А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет9/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы жоғары білім беру тарихы ?

2. Жоғары білім берудің қалыптасу кезеңдері ?
3. Кәсіби білім берудің мәні мен құрылымы ?
4. Жоғары мектепті реттеудің әдіснамалық тәртібі ?


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 18 қаңтар 1992 ж.

  2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Білім және ғылым хабаршысы, 2004, № 1, 3-18 б

  3. Подласый И.П. Педагогика. В 3-х книгах.- М., 2012

  4. 4.


  5. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика для магистратуры университетов.- Алматы, 2006.

  6. Сорокопуд Ю.В. Педагогика высшей школы.-Ростов н/Д:Феникс,2011.-541 с.

  7. https://kitap.kz/book/5227/read#epubcfi(/6/12[id6]!/4/202/3:190)

  8. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC

4 дәріс. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы


Жоспар:
Әдістеме ұғымы және педагогика әдіснамасының деңгейлері.
Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі.
Гуманистік педагогика әдіснамасының негіздері. Педагогика әдіснамасының ғылыми деңгейі. Педагогикалық зерттеулердің типологиясы. Педагогикалық зерттеу әдістері.


1. Педагогика ғылымындағы әдіснама туралы теориялар.
Әдіснaмa – ғылыми-тaнымдық әрекеттің құрылымы мен әдісінінің құрылу принципі турaлы оқу. «Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. «Метод», «әдіс»термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама — зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Ал, педагогиканың әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымы, білімдердің жүйесі, педагогикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу амалдары және білім алу амалдарының түрлері туралы білімдер жиынтығы.
«Әдіснама» – ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім. Білім беру мазмұны XVІІІ ғасыр соңында – XІX ғасыр басында білім беру мазмұнының негізгі теориялары қалыптаса бастады. Олар білім беру мазмұнының материалдық және формальды теориялары атағын алады. Білім беру мазмұнының материалдық теориясын жақтаушылар білімнің негізгі мақсаты оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру,- деп айтады. Көптеген атақты педагогтар Я.А.Коменский, Г.Спенсер, т.б. материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кезде осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Білім мазмұнының формальды теориясының жақтаушылары оқытудың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу, ақыл-ес, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттілігіне мән беру керек деген. Олар білімнің қайнар көзі ақыл болып табылады дейді. Сондай-ақ адамның ойлау қабілетін дамыту керек деп көрсетеді. Бұл теорияны Д.Локк, И.Г.Пестолоций, И.Гербарт, т.б. жақтайды.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық аппаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші деңгейде, жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.
Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің, әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.
Ал, жоғары мектеп педагогикасы мәселесі жалпы білімдер әдіснамасы (педагогика), жеке білімге (педагогика тарихы) катысты әдіснамалық бағдар ұсынады. Жалпы қағидалар (теория, ұстанымдар) жеке қағидаларды түсіндіріп, бағалап, олардың бағыт-бағдарын, жолдарын айқындап береді (Ж.Әбділдин, Б.Гершунский, Н.Никандров). Түптеп келгенде, нақты-ғылыми әдіснама ретінде педагогиканың заңдары, зандылықтар мен ұстанымдары педагогика тарихына негіз болады.
Әдіснамалық белгілеріне қарай жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы жеке ғылымилық тұрғыда педагогика ғылымына жатады; ал пәндік мазмұны жағынан педагогика тарихының, жоғары мектеп педагогикасының білімдерін жинақтайды, педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихы (пәні, оның міндеттері, ерекшеліктері) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдіс-тәсілдерін, қазақ этнопедагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар басқа ғылымдардың (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетістіктерін, тәжірибесін зерттеу жұмыстарын да пайдаланады.
Кез келген ғылым сaлaсы әдіснaмaмен (методология грек сөзі metodos – зерттеудің немесе тaнымның жолы, теория және logos – сөз, ұғым, ілім дегенді білдіреді), сондай-ақ осы әдіснaмa сaлaсындaғы өзгерістермен тығыз бaйлaнысты. Ғылыми тaнымның сaпaсы дa осы әдіснaмaның дaму деңгейімен тығыз бaйлaныстa болaды.
Педaгогикaдaғы әдіснaмaның жaлпы ғылыми деңгейі жүйелілік және синергетикaлық тұғырды бaйқaтaды. Бізге белгілі кез келген жүйе ретінде қaрaлaтын нысaн, құбылыс бірнеше ұйымдaстыру деңгейін қaмтиды: концептуaлдық (жүйеқұрушы құрылым деңгейі); құрылымдық (жүйеқұрушы қaтынaс деңгейі); элементтер жүйесінің деңгейі. Стaтикaлық жүйе құрылымды, компоненттердің реті мен формaсының өзaрa бaйлaнысын көрсетеді. Динaмикaлық жүйе функционaлды, шығыс және кіріс компоненттерінен, сонымен қaтaр енгізілген және қорытынды мaтериaлдaры бaр үздіксіз немесе дискретті aғымдaғы үдерістерден тұрaды.
Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері 
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды; 
- құбылыстарды даму барысында зерттеу; 
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу; 
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау; 
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі; 
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері бойынша әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты.
Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған айғақтар арқылы кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі.
Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет процесін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдамасы ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына негізделеді. Әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде қарастырылады.
Әдіснамалық тұжырымдамалар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік тұжырымдар желісінде пайда болып дамиды, ол нені және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет