А. Соловьева, Б. Ибраимова


Ашықтұқымдылардың тіршілік циклін



Pdf көрінісі
бет236/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   361
Ашықтұқымдылардың тіршілік циклін 
қарағайдың мысалын-
да қарастырайық (104-сурет). Қарағай – аталық және аналық жыныс 
жасушаларын түзетін, бір үйлі өсімдік. Көктемде қарағайдың жас 
бұтақтарында екі түрлі бүрді көруге болады: қызғылт түсті – аналық бүр, 
сарғыш қоңыр түсті – аталық бүр. Олардың орналасуы да әртүрлі бола-
ды. Аналық бүрлер жас бұтақтардың ұшында, ал аталық бүрлер негізгі 
бұтаққа жақын орналасқан. Аталық бүрде пісіп-жетілген бүрлерден 
желмен таралатын көптеген сары түсті тозаңдар түзіледі. Өсімдіктердің 
тозаңдарында аталық жыныс жасушалары – спермалар немесе спер-
матозоид болады. Ал аналық гаметалары – жұмыртқа жасушалары 
тұқымбастамада дамиды. 
Жыныс жасушалары түзілгенге дейін аталық бүр мен аналық бүрде 
спорогенез
процесі жүреді. Алдымен жаңадан пайда болған бүрлерде мейоз
жолымен гаплоидты жасушалар түзіледі. Аталық бүрлерде анағұрлым 
ұсақ болады, сондықтан оларды 
микроспоралар
, ал аналық бүрлерде бұл 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


195
гаплоидты жасушалар ірілеу болғандықтан 
мегаспоралар
деп атайды. Со-
дан соң бұл «спораның» гаплоидты жасушаларынан гаметофит жасуша-
лары (аналық бүрде – мегагаметофит және аталық бүрде – микрогаме-
талар) түзіледі. Споралы өсімдіктерге қарағанда тұқымды өсімдіктердің 
гаметофиттері өздігінен фотосинтездеуге, ризоидтары арқылы топырақтан 
су мен басқа заттарды соруға қабілетті болмайды. Бұл белгілі бір бөлігі 
тіршілігін жоятын, гаплоидты жасушалар. Гаметофиттердің тірі жасу-
шаларынан гаметалар түзіледі. 
Қарағайдың аталық гаметалары – спермийлер 
тозаң­қабында
бола-
ды. Тозаңқаптың немесе шаң тәрізді тозаң дардың әрқайсысы екі қалың 
қабықтан, екі тыныс саңылауы болатын тозаң түтікшелері және екі 
гаплоидты спермийден тұрады. Мұндай тозаңдар желмен оңай тарала-
ды. Тозаңданғаннан кейін спермийлер жұмыртқа жасушасына тозаң 
түтігі арқылы жеткізіледі. Спермийдің біреуі жұмыртқа жасушасын 
ұрықтандырады. 
Аналық гаметалар – (жұмыртқа жасушалары) аналық бүрде түзіледі. 
104-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет