А. Соловьева, Б. Ибраимова


Су және құрлық экожүйелері



Pdf көрінісі
бет173/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Су және құрлық экожүйелері
. Құрлық экологиялық пирамидасы 
жоғарыда айтылып кеткендей құрылған (12-сызба, 
а
). Су немесе мұхит
экожүйелері ерекше болады (12-сызба, 
ә
). Бұл – ғаламшардағы продуцент-
тер мөлшері консументтер мөлшерінен көп емес бірден-бір экожүйе. 
Ол – су және құрлық экожүйелерінің басты айырма шылық тары. 
Яғни теңіз «
экологиялық­ пирамидасы
» пира мидаға емес, қиық ромбқа 
ұқсайды. Себебі, жиынтық салмағы бойынша продуценттер кон су-
менттерден едәуір артық болмауы, су экожүйелерінің фото синтетиктері-
нің ерекшеліктеріне байланысты. Олар негізінен біржасушалы бал-
дырлардан, цианобактериялар мен басқа планктон ағзалардан тұрады. 
Қолайлы жағдайда бактерия жасушаларының көбею жылдамдығы 20 ми-
нут. Хлорелла сияқты біржасушалы балдырлардың көбею жылдамдығы 
да осындай болады. Басқа эукариоттық біржасушалы балдырлар біршама 
баяу көбейеді, бірақ бәрібір олардың көбею жылдамдығы жоғары. Көбею 
жылдамдығы және фотосинтез тиімділігі жоғары болғандықтан, бұл 
продуценттер бірінші қатардағы консументтердің қоректік қажетсінуін 
қамтамасыз етіп, экожүйені тұрақты сақтап тұрады. Оларды жеп 
үлгеретін ағзалардың жылдамдығынан кем түспейтін жылдамдықпен 
қалпына келеді (көбейеді).
Экожүйе,­ бірлестік,­ продуценттер,­ консументтер,­ редуцент-
тер,­қоректік­(трофикалық)­тізбектер,­экологиялық­пирами-
да.


222
Білу және түсіну:
1.
­«Экожүйе»
деген түсінікке анықтама беріңдер. 
2. 
Бірлестік
дегеніміз не?
3. Неліктен әрбір бірлестікте міндетті түрде 
продуценттер
болатынын 
түсіндіріңдер.
4. Күн жарығы немесе энергия көзі болып табылатын жансыз (өлі) 
табиғаттың басқа құрамбөлігі болмаса, экожүйе болуы мүмкін бе?
қолданылуы:
1. Консументтердің қызметін сипаттаңдар. 
2. Жансыз (өлі) табиғат құрамбөліктері, продуценттер мен консументтер 
арасындағы байланысты анықтаңдар. 
3. Су және құрлық экожүйелерін салыстырыңдар. 
4. Жердегі қоректік пирамидалардың «пирамида» сияқты, ал су қоректік 
пирамидалары «қи ық ромбқа» ұқсау себептерін атаңдар.
Талдау:
1. Экожүйелердегі энергия ағынын сызба түрінде бейнелеңдер. 
2. Су және құрлық экожүйелері көрсеткіштерінің бірдей емес еке нін 
мысалдар келтіріп дәлелдеңдер. 
3. Экожүйе типтерінің абиотикалық және биотикалық жағ дайларға 
тәуелділігін талдаңдар әрі анықтаңдар.
Синтез:
1. Егер бесінші қоректік деңгейде 287 кДж энергия жинақ тайтын болса, 
экожүйе Күннен немесе басқа сыртқы көзден қанша энергия мөлшерін 
алу қажет екенін есептеңдер. 
2. Су және құрлық экожүйелерінің қоректік пирамидала рын сызба 
түрінде бейнелеңдер. 
3. Мынадай жағдайдың моделін жасаңдар: экожүйеде бірінші реттік 
консументтер жойылып кетті. Оларды теңестіруге бола ма? 
Жауаптарыңды негіздеңдер.
Бағалау:
1. Тірі қалу мүмкіндігі 100% болатын экожүйе қалыптаса ма? Мұны 
эволюция тұрғысынан бағалаңдар. Олар қандай ерек шеліктерге ие 
болуы керек? 
Пікірталас: 
«Жерде қандай экожүйелер ең тұрақты болады? Оны дәл болжауға 
бола ма?» Экожүйелердің барлық құрам бөліктерін дұрыс ретпен орна-
ластырыңдар. Олардың өзара байланысын көрсетіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет