А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет49/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
Психологиялық кедергі – қарым – қатынаста адамдардың психологиялық тұрғыдан сыйымсыздығы.

Қарым-қатынас – бір немесе бірнеше адамның ақпарат алмасу мақсатында байланыс жасауы.

Миға шабуыл- шығармашылық тапсырмаларды шешуде идеяны ұжым болып жүзеге асыру әдісі.

Релаксация – саналы түрде денені жүйкелік бұлшықеттік босаңсыту.

Рефлексия – ой-толғаныс.


5. Дәрістер кешені

1 дәріс. Тақырып: Психологиялық менедментке кіріспе

Дәрістің мазмұны:

1. Менеджмент әлеуметтік феномен ретінде.

2. Менеджмент ғылымының пәні.

3. Менеджмент ғылымының даму кезеңдері.

Мақсаты: Менеджмент психологиясының зерттейтін обьектісімен және зерттеу әдістерімен таныстыру.

1. Менеджмент - ежелгі және қазіргі жаңа ғылым болып саналады. Менеджмент психологиясының зерттеу аймағы- басқару үрдісін ұйымдастыру заңдылықтарын және сол үрдіс кезінде пайда болған адамдар арасындағы қарым-қатынастың әдістемелік негізін айқындайды.

Басқару түсінігі ұйымдасқан жүйелерге тән қызметті белгілей отырып, түрлі ғылымдарда кеңінен қолданылады.Бұл түсініктің көптеген анықтамалары бар. Жалпы алғанда басқару ұйымдасқан жүйенің, белгілі құрылымда сақтауды қамтамасыз ететін қызмет.

Әлеуметтік басқарудың басты компоненттері ұйым мүшелері ретіндегі адамдар, не жақсы ұйымдасқан бөлімдер.Басқарушылық қарым-қатынастың күрделі жүйесіндегі индивидтер басқарудың субьектісі және обьектісі болады.Осыған байланысты әлеуметтік басқарудың шешуші категориясы

« ұйымдастыру», « басқарудың субьектісі және обьектісі» болып саналады.Ұйымдастыру біріккен қызметті реттеу үшін және жалпы мақсатқа жету үшін басқару субьектісімен саналы үйлестірілген қызмет реіндегі топ адамдарының бірігу формасы болып саналады.

Басқару субьектісі белгіленген басқару обьектісіне бағытталған, басқару белсенділігінің көзі, пәндік-тәжірибелік қызметтің иесі болып табылады.Басқару субьектісі ретінде бөлек индивид немесе әлеуметтік топ болуы мүмкін. Басқару обьектісіне топ мүшелері олардың бір-бірімен қарым- қатынасы, шығарылатын өнім жатады. Басқару субьектісі мен обьектісінің арасында диалектикалық іс-әрекет пен әсер ету болады, әлеуметтік топ жақсы нәтежиеге жетуі үшін басқарушының ұйымсдасқан адам топтарына немесе сол топтағы белгілі біреуге әсер ету арқылы қол жеткізуге болады..

2. Менджмент психологиясы пәні басқарушылық әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларға талдау жасау арқылы басқару жүйесінің нәтежиелілігін жоғарылатуды мақсат етеді. Басқару процесі басшылардың әрекеттерін мына бағыттар: басшылық жүйелерді ұйымдастыру, диогностикалау және жоспарлау, бағынушылардың қызметінің бағдарламасын қалыптастыру басшының қызметін белсендендіру. Сонымен қатар менеджмент психологиясы басшының жекелік ерекшеліктерін, оның қажеттіліктері мен қабілетін, жекелік басқарушылық концепциясын, басқару ережелерінің принциптерін үйретеді.Басқарудың негізгі құралының бірі- интуиция. Жақсы басшының жетекшілік интуициясы болады.Ол қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға себебін тигізеді. Жетекші үнемі өзгермелі әлеуметтік ортаны қабылдап соған сай әртүрлі адамдармен араласып, кездейсоқ жағдайларды басқара білуі қажет.Менеджмент психологиясы пәні менеджердің негізі қызметі бола тұра мына әрекеттерді қарастырады: еңбек әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, мәліметті өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамды- адамның қабылдау механизмі және олардың бір-біріне әсері, еңбек ұжымының қалыптасуының психологиялық ерекшелігі және ондағы тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдаудың психологиялық ерекшелігі. Жалпы алғанда бұл пән ғылыми және тәжірибелі ғылым ретінде жетекшінің басқарушылық мәдениетін қалыптастырады және дамытады.

3. Менеджменттің пайда болу тарихы тереңге жаңа ғасырымыздан бұрынғы жылдарда жатыр. Ерте кездің өзінде Египетте болашақ басқару психологиясының негізгі белгілері, ұйымдастыру және бақылау, басқару процесін орталықтандыру жүзеге асырылды. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару мен сол елдегі адамдар қауымдастығын басқару процесі туралы өз көзқарастарын білдіріп еңбектер жазған.

Бірақ бұл кездерде ол өз алдына ғылым болып саналмай ХХ ғасырда ғана ғылыми зеттеулердің дербес саласы болып санала бастады. Ф.У. Тейлордың «Принципы научнго менеджмента» деген еңбегі жарық көрегеннен кейін ғана бұл ғылымға ерекше көңіл бөліне бастады. ХХ ғасырдың 20 жылдары металлургиялық компанияның инженері А.Файольдың арқасында басқару арнайы спецификалық әрекет ретінде саналды. Осы уақытта психология теориялық және қолданбалы бағытта жеке ғылым ретінде дамыды. Психология мен басқарудың қосылуының нәтежиесінде және өсіп келе жатқан өндірістің талаптарынан «менеджмент психологиясы» ғылымы дүниеге келді. Өндіріс қоғам алдында мынадай талаптар қойуда;

- қалай басқаруды эффективті етуге болады?.

- адамдарды қысымшылыққа алмай өндірісте адамдық ресурстарды тиімді қолдануға болады?.

- ұжымды басқаруды, ұйымдастыруды тиімді етіп қалай ұйымдастыруға болады?.

Басқару психологиясы адамдармен тығыз байланыста болғандықтан мына мәселелерді есепке алады;

1.Тұлға, оның өзін-өзі жетілдіруі, мен өзін-өзі еңбек әрекетінде дамытуы.

2.Психологиялық нәтежиелілік көзқарасы бойынша басқарушылық әрекет және оны ұйымдастыру.

3.Еңбек ұжымдары топтық үрдіс және оның реттелуі.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет