1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет20/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

8- Дәріс
Финоценоз экологиясы

    1. Фитоценоздың тіршілік ортасы (биотоп)

Әрбір фитоценоздың орналасқан территориясын оның тіршілік ортасы немесе биотоп деп атайды. Тіршілік орнын «тұрғын орны»деген түсініктен ажырата білу керек. Тұрғын орны деп фитоценоздың кеңістіктегі жағдайын айтамыз, ол олардың географиялық координаттарымен анықталады. Тіршілік орны дегеніміз – географиялық және топорафиялық түсінік ғана емес, биосфераның осы фитоценоз орналасқан бір бөлігі, сонымен қатар экологиялық және фитоценологиялық түсінік болп табылады. Тіршілік орны дегеніміз – фитоценодың тіршілік етіп жатқан террияториясының экологиялық жағдайының жиынтығы, соның ішінде фитоценоздың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған жағдайлар. Жер бетіндегі өлі табиғат ортасының физикалық-химиялық өзгерістері абиотикалық факторлардың үлесімділігі мен сипатталады. Бұл экотопдеп аталады. Өсімдітердің, жануарлардың және микроорганизмдердің пайда болуына байланысты экотоп өзгеріп биотопқа айналады.
Биотоп немесе тіршілік орны – күрделі экологиялық факторлардың кешені. Оны төменгі топтарға бөлуге болады.
Экотоп – белгілі аймақтардағы өсімдіктер пайда болғанға дейінгі бейорганикалық ортаның абиотикалық жағдайларының жиынтығы. Бұған жататындар: климат, топографиялық жағдай, геологиялық жыныстар, олардың физикалық және хмимялық қасиеттері, гидрологиялық жағдайы.
Биогендік факторлардың кешені – өсімдіктердің өзара, микроорганизмдердің және жануарлардың, яғни биотикалық ортаның әсерінен пайда болған ортаның қасиеті.
Табиғи-тарихи факторлар және уақыт факторы: өткен замандағы климаттың, топырақ және груттың құрылуыдағы кезеңдердің геологиялық тарихының, флорасы мен фаунасының тарихы, қазіргі тіршілік жағдайының ұзақтығына әсерін қарастырады.
Антропогендік факторлар – адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде туындайтын факторлар.
Барлық фактолар өсімдіктерге әсер етуіне байланысты организмге тікелей әсер ететіндер (жарық, жылу, ауа, су, минералды қоректену) және жанама (тоқталған факторларға әсер етіп, солар арқылы өсімдіктерге) әсер ететіндер болып бөлінеді. Бірақ бір факторлар бір жағдайда тікелей әсер етіп, ал екінші бір жағдайда жанама әсер етуі мүмкін. Мысалы, аймақтың жер рельефіндегі орны жанама фактор, себебі ол жарықтың, жылудың, судың мөлшеріне әсер етеді, сондықта олар тіршілк орнының жылу, ау, су тұз режимдері арқылы өсімдіктерге әсер етеді. Кей жағдайда аймақтың рельефтегі орны тікелей әсер етуші факторлар болуы мүмкін; мысалы тау баурайларының тік жарлары өсімдіктердің орналасуына қиынтық жасап, кейде тіпті мүмкін; мысалы тау баурайының тік жарлары өсімдіктердің орналасуына қиындық жасап, кейде тіпті мүмкіншілік бермеуі мүмкін. Тікелей әсер ететін факторларды экологиялық-физиологиялық немесе негізгі факторлар депте атайды. Мысалы, су жеткіліксіз болса, оны қоректік заттардың мөлшерін көбейтумен толықтыруға болмайды.
Экологиялық факторларды абиотикалық немесе физикалық-географиялық (климат, топырақ, химиялық қасиеттері, т.б.) және биотикалық (фитогенді, зоогенді, антропогенді) топтарға бөлу әдісі кең тараған. Бұл факторлардың өсімдік тіршілігіне әсер ететін жағына келетін болсақ, оларды бірінші әсер етушілер және кешенді әсер етушілер деп бөлуге болады. Екі топтың қатынасына көңіл аударсақ: жылу факторлар (температура жағдай) климатқа, фитоценоздың микроклиматына, орографияға және жер бетітінің ерекшелігіне тәуелді, ылғал (су) факораында бірінші кезекте климатқа және фитоценоздың микроклиматына, байланысты орографиялық және биотикалық факторлардың да әсері кем емес.
Негізгі басты экологиялық факторлармен бір-бірімен тығыз байланысты. Әдетте, олардың біреінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеп соғады.
Экологиялық фактор немесе фактолардың кешені өсімдік оногенезінің әр фазасында әсер етуі әр түрлі. Дарақтың экологиялық қасиеті олардың жасына және тіршілігіне тәуелді.
Тіршілік ортасына байланысты фитоценозды шартты түрде төмендегідей топқа біріктіруге болады (М. В. Марков, 1962):

  1. климаттық фактордан туындайтын климатогендік жағдайлар;

  2. топырақтың факторлардан туындайтын эдофогендік жағдайла;

  3. аймақтың рельефін анықтайтын орогендік жағдайлар;

  4. қазіргі геологиялық процетерге байланысты геологиялық жағдайлар;

  5. тірі организмдердің әсерінен туындайтын биогендік жағдайлар;

  6. адамзат қалыптастыратын антропогендік факторлар

Климаттық акторларға – атмосфералық ауаның температурасы, ылғалдылығы, желдің бағыты, желдің кші, жауған жауын-шашынның мөлшері жатады.
Жарықты экологилық фактор ретінде қарайтын болсақ, жарықтың түсу қарқыны, жоғарыдан түсетін жарық бірілігінің сапасына байланысты. Жарықтың түсуі тек географиялық кеңісікке байланысты емес айға, уақытқа байланысты. Жарық өсімдіктердің тіршілігі үшін өте маңызды екені белгілі, өсімдіктердің организмдегі фотосинез, тыныс алу, минералдық қоректенуә, су режимі, т.б. жатады. Өсімдіктердегі ассемиляциялау қарқыны әркелкі болады. Мысалы, картоп, томат, қант қызылщасында жоғары болса жоғары болса, шыршада төмен.
Жарыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға біріктіруге болады:

  1. жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер);

  2. көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер);

  3. көлеңке сүйгіш өсімдіктер.

Суды экологиялық фактор ретінде қарастыратын болсақ, жауын-шашындардың ұзақтығы, уақытқа байлынысты олардың ауытқуы, атмосферадағы су буы қарастырылады. Әдетте, тірі оганизмдердің денесі 50-98% судан тұрады. Протоплазмадағы су өсімдіктердегі маңызды процестерге қатысады, оның азаюы өсімдіктердің өлуіне әкеп соғады. Өсімдіктердің ішінде мүктер мен қыналар ғана ұзақ уақыт сусыздыққа төзімді келеді. Өсімік организміндегі су клеткалар мен ұлпадардағы су алмасу процесіне қатысады. Жоғары сатыдағы өсімдіктер өздерінің бойындағы суды реттей алады, ал юалдырла, саңырауқұлатар мен қыналардың бойындағы су режимі сыртқы ортамен тікелей байланысты болады. Осыған байланысты Г. Вальтер жоғары сатыдағы гомойогидридтік өсімдіктер (тіршілігінде суды реттей алатын өсімдіктер), төменгі сатыдағыларды және мүктерді пойкилогидридтік ( су режимін реттей алмайтын өсімдіктер) өсімдіктер деп атады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет