4-тоқсан бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/2
Дата01.05.2022
өлшемі1,43 Mb.
#141623
1   2
Байланысты:
7 сынып 4 токсан бжб
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН..., Лингвоконцептология диплом, test elektrotehnika
Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15 минут



Тапсырма

    1. Кестеде мысалға келтірілген дене қандай энергияға ие болатынын анықтаңыз және сәйкес бағанға « » белгісін қойыңыз.




Дене

Жер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясы

Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

Дененің кинетикалық энергиясы

Сығылған серіппе










Жерде домалап бара жатқан доп










Ауада ұшып жүрген диск










Жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағы










Гүлге қонып тұрған көбелек










Аспанда ұшып жүрген тырна










[6]



    1. Массасы 50 г тас жер бетінен 7 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суреттегідей, максимал көтерілу биіктігі 2,5 м-ге тең. Ауа кедергісі ескерілмейді және g = 9,8 Н/кг.

А) А, В нүктелеріндегі тастың энергиясын анықтап, кестені толтырыңыз.




Траектория нүктесі

А

В

Биіктік h, м

0

2,5






























[6]
b) Кестедегі мәліметтерді пайдаланып энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттаңыз.

[3]

Жалпы: [15]





«Күш моменті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру 7.2.4.5 - тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде анықтау







Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

15 минут



Тапсырмалар
1.

      1. Суретте көрсетілген қайшы мен қысқыштарды механизмнің қандай түріне жатқызуға болады?



      1. Неліктен осы құрылдардың саптарының ұзындығы әртүрлі болатындығын түсіндіріңіз.

[2]
2. Суретте иіндікке орналастырылған жүктер мен жүк тарапынан әсер етуші күштердің иіндерінің мәні берілген. Әр нұсқадағы иіндіктің тепе-теңдікте болатынын немесе сағат тіліне бағыттас/қарсы айналатынын анықтаңыз және кестеге жазыңыз.





[4]


3. Жұмысшы массасы 50 кг арбаны 80 см биіктікке 125 Н күш жұмсап, итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы 4 м.

a) пайдалы жұмысты анықтаңыз.


b) толық жұмысты анықтаңыз.
c) көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңыз.




[4]


Жалпы: [10]



«Жер және Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаттары

7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
7.7.1.2 - Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуын және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру







Бағалау критерийі

Білім алушы.

  • Гелиоцентрлік жүйені анықтайды

  • Күн жүйесінің нысандарын жүйелейді

  • Жердің айналу осінің көлбеулігі мен Жердің Күнге қатысты қозғалуына байланысты байқалатын өзгерістерді түсіндіреді




Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Білу және түсіну
Қолдану



Орындау уақыты

15 минут



Тапсырма

  1. Жер және Айдың орбиталары дұрыс көрсетілген гелиоцентрлік жүйені көрсетіңіз.

[1]



  1. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар Жер тобы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар деп екі топқа бөлінеді. Қай ғаламшар кай топқа жататынын көрсетіңіз.

Жер тобына жататын ғаламшарлар

Алып ғаламшарлар







[2]

  1. Жердің орналасуына сәйкес Қазақстандағы жыл мезгілдерін суретте көрсет.


a) қыс
b) көктем
c) жаз
d) күз
[1]
Жыл мезгілдерінің өзгерісін түсіндіріңіз
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]
Жалпы: [6]



«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта


A) 3 есе ұтылыс береді
B) 3 есе ұтыс береді
C) ұтыс та, ұтылыс да бермейді
D) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді
[1]
2. Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?

  1. Жер, Жер;

  2. Жер, Күн;

  3. Күн, Жер;

  4. Күн, Күн.

[1]
3. Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.

Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?





  1. жаз

  2. күз

  3. қыс

  4. көктем

[1]

4. Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.



[2]

5. Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал қайшы ұшынан күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді?


[3]
6. Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз.
[2]
7. Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g = 10 Н/кг.

  1. Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

[2]



  1. Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын жазыңыз.

[1]



  1. Доптың ұшу траекторияның жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

[1]



  1. Доптың көтерілу биіктігін анықтаңыз.

[2]

8. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.





h, см

l, см

Fауырлық, Н

Fтарту, Н

Aпайдалы, Дж

Aжасалған, Дж

ПӘК, %

20

50

3

2













  1. Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.

[1]

b) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.


[1]

c) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.


[1]

d) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.


[1]


Жалпы: [20]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет