Қалас жамалов философия



бет59/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Өмір философиясы. XIX ғасырдың 60-70 жылдары Европа елдерінде «Өмір философиясы» деген атауға ие болған жаңа ағым өмірге енеді. Осы ағымның негізін қалаушылар барлық өмір сүретіндерді сезімдік те, рационалдық та танымға түсініксіз, тек интуитивті тікелей әсерленушілік арқылы түсінілетін алғашқы белгісіз ақиқат өмірдің көрінісі деп қарастырды.
Философиялық ағымның тікелей идеялық бастауы болған неміс философы А. Шопенгауэрдің (1778-1860 ж.ж.) иррационалистік және волюнтаристік (ерікті барлық ғаламның негізі деп қарастыратын философиялық тужырымдама) еңбектері. Кант идеяларына сүйенген Шопенгауэр Канттың «өзіндік заттарын» ой елегінен өткізіп, оны ерік, танымға түсініксіз мистикалық соқыр күш есебінде дәріптеді. Тірі жөне өлі табиғатта өз көрінісін тапқан ерік, ұсақ еріктерге бөлінбейді, барлық ғаламмен теңдес, дара, әлемдік ерік болып көрінеді. Әлем Шопенгауэр ойынша ерік, өмірге еріктілік. Әлем субъектінің санасында түсінік есебінде өмір сүреді, ол субъектімен қамтамасыз етіледі және оны субъектісіз ойлау мүмкін емес. «Не өмір сүрсе, бәрі тек қана субъект үшін өмір сүреді»[35.81 б.],- дейді Шопенгауэр.
Өмірге деген ерікпен туындаған адам интеллектісі, өзін сақтау, өмір сүру үшін күрес, сұраныстарды қанағаттандыру мақсаттарымен шектеледі. Сол сияқты ерікпен туындаған әлем, интеллектуалдық танымға түсініксіз. Ол тек ішкі тәжірибемен, ерікке негізделген жоғарғы саналы интуициямен түсінілуі мүмкін.
Сезімдік және рационалдық таным проблемаларына мистикалық
интуицияның қарсы қойылуынан Шопенгауэр философиясының және өмір философиясының барлық бағыттарына тән иррационализм көрінісін тапты.
Шопенгауэр философиясына өмірден торығушылық тән. Өмірге еріктілік - ызақор, ібілістік күш, қайғы-өасірет бастауы.. Ол билеген әлем кездейсоқтықтарға бағынады, оның мәнін, құндылығының, мақсатқа сәйкестігі де жоқ. Адам онда еш нәрсе өзгерте алмайды, дегенмен егер қайғы-қасіреттің себебі - еріктің зорлануы болса, онда ерік күштенуін шектеу қайғы-қасіреттің азаюына алып келеді. Өзіндікті және ерікті басу, одан нирванаға қашу тақуалық өмір салты - адамның күйініш, азаптан құтылуының, сонымен әлемдік қасіретті азайтуының жалғыз амалы.
Шопенгауэр ілімінің волюнтаристік және иррационалистік жақтарын өмір философиясының көрнекті өкілдері Ф. Ницше (Германия) мен А. Бергсон (Франция) жалғастырады.
Неміс философы Ф. Ницшенің (1844-1900 ж.ж.) шығармашылық қызметі үш кезеңге бөлінеді. Дегенмен негізгі философиялық шығармалары: «Заратустра осылай айтты», «Моральдың шығу тегі», «Билікке ерік» т.б. үшінші кезеңде, 1883-1889 жылдар аралығында жазылды
Ницше шығармалары афоризмдер және аңыздық астарлы сөзбен жазылған, бұл оны әр түрлі пайымдауға және еркін талдап, түсіндіруге әкелді.
Шопенгауэрдің волюнтаризмі бұл ілімнің тікелей бастауы болады. Ғылыми еңбектерінің мазмұнының әр түрлілігіне қарамай Ницше бүкіл шығармашылық өмірінде өзінің билікке ерік туралы негізгі ілімін дамытты. Ерік өмірдің негізі, оның барлық көріністерінде болатын инстинкті иррационалдық бастау. Бірақ бұл Шопенгауэрдегі дара әлемдік ерік емес, билікке нақты бағытталған ерік. Мұндай ерікті Ницше «билікті көрсетуге тоймайтын ұмтылыс, немесе билікті қолдану, шығармашылық инстинкті есебінде билікті пайдалану т.б.» [36. 291 б.] деп пайымдайды.
Ницше ілімінде әлем негізінде «күш орталықтарының» күресі, немесе «ерік тынысының белгілері» болатын мәңгі, бастауы мен соңы жоқ қалыптасу. Қалыптасу ешқандай заңға бағынбайды, бағыты да мақсаты да болмайды. Онда бірлік те, тәртіп те, мағына да жоқ. Бұл – «ешқайда алып келмейтін үдеріс». Қалыптасушы әлем танылмайды, ол парасатқа түсініксіз. ол туралы тек артықшылық үшін күресетін еріктердің ортасындағы тартыстардың нәтижесі, деуге болады. Бұл қандай да бір түсіндіруді және оның шығу тегін көрсетуді керексінбейтін дерек.
Прогрессивтік, үдемелі дамуды Ницше әлемдік мақсат қиялына негізделген өнбейтін іс деп есептейді. Әлемнің соңгы мақсатының болмайтыны себебінен, оның, қандай да бір жетілген қалыпқа жақындауы мүмкін емес, болашақ үшін осы күн өмір сүрмейді. Қалыптасу билікке еріктің көрінісі есебінде ұшы, қиыры жоқты, бірақ шекті сандар қисындасуын туындатады. Уақыт шексіздігінен ертерек болғандардың бәрі де, мәңгілік болашақта шексіз қайталанады. Бұл идеясын Ницше мәңгі кайталану ілімінде нақтылы, аңыз түрінде - бүркіт пен жыланның Заратустраға үндеуі ретінде көрсетеді. «Сенің нені оқытатыныңды біз білеміз, барлық Ғаламдық денелер мәңгі қайталанады, солармен бірге әрқашан біздің өзіміз де, бізбен бірге заттар да сансыз көп рет өмір сүрдік. Осы күнмен, осы жермен, осы бүркітпен және жыланмен бірге мен - қандай да бір жаңа, жақсы немесе ұқсас өмір үшін емес, осы өмірдің өзіне қайта ораламын. Қалай ең бір үлкенде, солай ең кішіде, тағы да барлық заттардың Ұлы қайта келуі туралы айтып, оқыту үшін мен мәңгі қайта ораламын» [37. 197 б.].
Қайта келу, немесе кайта оралу идеясын ежелгі гректер, стоиктер т.б. мектептерде дамытылғаны философия тарихынан белгілі. Мәңгі кайталану идеясын төңкеріс, нұр сәуле шашушылық, ұлылық, жеңімпаздық, пайғамбарлық деп, өзінің пайымдауларына айрықша маңыздылық берген Ницшенің мәңгі қайталану ілімі, болмыс ұйқы-тұйқылығынан бір тұрақтылықты табуға ұмтылыстан туындайды. «Жалпыға ортақ қиратылудың аяқталмағанынан берекесі кеткен сезімге қарсы, мен «мәңгі қайта келу» идеясын алға тарттым» [36. 125-126 б.].
Ницше философиясының назар аударарлық маңызды, тартысты жағы оның Заратустра сөзімен көрсетілген қоғамнан тыс адам (сверх человек) туралы ілімі. «Мен қоғамнан тыс адам туралы сіздерді оқытамын... Адам бір нәрсені билеп алуы керек болатын белгісіздік. Сіз оны еркіңізге бағындыру үшін не істедіңіз?... Адаммен салыстырғанда маймыл деген не нәрсе? Келеке болған, немесе азапты масқаралық. Қоғамнан тыс адам үшін, адам да сол сияқты болуы керек, келеке болған, азапты масқаралық... Қоғамнан тыс адам жердің мәңі. Мейлі, сіздің де еркіңіз айтсын: Ия, қоғамнан тыс адам жердің мәні болсын» [37. 10 б.].
Қоғамнан тыс адам үшін «адамды билеп алу» нені білдіреді? Ницше қоғамнан тыс адамға қандай ерекшелік белгі береді? Бұл сұрақтардың жауабын Ницшеннің барлық құндылықтарды қайта бағалау ілімінен іздеуіміз керек.
«Билікке ерік» кітабының «Барлық құндылықтарды қайта бағалау тәжірибелері» тақырыпшасы бар. Ницше бұл кітабында қоғамның кедейлік жағдайы, физиологиялық азғындауы, адамдардың бұзылуы туындатқан «европалық өткенді мансұқтаушылықты» сынға алды [36. 35 б.]. Жоғарғы құндылықтар өзнің бағасын жоғалтады, дейді Ницше, белгілі бір әлемнің даму барысына, оның құндылығына, ақиқатқа, мақсатқа сенім жоқ. Қоғамда өмірден торығушылық, түңілушілік үстемдік етеді. Бұл жағдайдан шығу - барлық «өткен жоғарғы құндылықтарды» - құлдырауға ұшыраған «декаденттік» мәдениетті, қоғамда үстемдік жүргізуші моральді, христиан дінін қайта бағалау болады.
Ницше христиан дінін айрықша сынға алады. Ол, адамның күштілік сезімі, билікке еркі, құдіреті неден артатын болса, соның бәрі жақсы деген алғы шарттан бастау алады. Әлсіздіктен шығатынның бәрі де жаман. «...Артығырақ күш, артығырақ билік! Бейбітшілік емес - соғыс; ракымшылдық емес, айбындылық...
Мейлі әлсіздер мен кемтарлар, жарымжандар құрысын, бұл біздің адамсүйгіштігіміздің бірінші өсиеті. Олардың кұрып кетулеріне көмектесу керек.
Кез келген кемістіктен не зиянды? Әлсіздерге және жарымжандарға аяушылық білдіру... христиандық» [38. 19 б.].
Ницше христиан дінін әлсіздердің, қорланғандардың, құлдардың діні есебінде анықтайды. Христиан діні, дейді ол жалған аяушылық білдіру. Көнгіштік, бой ұсынғыштық идеяларын оқытады, ол билікке ұмтылушы ерікті басып, жаныштайды. Христиан дінінің, буржуазиялық қоғамның декаденттік мәдениеті мен олардың екі жүзді моральы сынында көптеген дұрыс ойлар бар. Сонымен қатар бұл сын жалпы адамзаттық құндылықтарды және құлықтылық кағидаларын жоққа шығарып, адамгершілікке жатпайтын, биморальдыққа әкеледі. Осыған байланысты Ницше адамдарды «жоғарғы» - аристократтық азшылыққа, элитаға және көпшілікке «аяқталмаған, сапасы төмендерге» бөліп бір-біріне қарсы қояды. Бұл төменгі («табын», «көпшілік», «тобыр») сыпайылықты ұмытқан, өздерінің сұраныстарын ғарыштық, метафизикалық құндылықтар шамасына дейін көтеріп, өсіріп айтатын түр. Көпшілік тобырға кім ерекше болса сол билік жүргізеді, зорлық істейді. «Өмір - шаттықтың бастауы, бірақ барлық жерде, қайдан тобыр дәм татса, ішсе сол бұлақтар уланған» [37. 84 б.]. Адамдардың осы «жоғарғы» және «төмеңгі», құлдар мен мырзалар деп бөлінуінде Ницше пікірінің демократияға қарсылығы көрінеді.
Сонымен «қоғамнан тыс тұрған адам» - «төменгілердің» үстемдігін, мойын ұсынғыштығын, инабаттылығын, ыждағаттылығын, сақтығын, сөзге сараң, мүсәпір адамгершілігін т.б. өсиеттерді жеңуі керек болатын жоғарғы адамдардың мүшесі. Қоғамнан тыс адамға бәрінен бұрын керек болатын күш, билікке ұмтылатын ерік. Ницшенің - «әлсіздерге» соғыс жариялаған идеялары фашизм идеологтарына тартымды көрініп, олардың назарын өзіне аударды, демек, «жоғарғы» арийлық расса үшін кімнің жойылып кетуі, қаналуы, құлдыққа салынуы керектігі шешілді.
Франциядағы өмір философиясының ірі мүшесі А. Бергсон (1850-1941 ж.ж.) ілімдері де, Ницше философиясы сияқты иррационалистік, интеллектіге қарсылығымен бейнеленеді. Өзінің негізгі мақсатын «парасат қөзқарасын жоғары көтеруден», айрықша танымнан, парасаттан тыс интуицияны негіздеуден көріп, өз ілімінде өмір тұжырымдамасын өрістетеді.
Өмір әсерленулер ағымы, ойлар меи бейнелер, түйсік пен сезім, көңіл күй мен тілек өзгерістері, психиканың тоқтаусыз алмасуы. Әсерлену ағымы философиялық зерттеудің алғашқы бастауы болып саналатып жалғыз акиқат, жокқа шығарылмайтын дерек. Дегенмен бұл ағымды субъекті психикасының жағдайы, қалпы деп қарастыруға болмайды. Бергсон ілімінде ол ғарыштық маңыздылыққа ие. Әсерленушілік ағымы Шопегауэрдың әлемдік еркіне ұқсас ғалам масштабына дейін ұлғаяды. Өмір әлемдік үдеріс, ұлы иррационалдық шығармашылық күш, құдіретті «өмірлік қарқын». тоқтаусыз ағым есебінде қарастырылады.
Осы «алға басу», толассыз өзгеріс - ақиқат заттардың қасиеті емес, өз бетінше өмір сүретін белгісіздік екенін атап айту маңызды. Өзгеріс, дейді Бергсон, ақиқат шынайылықтың өзі; өзгеріс болады, бірақ өзгеретін заттар жоқ. Қозғалыс қозғалатын денені өзімен шамаламайды, өзгергіштік белгісіздікке тән, өзіндік субстанция болады. Бұл - қозғалыс, бірақ қозғалыс үдерісінде өзгеретіні жоқ, денесіз қозғалыс.
А. Бергсон тұжырымдамасын негіздеу үшін, уақытқа өзінің түсінігін таңады. Осы мақсатпен философиясында басты орынның бірін алатын ұзақтық түсінігін кіргізеді. Ұзактық өмірдің уақыты, оның мәні. Бірақ бұл материя болмысының түрі есебіндегі нақты уақыт, құбылыстардьщ бірін-бірі ауыстырып өмір сүретін жүйелілігі емес; онда біздің жағдайымыз бір біріне сіңісіп кететін, үздіксіз және бөлінбейтін уақыттың субъективтік әсерленушілігі болады. Ұзақтық - ешқашан біткенді білдірмейтін, мәңгі қалыптасу үдерісіндегі материал болып көрінеді. «Ұзақтық, дейді Бергсон, - бұл болашақты жалмайтын және алға қозғалған сайын өсетін өткеннің толассыз прогрессі. Егер өткен уақыт толассыз өссе, онда ол шексіз сақталады» [39. 10 б.]. Ұзақтық өзін естен табады, онда өткен уақыт осы шақта өмірін жалғастырады, сананың жағдайы басқада, шексіз ағымда жалғасады.
Дегенмен Бергсон ұзақтықты арасында негіздік айырмашылығы жоқ әсерленушілік ағымы сияқты субъективтіктен объективтік әлемге шығарады, сондыктан өмір ұзақтық, ес ғаламдық масштабты қабылдайды. Ұзақтықты - деп жазады ол, біз керісінше тәртіппен өтуге болмайтын немесе кайта қайталанатын ағым есебінде қабылдаймыз. Ол біздің өміріміздің негізі, заттардың өзіндік мәні.
Ұзақтықта өрістейтін өмірді Бергсон салғырт, өлі, өзгермейтін, сіресіп қалған белгісіздік есебіндегі материяға карсы қояды. Бұл денелер уақытта емес тек кеңістіктегі қайталанғыштық, бір түрлілік, механикалық детерменизм аймағымен бейнеленеді. Метафизикалық философия берген әлемнің механикалық бейнесінің сынында парасаттылық бар десек те, Бергсон оны интеллектіні сынау үшін пайдаланады. Оның ойынша интеллектінің өмірді тануға қабілеті жоқ. Ителлектінің және оған негізделген ғылымның жалғыз қызметі практикалық әрекеттер үшін қатты денелер әлемінде жөн табу және оның біздің денеміздің ортасында болуын қамтамасыз ету. Біздің түсінігіміз, дейді Бергсон, қатты денелер түрінде калыптаскан, біздің логикамыз - бұл қатты денелер логикасы, сондықтан ақыл өзінің ең бір жақсы жеңістеріне жансыз материя мен логикалық ойдың тұыстығы ашылатын,бірлігі көрінісін табатын геометрияда жетеді.
Әрине, егер қатаң, қозғалыссыз түсініктерге сүйенетін метафизикалық ойды еске алатын болсақ онда белгілі бір шамаларда Бергсондікі дұрыс. Шын мәнінде метафизикалық ой қозғалысты «тыныштық кезеңдеріне» жіктеп қарастырады, қозғалысты тоқтатады. Ол, жалпы интеллектіні, оның мүмкіндіктерін органикалық емес табиғатпен шектей отырып кез келген ойды сынайды.
Сондықтан оның интеллектіні сынауы белгілі бір басқа, парасаттан, интеллектіден тыс, интеллектуалдық тәсілден аса басым таным әдісін негіздеу мақсатына қызмет көрсетеді.
Бергсонның ойынша мұндай әдіс – инстинкт және оның жоғарғы көрінісі интуиция болады. Инстинкт өмір түрлеріндей құбылады. Егер интеллект барлық заттарды механикалық түсіндірсе, инстинкт олармен табиғи байланыста әрекет жасап, бізге өмірдің ең терең құпияларын ашып берген болар еді. Бірақ инстинктіге интеллектімен қол жеткізуге, инстинктдегі мәндерді интеллект терминдерімен айтып жеткізуге болмайды, талданбайды. Әр түрлі жарғақ қанаттылар – ара, сона, құмырсқалардың әр түрлі ерекшеліктерін салыстыра отырып, Бергсон инстинктілердің жетілгендігін басып айтады. Осыдан интеллект адамның бақытсыздығы болса, онда инстинкт өзінің ең жақсы көріністерінде құмырсқалар, аралар мен Бергсонда ғана бар деп мысқылдайды Б. Рассел [11. 308 б.]. Инстинктіден айырмашылығында, дейді Бергсон интуиция да инстинкт, бірақ өзін өзі ұғынатын, өзі туралы тақырыпқа ой жүгіртуге қабылетті инстинкт. Интуитивтік танымның шарттары: біріншіден, кез келген мүддеден бас тарту «риясыздық», екіншіден, нәтижесінде біздің «Меннің» шеңбері ғаламдық масштабқа дейін кеңитін еріктің үлкен зер салуы болады. Сонымен, интуиция ерікпен, ғарыштық күш салумен, «өмірлік екпінмен» теңестіріледі. Шығармашылық эволюция үдерісінде өмірлік екпін сапалық жаңа түрлерді жасай отырып, ағзаларды алға қуады. «Барлық тірі жан иелері бірінің артынан бірі ұстасқан және бәрі бір және сол алып екпінге бағындырылған. Жануарлар өсімдіктерге сүйенеді, адам жануарлар арқасында өмір сүреді, ал барлық адамзат уақыт пен кеңістікте біздің әр қайсымыздың жанымызда, алдымызды немесе соңымызда қозғалатын үлкен армия болып көрінеді; өз салмағымен ол кез келген қарсылықты жеңуге, көптеген кедергілерден өтугет қабілетті, соның ішінде өлім де болуы мүмкін» [39. 240 б.].
Бергсонның әлеуметтік ілімі иррационализм, биологизммен бейнеленеді. Адамдар арасындағы қатынас биологиялық себептермен, бәрінен бұрын инстинктімен анықталады. Инстинкт адамзат қоғамында бірге сүретін өмірдің бастауы инстинктіге негізделген құмырсқа илеуінен немесе ара ұясынан айырмашылығыи болмайтын ұйым.
Бергсон «жабық» және «ашық» деп қоғамның екі түрін айырады. «Жабық» қоғам бұл шектелген бірлік, ұлттық мемлекет. Онда адамды ұжымға, ақиқатты – пайдаға бағындыратын әлеуметтік инстинкт үстемдік жүргізеді. Бұл инстинкт мақсаттары «жабық қоғамды онда әлеуметтік тәртіпті» сақтау, нығайту болатын «жабық» моральдан және «тұрақты» діннен көрінісін табады. «Жабық» қоғам басқа адамдарға жау, әр уақытта шабуыл жасау мен қорғануға әзір. Ол соғыс үшін ұйымдасқан болуы керек, осы үшін сәйкес келетін жағдай ( жаулап алу арқылы жерді кеңіту т.б.), сонымен қатар әрбір адкамға тиесілі соғыс инстинктісінің бастауын Бергсон табиғаттың өзінен көреді.
Соғыстың болатынын Бергсон табиғи және сөзсіз десе де, оны дәріптемейді. Ол қиыншылықтар тудыратын, балалардың дүниеге келуін шектеу, сұраныстарды қысқарту шараларын ұсынып, соғысты тоқтатуға шақырады.
«Ашық қоғам» барлық адамзатты қамтиды, оның негізінде барлық адамдарға сүйіспеншілік жатады. Мұндай қоғамның болуы мүмкін, өйткені адам тек биологиялық емес, сонымен қатар рухани жан иесі, оның рухани бастауы «өмірлік екпінмен» мистикалық туыстық байланыста болады; «ашық» қоғамның моралі ұлттық және мемлекеттік мақсатты жеңеді, адам еркіндігін, теңдігін дәріптеу қағидаларын алға тартады. Ашық мораль, адамсүйгіштік идеалдарын жариялап, жанның терең түкпірінде орналасқан «өмірлік екпінмен» қарым-қатынасқа түсетін көп сырлы дінмен қосылады. Бірақ Бергсон, мұндай қарым-қатынас пен барлық адамзатқа деген сүйіспеншілік, табиғатқа қайшы келеді, оның тек қасиетті әулиелер мен пайғамбарларға қолайлы болатынын айтады.
Бергсон қоғамның элитарлық құрылымының жақтасы. Нипше сияқты ол да қоғамды ерекше артықшылығы бар азшылық элитаға, және оған бағынышты көпшілікке айырып, бұл бөліністі табиғи және қасиетті деп есептейді. Демократиялық билік жүйесін жоққа шығарған ол, ең жоғарғы саяси құрылым деп монархия мен олигархияны көрсетеді.
Интуитивизм философияның келесі дамуына бәрінен бұрын прагматизм мен экзистенциализм ағымдарына үлкен әсерін тигізді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары өз дамуының шарықтау шыңына жеткен өмір философиясы басқа философиялық ағымдарға орынын береді. Оның бірнеше қағидаларын экзистенциализм қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет