің шашыранды зақымдануының диагнозың верификациясы үшін қандай әдісі неғұрлым нәтижелі болып табылады?//
+ өкпе ұлпасын гистологиялық зерттеу//
***
Қандай ауруда инфильтративті өкпе туберкулезімен ажырату диагностикасының қажеттілігі неғұрлым жиі туады?//
+ жоғарғы бөліктік пневмония
***
Қанша уақыттан кейін ТМБ мен жұққандықтан бастап туберкулинге оң мәнді реакция пайда болады?//
+ 6-8 апта//
***
Қандай жанама көрсеткіш микобактерияның өгіздік түрінің өте жиі кездесетінін білдіреді?//
+ өкпеден тыс туберкулездің меншікті үлесі 5% жоғары//

Алғашқы туберкулезді комплекстің қандай рентгенологиялық сатысына мына көрініс тән: кеңіген өкпе тібірімен қосылған, оң өкпенің S4 айқын емес шетімен орташа интенсивті қараю көрінеді?//


+ пневмониялық//
***
47 жасар, Г. науқаста, туберкулезге қарсы емнің негізгі курсын нәтижелі жүргізу үстінде қан анализінде ЭТЖ 50 мм/с дейін жорғарылауы, рентгенограммада – оң өкпенің жоғарғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталды. Тағайындалған тексеру ішінде ең нәтижелі болатыны://
+ қақырықты ТМБ-ға зерттеу//
***
Науқас ауруханада емделіп жатыр, рентгендік тексеруде өкпенің шашыранды зақымдалуына күдік болған. Диагноз дәлелдеуге қандай зерттеу неғұрлым пайдалы?//
+ БАЛЖ алу, қақырықты ТМБ-ға зерттеу//
***
20 жасар студентті алдын алу тексеруде, 2 ТБ-мен туберкулиндік Манту сынамасына оң реакция байқалған. Туберкулинді енгізу орнында – везикула. Бұрынғы туберкулин сынамасы және БЦЖ егу туралы мәліметтер жоқ. Сынаманың нәтижесі бойынша қортынды жасаңыз://
+ туберкулезбен улану//
***
Қандай емдік тактика алғаш өкпе туберкулезі ТМБ+ анықталған науқас үшін оптималды болып табылады?//
+ 2-4 айлық интенсивті фаза, 4 (7) айлық демеуші фаза//
***
Екі өпке алаңында диффузды пневмосклероз фонында әр түрлі өлшемді және интенсивті ошақты қараюлар туберкулездің қандай түріне тән?//
+ созылмалы шашыранды//
***
Бактерия бөлмейтін белсенді, ыдыраусыз алғашқы анықталған өкпе туберкулезінің (категория III) химиотерапия ұзақтығы://
+ 6 ай//
***
Егер қақырықта ТМБ болмаса, онда инфильтративті туберкулезді және бейарнамалы пневмонияны ажырату анықтамада аурудың этиологиясын анықтауға неғұрлым көп мүмкіндік беретін келесі://
+ қабыну өзгерістерінің сіңу жылдамдығы
***
Клиникалық симптомокомплексі неге неғұрлым сәйкес: кенеттен кеуде шаншуы, үдемелі ентігу, көгеру, өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, өте әлсіз тыныс?//
+ спонтанды пневмоторакс//
***
18 жасар науқаста мына рентгенологиялық көрініс туберкулездің қандай түріне тән: өкпе түбірімен жолмен байланысқан,оң өкпенің ортаңғы бөлігінде орташа интенсивті шеті айқын емес диаметрі 3 см инфильтративті сипатты қараю көрінеді. Төменгі бөліктік қолқаның проекциясы тарылған?//
+ алғашқы туберкулезді кешені//
***
Деструктивті туберкулезді абсцестен ажырату анықтау кезінде ем жүргізу тиімді://
+ кең спектрлі әсерімен антибиотиктермен//
***
Науқас 38 жаста, соңғы 1,5 айдан бері кешке қарай тұрақсыз t – 37,2°С дейін, тәулігіне 10-15 мл қақырықты жөтел, әлсіздік. Дәрігерге қаралмаған, үйде емделгеннің әсері болмаған. Біртіндеп көңіл-күйі және жалпы халі нашарлаған – ентігуі өршіген, қақырығы көбейіп, қанды жөтел пайда болған. Емханаға қаралып, өкпеден бірінші рет өзгеріс табылған. Жалпы шолу R-граммасында оң өкпенің ұшынан ІІІ қабырғаға дейін көптеген әртүрлі өлшемдегі және интенсивтіліктегі әр жерінде бірігіп жатқан түйінді және фокусты дақтар. Сол жағында өкпе ұшынан ІV қабырғаға дейін гомогенді емес фокус түріндегі қалың қабынулы инфильтрация, көптеген жарықтанулар; полиморфты түйіндер; төменгі бөлімдерінде өкпе суреті күшейген, көкет күмбезі өзгермеген. Манту 2 ТБ – 8 мм. Осы деректердің негізінде қандай диагноз болжанады?//
+ шашыранды өкпе туберкулезі//

***
43 жастағы науқас С., кешке қарай дене ыстығының 37,2°С дейін көтерілуімен, әлсіздік, ірінді қақырықпен жөтел, тәбетінің төмендеуімен (салмағы 5 кг түскен), шағымдарымен ауруханаға түскен. Соңғы 5 ай бойы ауырады. Дәрігерге екі мәрте қаралған: Созылмалы бронхиттің қозуы (науқаста ұзақ уақыт шылымқорлық анамнез), антибиотикотерапеяның қайталанған курсы жүргізілді. Науқастың хал-күйі жақсармады. Бір ай бұрын дәрігерге қайта қаралған. Рентгенде – оң өкпенің ортанғы бөлігі проекциясында диаметрі 3 см контуры айқын емес, сақина тәрізді дақ анықталған. Қуыс қабырғасының қаттылығы – орташа. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде жұмсақ түйіндер көрінеді. Осы мәліметтердің негізінде қандай диагноз қоюға болады?//


+ оң өкпенің кавернозды туберкулезі//
***
19 жасар, Н. науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін://
+ арнайы туберкулезге қарсы емді тағайындау//
***
Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы БК+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз://
+ 2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу//
***
Науқас В., 36 жаста, СОӨА (ХОБЛ) ауыратын, ыдыраусыз ошақты өкпе туберкулезімен ауруханада ем қабылдауда. 3 күнде клиникалық жақсару байқалғаннан кейін, дене қызуы 38°С дейін көтерілуі, аз бөлінетін жөтел пайда болды. Науқас жағдайы нашарлауының себебін дәлелдеу үшін, қандай тексеру әдістерін жүргізу қажет?//
+ қосымша микрофлораның сезімталдығына қақырықты себу
***
Науқас В., 50 жаста, жедел жәрдем бригадасымен туберкулезге қарсы диспансерге қан аралас қақырық және жөтелге шағымданумен жатқызылды. Ыдырау фазасы келесі зерттеу кезінде объективті дәләлденді://
+ сәулелік әдістер//

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   318




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет