А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


ХХІ ғасырдағы әлемдік білім берудің даму тенденциялары



бет5/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
ХХІ ғасырдағы әлемдік білім берудің даму тенденциялары.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі; адам капиталы мәнінің артуы; білім беру философиясы мен әдіснаманың жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б.; Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:
-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;
-терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемелекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторларды алып отыр:
-Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
-Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
-Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы;
-Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін жүйенің сақталуы.
-Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты. Еуропа кеңесінің (1992ж) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина; Өзбекстан және Балтық елдері таңдады. Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзіреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білі. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Когнитивтік құзіреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзірет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, байланыстың нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6.Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзіреттілігі – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзірет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды қарастырады.
7.Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілік. Бұл құзірет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзірет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады. Аталған құзіреттілікті игеру оқушының жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне ықпал етеді.
12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әлеуметтендіру мүмкіндігін кеңейтеді. Әлеуметтендіру нәтижесі – қазіргі нарық жағдайы мен өзінің өмірлік жолын моделдеу мүмкіндігінде белсенді икемділік таныта алатын, әлеуметтік тәжірибе негіздері мен адамзаттық қатынастар мәдениетін игерген мектеп түлегі.
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру/алу барлық елдерде өзекті мәселе болып отыр. Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, республикамыздың басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет саясат жағынантең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді.
«Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л.Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет»- деген орамды пікірі білім алу өмір бойы екенін аңғартып тұрғандай.
Тұлға бойында іскерлік пен біліктіліктің қалыптасуы оның барлық өмірін қамтуы тиіс. Қалыптасу – экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, педагогикалық және т.с.с. факторлардың әсер етуі нәтижесінде әлеуметтік мәнге ие тұлғаның жетілу үдерісі. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби, қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында табысқа жеткізе алмайтындығына, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек екендігіне тоқталған.
Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
Бүгіні таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда. Осыған орай үздіксіз білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқытудың маңызы зор. Бұрынғы дәстүрлі білім жүйесінде білім мазмұны, көбіне оқушының сұранысына және қоғамның қажеттілігіне керек емес фактологиялық материалдармен ақпараттардың басымдылығымен сипатталатын болса, үздіксіз білім беру жүйесінде білім мазмұны қоғамның даму мәселелерін алдын ала бейнелеуге және жеке адамның жан-жақты дамуына бағытталған.
Бұл оқу жүйесі оқытушы рөлінің өзгеруіне себепші болып отыр. Дәстүрлі білім жүйесінде оқытушының міндеті білім алушыға ақпаратты түсінікті түрде жеткізіп, ақпараттық-репродуктивті оқыту тәсілін пайдалану болса, ал үздіксіз білім беруде барлық топ үшін ендігі оқытушы жұмысы - білім алушылармен бірігіп әрекет ету тәсілімен оқыту үрдісін ұйымдастыру, кеңес беру, білім алу ісін тікелей басқаруға көмектесу болып табылады. Ал, білім алушы өзінің өмірлік жоспарларымен мақсаттарын іске асыру үшін қандай ақпарат қажет екенін және сол ақпаратты қайдан, қалай алу керектігін өзі шешеді де, оқытушы оған тек көмек көрсетіп, бағыт - бағдар беріп отырады. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзіндік ізденістері үздіксіз білімнің бір бөлігі. Кәсіптік білім – әрбір жанның қызмет саласында өз шеберлігін жетілдіруі, білімін шыңдап отыруы, сондықтан ол өмір бойы үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Егер білім жүйесін жобалау барысында, адамзаттың мәдени байлықтарына әрбір жеке тұлға өзінің субьективті қажеттілігі ретінде қарайтын болса, сонда ғана білімнің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Ендеше үздіксіз білім жеке адамның қабілетіне, бұрынғы алған мамандығына, білім деңгейіне қарамай-ақ жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына ұмтылуы деп бағаласақ, онда жеке тұлға үшін білім алу процесі тоқталуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет