05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет37/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44


1 анод; 2 шыны баллоң; 3 тор; 4 тор оралған траверсалар; 5 катодты торға қарағанда бір келкі ұстап тұратын изолятор; 6 катод; 7 центрлеуші стерженнің (8) ұшы орын ауыстырып тұратын изолятор.

71-сурет. Жұмыс режиміндегі триод.

анодтық кернеуге тәуелділігін көрсететін шамалар триодтың параметрлері деп аталады. Олардың ішіндегі негізгілері: характеристиканың тіктігі, айнымалы токқа жасалатын ішкі кедергі, күшейту коэффициенті және өтімділік.

Күшейту коэффициент:

M=U/I

(Iа = const болғанда). (35)



Бұл атаусыз сан.

Күшейту коэффициенті анодтық тоққа торлық кернеудің өзгеруі анодтық кернеудің өзгеруіне карағанда, неше есе күштірек әсер ететінін көрсетеді. Әр түрлі триодтарда, олардың конструкциясына қарай, күшейту коэффициентінің шамасы 4-тен 100-ге дейін болады.

Характеристиканың тіктігі анодтық кернеу өзгермей, торлық кернеудің өзгеруі бір вольтқа тең болғанда лампының анодтық тогы қаншалықты өзгеретінін көрсетеді:

S=I/U (36)

(Ua = const болғанда).

Триодтардың көпшілігі үшін S=(l-i-20) ма/в Ішкі кедергі R=U/I, (37)

(і/т = const, болғанда).

Бұл шама триодтарда бірнеше жүздеген және мыңдаған омға жетеді. Бұл параметрлердің бәрі де мына тәуелділікпен байланысты екенін байқау қиын емес: M=S/R (38)

Күшейту коэффициентов кері шама лампының өтімділігі деп аталады. Ол:

D = 1/M (39)

Сөйтіп, өтімділікті анодтық токты бірдей өзгеріске келтіретін торлық кернеудің өзгеруінің (AUT) анодтық кернеудің өзгеруіне (AUa) қатынасы ретінде анықтауға болады. Қазіргі кездегі триодтарда

D= (0,25-0,01).

Триод параметрлерін бірнеше анодтық немесе анодты – торлық характеристикалар тобы (үйірі) негізінде графикпен анықтауға болады. 72-суретте әр түрлі екі торлық кернеу кезінде алынған екі анодтық характеристика көрсетілген. Олардың біреуінің түзу сызықты участогынан А нүктесін белгілеп, ол арқылы абсцисса мен ордината осьтеріне параллель түзу жүргіземіз. Сонда ADB характеристикалық үшбұрыш аламыз. Осы үшбұрыш арқылы лампының параметрлерін анықтауға болады:

M=U=U-U/U-U



72-сурет. Триодтың пара-метрлерін графикпен анықтау.

Вакуумдық триодтар да диодтар сияқты маркирленеді, бірақ белгілеудің екінші элементі С (триод) немесе Н (қос триод) әріптері болып келеді. Бірнеше жылдан бері триодтардың тіктігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізіліп келді. Өйткені лампының күшейткіш қабілеті, сондай-ақ телевидениеде, радиолокацияда, автоматикада және басқа мақсаттар үшін қолданылатын әр түрлі электрлік импульстарды аз бұрмалап күшейту мүмкіндігі оның характеристикасының тіктігіне байланысты. Бұл сияқты тіктігі арттырылған лампыларға тіктігі 20 ма/в шамасындағы 6СЗП және 6С4П мен тіктігі 45 ма/в 6С15П триодтары жатады.

Лампылар тағы да бірнеше параметрлерімен: қалыпты қоректендіруші кернеуінің шамасымен, эмиссия тогымен, қызмет ету мерзімімен, анодта шығындалатын максимал рүқсат етілетін қуатымен, электродтар аралық сыйымдылықтық мәнімен және баска мәліметтермен сипатталады.

7. Тиратрондар

Тиратрон - қыздырылатын катодты, анодты және басқарушы торлы газ толтырылған триод. Доғалық разрядты тиратроны ың қыздырылатын катоды болады, ал басқарушы торы тесіктері бар металл диск түрінде жасалады (73-сурет).Тиратронның жұмыс істеу принципі жағынан вакуумдық триодтардан



73-сурет. Тиратроиның құрылысы:

1 катод; 2 жылулық экран; 3 Top; 4 анод; 5 цоколь; 6 баллон.

бір ғана өзгешелігі бар. Ол тиратрон торындағы кернеу, катод пен анод арасында газ разряды пайда болғаннан кейін, анодтық токты басқармайтындығы.



Алайда, тордағы теріс кернеудің шамасын өзгерте отырып, тиратронның жағу кезеңін басқаруға болады. Бұл заңдылық тиратронның іске қосылу характеристикасын көрсетеді (74-сурет). Сөйтіп, тиратронда тор тек анодтық токты қосу қызметін ғана атқарады. Сондықтан тиратрондар мол токты тізбектерді қосатын шағын қуатты релелер ретінде қолданылады. Тиратронды сөндіру үшін анодтық тізбекті ағыту керек немесе анодтағы кернеуді төмендету қажет. Солғын разрядты тиратронда (суық катодты) анод пен катод арасына, іске қосатын анодтың немесе жандыру электродының торы деп аталатын, үшінші электрод қойылады (75-сурет). Электродтар арасындағы қашықтық және газ қысымы катод пен тор арасындағы разряд, анод пен катод арасындағы разрядқа қарағанда, әлдеқаида төмен кернеуде паида болатындай етіп, ал анодтың жеткілікті кернеуі бол-ран кезде разряд соған ауысатындай етіп таңдап алынған.

74-сурет. Тиратронды іске косу характеристикасы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет