1 II. Негізгі бөлім



бет3/4
Дата10.11.2022
өлшемі31,91 Kb.
#157448
1   2   3   4
Байланысты:
Сапалық және сандық әдістерге түсінік
эссе философия, Мақала, 22090958393, Абай эссе, 10 А,Ә,Б, патан 11 алия, диас фарм9
Химиялық әдіс - әртүрлі химиялық реакцияға негізделген. Сандық химиялық анализдің үш әдісі бар:

  1. Гравиметриялық (мөлшерлік).

Бұл - зерттелетін зат құрамындағы анықталынатын зат массасын дәл өлшеуге негізделген әдіс.

  1. Титриметрлік (көлемдік).

Бұл әдісте зерттелетін заттың сандық құрамын анықталынатын затпен әрекеттесуге жұмсалған концентрациясы белгілі реагенттің көлемін дәл өлшеу арқылы анықтайды.

  1. Газдық анализ.

Бұл әдіс – химиялық реакция нәтижесінде сіңірілетін немесе түзілетін газдың көлемін өлшеуге негізделген әдіс.
Химиялық сандық анализ классикалық әдіс болып табылады. Бұл – анық қанығына дейін зерттеліп өңделген және ары қарай даму үстіндегі әдіс. Ол нақты, қарапайым, арнайы аппаратура талап етпейтін әдіс.
Физикалық әдіс - зерттелетін зат немесе ерітіндінің физикалық параметрлерін зерттеуге негізделген сандық анализ. Бұл әдісте химиялық реакция орындалмайды.
Физика-химиялық әдіс - зерттелетін заттың химиялық реакция нәтижесінде пайда болған немесе өзгерген физикалық параметрлерін өлшеуге негізделген сандық анализ әдісі. Бұл әдістер анықтау шегінің төмендігімен және орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Арнайы аспаптар қолдануды талап етеді.

4
2.2 Аналитикалық реакциялар


Химиялық анализ кезінде реакциялар ерітінділерде жүргізіледі. Яғни тұз, қышқыл, негіз ерітінділерінде, бұлар электролиттерге жатады. Еру кезінде ерітінділер иондарға диссоциацияланады. Ерітінділерді бір-біріне құйғанда, иондар арасында реакция жүреді. Мысалы: күміс нитраты натрий хлоридімен әрекеттескенде күміс хлориді тұнбаға түседі.
NaCl+AgNO3=AgCl+NaNO3
Ag(+)+NO3(-)+Na(+)+Cl(-)=AgCl+Na(+)+NO3(-)
Ag(+)+Cl(-)=AgCl
Сонымен зерттелетін ерітіндіге басқа бір заттың ерітіндісін құйғанда, сырттай көрінетін эффектілермен жүретін (тұнба, газ, ерітіндінің түсінің өзгеруі) реакцияны сапалық немесе аналитикалық реакциялар деп атайды. Сондықтан талдау кезінде иондарды анықтау қажет. Ионды анықтау үшін қолданылатын затты реактив деп атайды.
Аналитикалық реакцияның қасиеттері: заттың еріп кетуі немесе тұнбаға түсуі, ерітіндінің түсінің өзгеруі, газ бөлінуі болып табылады. Аналитикалық реакция тез жүргізіліп, арнайы және сезімтал болуы қажет.
Тек бір ионға, не қосылысқа тән сыртқы эффектімен жүретін реакцияны спецификалық (арнайы) реакция деп атайды. Аналитикалық химияда бірдей эффектімен бірнеше ион қатысында жүретін реакциялар кездеседі. Ондай реакциялар жалпы немесе ортақ деп аталады. Мысалы:
Ba(2+)+CO3(2-)=BaCO3
Ca(2+)+CO3(2-)=CaCO3
Sr(2+) + CO3(2-)=SrCO3

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет