Оқушы бар зейінмен тыңдайды, жазады, көрсетеді. Өзін- өзі бағалайды, жеке топтың, бірлескен ұжымымен жұмыс жасауға құлшынады, ізденушілікке, ұжымдарды, заңдылықтарды қорытуға дәлелдеуге үйренеді., белсенділігін арттырады, сапалы білімге ұмтылады, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жақсара түседі.
“Нені дамыту керек” деген сұраққа жауап іздей отырып, баланың сезім түйсігін қабылдауы мен ынтасын , зейінін, есте сақтауын ұғыну, ойлау, қиялдау болжау қабілеттерін ашу. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін – өзі дамытатын жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсаты
Сыныбы: 5
Пәні:
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Фразеологизмдер туралы алған білімдерін тереңдету.
Ә) Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Б) Дамытушылық: өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, оқушылардың дағды, таным
белсенділігін арттыру.
Сабақ түрі: танымдық және жарыс сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап (түсіндіру, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс, мәтін құрастыру)
Сабақтың көрнекілігі:
Тұрақты тіркестерге арналған сызбалар, тақырыпты ашуға арнап салынған суреттер.
(жыл мезгілдерінің, төрт түлік малдың, адамның бейнесі)