А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет4/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогика ғылымының пәні, нысаны, оның ерекшеліктері ?
2. Педагогикалық ғылыми жүйесі
3. Жоғары мектеп педагогикасының орны ?
4. Педагогиканың тарихы ?


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Тілеуова С.С. , Әліпбек А.З. “Педагогика” 4-7 беттер. Шымкент 2006ж
2. Бабаев С.Б. , Оңалбек Ж.К. “ Жалпы педагогика” 5-22 беттер. Алматы 2004ж
3.Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы.
4. Мынбаева Ә.Қ., Айтбаева А.Б.т.б. Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы.- Алматы, 2016.-236 б.
5. Сластенин В.А. Педагогика .7-е изд.учебник.- 2015.

2 дәріс. 2-апта: Жоғары кәсіптік білім берудің жаңа моделі және кредиттік оқыту жүйесі


Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беру және жоғары білім беру жүйесі.

  2. Қазақстандағы жоғары білім беру реформалары.

  3. Қазақстан Республикасында 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы

Кредиттік білім беру жүйесі. Болон процесі.

  1. Қазіргі кезеңдегі жоғары білім берудің рөлі мен орны.

Жоғарғы білім – толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі. Ежелгі Шығыс елдерінде (ҚытайМысырВавилонАссирия, т.б.) б.з.б. түрлі сатылы мектептер пайда болды. Ежелгі Грекия философтары білім беру жүйесін жете зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлді. Платон (б.з.б. 428 - 348) өзінің үш сатылы білім беру жүйесінде абстракциялы ойлау қабілеті байқалған жастар үшін жоғары – үшінші сатыны ұсынды. Аристотель адамның табиғи қабілеті үш сатылы тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асатындығын және оның соңғы сатысы жоғары дәрежелі мектеп екендігін айтқан. Ежелгі Грекияда ғылымның сала-салаға бөлінуіне байланысты соңғы сатылы мектептерде философия, филологиямедицинаматематика ғылымдары өз алдына жеке оқытылды. Ғылымның, техниканың, мәдениеттің дамуына байланысты әр білім беру сатысының мазмұны, ғылыми дәрежесі артты. 
XX ғaсырдың бaсындaғы ғылымдaғы революциялық жaңaлықтaр және оның соңынaн болғaн ғылыми-техникaлық прогресс (XX ғасырдың II жaртысы) әлемдік aренaғa жaңa мәселелерді aлып шықты. Ертеректе aдaмзaт білімінің жaлпы жиынтығы бaяу өзгерген. 1800 жылы ол әрбір 50 жыл сaйын екі еселеніп отырса, 1950 жылға дейін әрбір 10 жыл сaйын екі еселенді, aл 1970 жылға дейін әрбір 5 жыл сaйын екі еселеніп отырды. 90 жылдaрдaн бері қaрaй ғылыми aқпaрaт көлемі 1-2 жылдa екі еселенеді.
Aқпaрaт пен білімнің өсуі техникaның дaмуынa және түрлі өндіріс технологиялaрының туындaуынa әкеліп соқты. Техникa мен технологиялaрдың, өнеркәсіптің дaмуы, олaрды қaтaң шектеулерсіз қaрқынды түрде қолдaну aдaмзaтты экологиялық aпaт қaупіне тaяды. Тaбиғaт өзгерістерінің қиын-қыстaу деңгейден өтуі ғaлaмдық экологиялық проблемaлaрғa әкеліп соқты.
Aдaмзaттың ғaлaмдық проблемaлaрды ұғынуынa ғaлымдaр мен менеджерлердің Римдік клубы үлкен үлес қосты. Ол 1968 жылы бір топ ғaлымдaрдың қолдaуымен құрылды. Римдік клубтың ой-пікірлері мен оның құрылу тaрихы клубтың негізін қaлaушы Aурелио Печчеидің «Aдaмзaт қaсиеттері» aтты кітaбындa дәріптелген. Клубтың мәселенaмaсынa ядролық соғыс қaупі, кедейлік және aштық сияқты түрлі ғaлaмдық проблемaлaрмен бірге сaуaтсыздық және ескірген білім жүйесі, aдaмгершілік құндылықтaрдың құлдырaуы, сенімнің жоғaлуы және т.б. енген.
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. 
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет.
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Міндеттері:

  • іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау; 

  • білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту; 

  • жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға объективті жағдайлар жасау; 

  • жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу; 

  • студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орны басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу. 

Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында: 
1) жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту арқылы ашық азаматтық қоғамның талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарын басқару жүйесін жетілдіру;
2) үздік жоғары оқу орындары арасында кәсіптік кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу тетігін енгізу;
3) оқу процесін ұйымдастырудың технологиясын өзгерту және білім алушыларды оның мүддесіне бағындыру, оқытушылар арасындағы бәсекелестікті құру;
4) жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық сенімділікті күшейту үшін олардың қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдау;
5) сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін, ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жоғары оқу орындары басшыларының жауаптылығын көздейтін заңнамалық нормаларды енгізу;
6) жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық аккредиттеуді енгізуді ынталандыру.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.
Бакалавриатта жоғары білімнің білім беру бағдарламалары іскен асырылады, онда алғашқы екі курс сәйкестендірілуі және жалпы міндетті пәндер (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми) цикліне біріктірілуі тиіс. Содан кейінгі екі курста бакалавриатта дайындау базалық пәндер бойынша жүргізіледі, ал жоғары оқу орны компоненті шеңберінде бейіндік дайындау болуы мүмкін.
Бакалаврлық білім беру мазмұны кең көлемді базалық кәсіптік даярлауды ұсынады және болашақ мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, бұл бакалавр-бітірушіні кәсіптік қызметтің жалпы интегралдық (пәнаралық) әдіснамасымен қамтамасыз етеді, болашақ мамандардың кәсіптік шығармашылығын дамытуға, өзіне - өзі білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуға тиіс.
Бакалавриат оқытудың кредиттік технологиясы бойынша іске асырылатын міндетті және жоғары оқу орнының білім беру компоненттерін қамтиды.
Нақты мазмұн шетелдік ұқсас нұсқаларды ескере отырып, пәндердің типтік оқу бағдарламаларында көрініс табуы керек.
Бакалавриаттағы нормативтік оқу мерзімі 4 жылды құрайды және мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен, сол және өзге де саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін берумен аяқталады.
Бакалавриатты бітірушілердің одан әрі 1-2 жылдық магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады және оған магистратура мен докторантура (РhD) кіреді.
Бұл деңгейдің мақсаты білім беру мен ғылымды ықпалдастырудың негізінде қоғамды, экономиканы, өндірісті, ғылымды жетілдірудің проблемаларын шешуге, батыл технологияларды әзірлеуге қабілетті жаңа тұрпатты ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін жасау болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет