№1 билет
1. Бронхит дегеніміз не ? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы.
Бронхит – бронхтардың кілегей қабаттарының қабынуы немесе тітіркенуі.
Оның екі түрі болады:
-жедел
-созылмалы
Жедел бронхит – қысқа мерзімді болса, созылмалы – өмір бойы ұзақ ауру.
Этиологиясы: жедел:
Инфекциялық факторлар – вирус(тұмау), инфекциялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк, Фридлендер пневмобациласы)
Физикалық факторлар – құрғақ, ыстық, және мұздай ауа әері
Химиялықфактор – қышқыл, сілтілердің булары, улы газ
Аллергиялық факторлар – шаң тозаң, өсімдіктер
Созылмалы: дұрыс емделмеген жедел бронхит, тонзиллит, ринит, фарингит, синусит, темекі түтіні, маскүнемдік, шаң тозаң, салқынтию, жүрек пен өкпенің созылмалы аурулары, ауа ластануы, кәсіптік зиян заттар газ, мұңай сияқты.
Клиникасы: жедел: әлсіздік, арқа, кеуде, аяқ қол, бұлшық еттерінің уырсынуы, шамалы қалтырау, температура бірнеше күн субфебрильді. Мұрын бітеді, дауыс қарлығады, тамағы жыбырлайды, кеудесі ауырады, жөтел әуелі құрғақ, кейін қақырықты, екі үшінші күні ққырық түседі, кейде қан қақырады. Бронхтар қақырықпен бітелсе ентігу. Перкуссия өзгеріссіз, аускультация – сырыл.
Созылмалы: негізгі симптомы жөтел, қақырық тастау, ентігу.
Қақырық әсіресе таңертенгі уақытта, күш түссе ентігу, мазасыз, тез шаршау, терлеу. Өршігенде – жөтел күшейіп, температура көтеріледі. Асқынбаған түрінде обьективті тексеруде еш өзгеріс жоқ.
Обструктивті түрі дамыса – ұстамалы жөтел, экспираторлық ентікпе, аускультацияда қатаң тыныс, сырыл.
Пневмосклероз, өкпе эмфиземасы және өкпе жүрек жетіспеушілігі қосылса мойын веналары ісінеді, цианоз, тырнақтары сағат әйнегі сияқты.
Диагностикасы: жедел:
Қанда лейкоцитоз 10-12 х 10^ 9 л, ЭТЖ жоғары 15-20 мм сағ. Өкпе рентгенографиясында айқын өзгеріс жоқ, кейде өкпе түбірінің кеңеюі.
Созылмалы: аускультацияда – әлсіз ввезикулалық немесе қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, дыбыссыз ылғалды сырыл.
ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары
Рентгенография – пневмосклероз, өкпе эмфиземасының белгілері анықталады.
Бронхография – бронхтың деформациясы байқалады.
Бронхоскопия – катаральді, іріңдң, гипертрофиялық ,атрофиялық бронхит анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |