№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Инфаркт миокарды дегеніміз не? Клиникасы,диагностикасы



бет37/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ответы терапии-1
1 Методы решения целых алгебраических уравнений, фтиз. 21.12.21-1, тттт
2. Инфаркт миокарды дегеніміз не? Клиникасы,диагностикасы.
Инфаркт миокарды дегеніміз не? Клиникасы,диагностикасы.
Миокард инфаркты- кенеттен коронарлық қан айналымының миокардтың оттегіде қажеттілігін қамтамасыз ете алмауынан дамитын жүрек бұлшық етінің некрозы. Миокард инфаркты кең тараған ауру кененттен болатын өлімніғ ең жиі себебі.
Клиникасы: кезеңдермен сипатталады:
1Кезеңі – жедел. Бірнеше сағаттан бір-екі тәулікке дейін. Ауырсыну кенет басталып, төс арты аймағы күйдіріп ауырып, сол жағына беріледі, нитроглицериннен қайтпайды. ауырсыну отыз минуттан артық, мұздай тер, қорқыныш үрей басады. Ауырсыну күшті болғандықтан кардиогенді шок дамиды: терісі боз, еріні көк, аяқ қолдары мұздай, АҚҚ төмен, пульс жиі, ырғақты, жіп тәрізді болады. Аса ауыр жағдайларда дистанциялық сырылдардың қосылуымен демікпе пайда болады (өкпе ісінуінің даму мүмкіндігі). Аускультацияда жүрек тондары тынық, жүрек ұшында систолалық шу (папиллярлы бұлшықеттер некроздалса), «шоқырақ ырғағы» болуы мүмкін. ЭКГ да:
- iрi ошақты инфаркта монофазалы қисық (Парди доғасы) тән
- кішкенеошақты инфаркта Т тісшесі өзгереді - теріс болады,S-T изосызықтан төмен (28 а сур).
ЖҚА: бірінші сағаттарынан басталып 1 аптаға дейін сақталатынлейкоцитоз, тропонинді сынақ оң болады, МВ-КФК белсенділігі жоғарылайды, 1 тәуліктен кейін аса жоғары болады.
II кезеңі - жедел (10-14 күн). Некроз нәтижесінде қанға кардиомиоциттердің бұзылунан пайда болатын заттар сіңіп, асептикалық қабыну белгілері пайда болады: дене қызуы көтеріліп,қан анализінде - лейкоцитоз солға ығысуымен (10-15 мың.),эозинопения, АСТ, АЛТ, сиал қышқылдарының жоғарылауы, С-реактивті белоктың пайда болуы (1 ай бойы сақталады).Асқынбаған миокард инфарктында пациент жағдайы біртіндеп жақсарады - ауырсыну басылады. Әлсіздік, ауаның жетіспеуі, жүректің қағуы сақталады. Жүрек тондары тынық, жүрек шекаралары солға кеңейеді. 5-7 күннен кейін лейкоцит саны қалпына келеді, ал ЭТЖ 2-ші аптаның соңына дейін 20-40 мм/сағ жоғарылайды- оны «қайшы» симптомы деп атайды. Бұл күндері С-реактивті белок көрсеткіштері максимальды болады.
ЭКГда:
-Q тісшесі кеңейеді, ST сегменті төмендеп, изосызыққа жақындайды, теріс Т-тісшесі қалыптасады (28в сур). ЭКГ-ны дұрыс бағалау үшін бұрынғы электрокардиограммалармен үнемі бақылап, салыстыру қажет.
Ш кезең - жеделдеу немесе тыртықтану (15-20 күннен кейін басталып 4-6 аптаға созылады -29 сур). Бұл кезеңде асқы-нулары болмаса қан көрсеткіштері қалпына келеді. Пациент жағдайы біртіндеп жақсарады. ЭКГда:
- патологиялық (терең) Q тісшесі (тыртық көрсеткіші);
- R тісшесінің төмендеуі (немесе R тісшесінің жойылуы);
- ST изосызықта болуымен,
- теріс «коронарлық» Т-тісшесімен сипатталады.
ЭКГда бүл өзгерістер көп жылдар, кейде өмір бойы сақталады.
IY кезең - инфарктан кейінгі немесе реабилитациялық (қалпына келу - 6 айдан 1 жылға дейін). Бүл кезеңде бүлшықет талшықтарының және жүрек бөлімдерінің компенсаторлық гипертрофиясы дамиды. Көрсетілген кезеңдер трансмуральды миокард инфарктына тән. Кішкене ошақты миокард инфарктыны - «Q тісшесісіз инфаркт» деп атайды. Ағымы және клиникасы айқын емес. ЭКГ өзгерістері жойылуы мүмкін, өйткені кішкене фиброз ошақтары гипертрофияланған көрші кардиомиоциттермен жабылады.
Диагностикасы
ЖҚА- алдымен лейкоцитоз, кейін ЭТЖ жоғарылайды.
БҚА- КФК , ЛДГ, АЛТ, АСТ жоғарылайды тропонинді комплекс анықталады
Холестерин үшглицеридтерді анықтау
Креатинин, мочевинаны анықтау

Аспаптық зерттеу


ЭКГ
УДЗ
Рентгеноскопия
ЭХОКГ
Коронография

Емі:


  1. Наркотикалық анальгетиктер: Морфин

  2. Ацетилсалицил қышықылы шайнату

  3. Тромболизистік ем: стрептокиназа, урокиназа, немесе гепарин

24 билет



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет