Стоиктер
дегеніміз - көне қүлдык қоғамдағы материа-
лизм мен идеализм арасында ауытқып жүрген стоитизм деп ата-
латын философиялык бағыттың өкілдері. Грек философтарының
пікірінше, тіл аркылы көрінетін ақыл-оймен дүние болмысын
түсінуге болады, тілдің қүрылымы ойдың қүрылымын білдіреді,
87
сол себепті байымдау теориясы шындық болмысты көрсете ала-
тын сөйлемге негізделеді деген болжамдар жасалды. Ү-ХІҮ г.
схоластикалық гылым грек философтарының ізімен логика мен
грамматиканың арасын айырмады. ХҮІІ-ХІХ ғ. I жартысында
рационализмнің философиялық теориясы басым болып тұрғанда,
ойлау мен сөйлеудің теңдестігіне негізделіп жалпыға бірдей грам-
матикалар жасау идеясы күшейе бастады. Соның көрнекті үлгісі
ретінде 1660 жылы Әмбебап грамматика пайда болды. Дегенмен,
XIX ғасырдың өзінде-ақ логикалық категориялардың грамматикал ық
категорияларға сэйкеспейтіндігі көрсетіле бастады. Тіл біліміндегі
психологиялық бағыттың өкілдері
гр^м матикан ы ң логикага
негізделуін қайта қарастыруды үсынды. Соның нэтижесінде К. Ф.
Беккердің «Тіл организмі» деген еңбегі шықты.
Ғылымдағы логикалық бағыт теориялық тіл білімінің да-
муына әсер етпей қоймады, оның зерттеу аясын кеңейтті, талдау
эдістерін, қолданылагын үғымдар жүйесін, метатілді толықтырды.
Тіл білімінде табиғи тілді логикалық түрғыда талдайтын және
тілдік қарым-қатынастың логикалық мәселесін қарастыратын
бағыттар пайда болды.
Психологиялық бағыт, негізгі идеясы
Психологиялық бағыт натуралистерге қарсы күресте дүниеге
келді. XIX ғасырдың ортасында бүл бағытты қалыптастырған
1 Берлин университетінің профессоры Г. Штейнталь (1823-
1899). Өкілдері: А. Потебня (1835-1891), Г. Пауль (1846-1921) т.б.
Психологиялық бағыттың мақсаты — тіл ғылымындағы логикалық
және формальды бағыттар мен мектептерге қарсы болу, психо-
логияны әдістемелік ретінде тану, тілдің нақты қызметтері мен
жүмсалуын зерттеу. Тіл психологиясының нысаны - адамдардың
сөйлеу әрекетінде болатын психикалық үдерістер. Осы бағыт
өкілдері тілді тарихи жэне үнемі дамуда болатын қүбылыс ретінде
қарасты рға н.
Лингвистикалық психологизм өз ішінде қайшылықтары,
алалықтары жоқ, біртүтас көзқарас емес. Бүлардың басын
біріктіретін, ортақ концепция бар. Ол — тіл мәселелерін шешу-
Де
психологиялық қағидаларды басшылыққа алу. Психологиялық
88
бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, элеуметгік
психологизм деген екі бағытқа жіктелді.
Индивидуалистік психологизмнін ең негізгі өкілі - Гер-
ман ГІауль. Бүл бағыт тл біліміндегі натуралистік жэне логикалық
бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік қүбылыстардың барлыгын
жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне,
олардың ой-санасындағы өзгеріс-қүбылыстарына тэуелді етеді.
Г. Паульдың гйкірінше, жалпы халық тілі, біртүтас үлт тілі деген
_ жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықган тіл білімінің
міндеті - индивидуумның тілін зерттеу болды. Индивидуалистік
исихологизм тілдің коғамдык рөлін жокка шығарады. Тіл білімін
коғамдык ғылымдар тобынан бөліп алып, оның дербестігін жояды,
оны психологияға тэуелді, соның бір саласы деп санайды.
Ал, әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің
«ақикаг бар нәрсе - индивидуумдар тілі ғана» дейтін кағидаларына
қарсы болады, олар «тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы
да халық» дейді. Әлеуметтік психологизмнің негізгі өкілі - Г.
Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологиянң заң-ережелеріне
негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психоло-
гия жэне бүлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары»
(1855), «Психология
мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің
шығуы» (1851) сынды еңбектерінде баяндалған. Барлык психоло-
гистер сияқты тілді бүлар да психологиялық бақылаудың нысаны
деп санайды. Индивидуалдық психология халықтық психологияға
негіз болады. Халықтық психология - халық рухы жөніндегі ілім.
Халық рухы - адамдардың рухани әрекетінің қайнар көзі. Халық
дәстүрінен
жалпы әрекетінен көрінеді. Осылардың бәрі, соның ішіндетілде,
халық рухының жемісі, халыктық психологияның көрінісі.
психологиясы
эрекетімен байланысы, сөйлеу әрекетінің іске асу жолдары де-
ген мәселелерге ерекше мән береді. Психологизм көп жагдайда
лингвистикалық
тапдау
орнына
психологиялық
тапдауды
қолданады, сөйтіп, тіл білімін өзінің негізгі қызметінен айырады.
Психологизм — тілдік категориялардың барлығы да тек тілдік мате-
риалдар арқылы көрінетін, соны жамыпған психологиялық катего-
риялар деп санаиды.
89
Тіл біліміндегі психологиялық бағыт XX ғасырдың 50 жылда-
рынан бастап психологиялық лингвистика (психолингвистика) де-
ген атпен тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасты. Ол - психо-
логия мен тіл білімінің аралығында туған жаңа ілім. Бұл ілім алғаш
Америкада пайда болды.
(Псшолингвистика саласы туралы кеңірек
мәлімет «ХХ-ХХІ гасырлар тогысындагы тіл білімі» тарауында
беріледі).
■...
Натуралистік бағыт, иегізгі идеясы
Натуралистік ағым немесе биологиялық бағыттың көрнекті
өкілі А. Шлейхер - салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті
қалыптастырушының бірі. Ол «ИсследоваіАіе языков с точки зре-
ния сравнительного языкознания» деген еңбегінде славян, литва
тілдерін салыстыруда тарихи лингвистикалық әдісті қолданады.
Наіурализм жеке ағым ретінде өнерде, ғьшымда XIX ғасырдың II
жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда на-
туралистер дегендер - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жара-
тылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп ше-
шуге ұмтылушылар. Негізгі өкілі - неміс ғалымы Август Шлейхер
(1821-1869). А. Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл
философиясын қалыптастырушылардың, тіл деректерін салыстыру-
да дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап
еіушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушіпердің, тілдердің
типологиялық үқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-
жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі болған ғалым. Ол
тіл білімінде натуралистік бағытты қалыптастырды. Оның негізгі
идеялары «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі»,
«Дарвин теориясы жэне тіл білімі» атгы еңбектерінде айтылады.
Бүл еңбектерінде А. Шлейхер тілді тірі табиғи ағза деп танып,
ол туады, жетіледі, дамиды, қартаяды, өледі, жаратылыс заңдарына
бағынады, сондықтан тілді зерттегенде - жаратылыс заңдарын
басшьшыққа алу керек, тіл білімі жаратылыстану ғылымына жата-
ды, соның бір саласы деп қарайды. Оның тіл білімі жөніндегі бүл
түжырымы, әрине, қате. Бірақ оған қарамастан бүл бағыт өкілдері
тарихи лингвистикадағы жүйелілік принципі мен көне тілдерді
қайта жасау әдістерін үсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |