Қалас жамалов философия



бет58/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Герменевтика. Бұл ағымның атауы құдайлардың елшісі, олардың еркін білдіруші ертедегі грек құдайы - Герместің атымен тікелей байланысты. Терминнің өзі грек тілінен аударғанда «түсінік беремін», «ұғындырамын» дегенді білдіреді. Жалпы герменевтика жеке білім саласы болып, XIX ғасырда неміс философтары Ф. Шлейермахер (1768-1834 ж.ж.), әсіресе В. Дилътей (1833-1911ж.ж.) еңбектерінде зерттеу әдісі ретінде қарастырылды, қалыптасты.
Шлейермахердің пікірінше герменевтикалық түсінудің мақсаты, автордың өз еңбегін жарыққа шығаруы алдында оны жаңадан, шығармашылықпен қайта қарауында, қайталауында болады. «Өмір философиясының» негізін қалаушылардың бірі болған Дильтей, қандай да бір тарихи ескерткішті жасаушының тарихи жағдайға «төселу», «әсерленушілік», «тілек білдіру» жолдарымен кіруі қажеттігін мақұлдады.
Неміс экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі М. Хайдеггер (1889-1976 ж.ж.) еңбектері герменевтиканың болмыс ілімі мәселелеріне бет бұруына әсерін тигізді. Ол объективтік шындықты көп жағдайларда тілдік мәселе есебінде түсіндіреді, болмысты «тыңдаудың» жалғыз тәсілі - герменевтика, яғни тілде не айтылса, соны ұғындыру. Тіл сананың субъективтік кызметінің жемісі болмайды. Тілді жасаушы адам емес, ол тек тілдің жәрдеміне сүйеніп сөйлейтін құрал. Хайдеггер тіл "болмыстың үйі", деп тілді болмыстандырады.
Тілдің мұндай түсіндірмесі 60-70 жылдары кең таралымын тапқан, осы заманғы герменевтика философиясының бастауы болды Біздің заманымыздың әмбебап философиясы деп жарияланған философиялық герменевтика өкілдері, оны зерттеу әдістемесі деп қарастырмайды. Ол бізді қоршаған әлемді қалай тусінуге болады, болмыс ақиқаты бұл түсінікте қалай нақты түрде көрінеді, деген сұраққа жауап беруге қабілетті. Сондықтан бұл сұрақ философияның негізгі сурағы есебінде қарастырылады.
Философиялық герменевтиканың танымал жетекшілерінің бірі, Хайдеггердің шәкірті, неміс философы Х. Гадамер (1900) бағдарламалық «Шындық және тәсіл. Философиялық герменевтика очерктері» атты еңбектің авторы. Оның философиясының орталығын - тіл мәселесі алады. Хайдеггер тіл болмысының дербестігі идеясын дамытса, Гадамер тілді объективтік идеализм тұрғысынан түсіндіріп, болмыстандырады. Оның ойынша тіл адам болмысының орталығы. Біз тілдің қоршауындамыз, тіл әлемі - біз өмір сүретін әлем. Әлемнің тілдік түсіндірілуі әрқашан басқа кез-келген ойдың, танымның алдын алады.
Біздің өмірімізді жаратушы болатын тіл, өзіне тиесілі дәстүр құндылықтарын, өзара түсінушіліктің негізін салушы, қорғаушы болады. Өйткені сөз жеке адамдардың емес, қауымдастықтың ортасы, жеке «Мен» оның субъектісі бола алмайды. Тіл - адамдардың қатынасы, әңгімесі «Мен» және «Сенді» байланыстыратын диалог. Әлемнің мәні монологта емес, диалогта ашылады. Диалог тілдің мәні, ол дербес диалогқа түсетін сұхбатшылардың еркінен тәуелсіз. Сұхбатшылардың, ешқайсысы да диалог, әңгіме, сөйлесу нәтижесінің қандай болатынын алдын ала білмейді. Гадамердің көзқарасынша философия бастауы да, соңы да болмайтын диалогтың айрықша түрі. Философия еш нәрсені назардан тыс қалдырмайтын сұрақ та, диалог та, әңгіме де. Әңгіменің, диатогтың, сұхбаттың түрі дейді ол, субъективтік емес, объективтік құбылыс болып көрінетін ойын. Бұл өзіндік «Мен» сіңіп кететін, кім ойласа соның қозғалысы.
Тіл шексіз, оның әмбебап шексіздігін әр уақытта жалғастыруға болатын диалогтың, әңгіменің ішкі шексіздігі анықтайды, өйткені өзінің жауабын талап ететін сұрақ қоюдың мүмкіндігі әр кезде өмір сүреді. Ал кез келген сұрақтың қойылымы өткен тәжірибемен, дәстүрмен қамтамасыз етіледі. Сонымен диалог кезінде пайда болатын түсіністік, келісім Гадамердің көзқарасынша бәрінен бұрын дәстур мен тарихи тәжірибеге сүйенеді.
Тарихи ұғыну мәселесін жете зерттеуде Гадамер дәстүрге үлкен маңыздылық береді. Ол дәстүрдің негізінде жатқан бедел, наным сенімді дәріптейді. Гадамер «наным-сенім» түсінігінде ешқандай жағымсыздық жоқ деп есептейді, өйткені ол тек кез-келген әңгімені, немесе ой жүгіртудің алдын ертерек құрастырылған сана қондырмасы алады дегенді ғана білдіреді. Ал дұрыс түсінілген беделге келетін болсақ, онда оның бұйрыққа бағынумен ешқандай байланысы жоқ.
Тарихи уғым мәселесі Гадамерде субъективтік деңгейде шешіледі: егер объектіден бастау алса тарихи зерттеудің түсінілуі мүмкін емес. Тарихи таным әрқашан онтологиялық өзгешелігі бар тараумен, шеңбермен шектеулі және болмыс дегеніміз уақыт, ал тарихшы уақыттан тыс тұра алмайтындықтан пайда болады. Ол тек қана тарихты талдамайды, сонымен бірге өзі де тарих болады. Кез келген тарихи шығармаға келгенде зерттеушіге әрқашан дәстүрден бөлінбейтін, ажырағысыз белгілі бір наным, сенім тән. Гадамер, тарих әркашан қайта жазылады, өйткені біз, әрқашан біздің тарихи тәжірибемізге себепші боламыз дейді.
Гадамер құқық танымы саласындағы дәстүрдің маңызын арнайы зерттейді. Ол құқықта шын мәніндегі, соңғы үкім шыққанға дейінгі, әділетті шешімде наным, сенімнің айтарлықтай маңызы бар деген қорытындыға келеді. Өткен дәуірлерден өзіне жеткен заңды сот, осы уақыт сұранысына ыңғайлайды. Ол дәстүрге сүйенеді, және өзінің тарихи тәжірибесінен бастау алады. Соған қарамай Гадамер осы заңның мәнін қолданудың қажеттігін басып айтады. Ол бұл жерде де тарихи ұғымдағыдай субъективтіктен құтыла алмайды.
Тіл дәстүрдің тасымалдаушысы емес. бірақ әлеуметтік билік пен үстемдіктің идеологиялық тасыматдаушысы, ұйымдасқан зорлық-зомбылық қатынастың заңдасуына қызмет етеді деп есептеген Ю. Хабермаспен арасындағы өткір айтыстың тақырыбы болды. Тарихқа деген көзқараста сыншылдыққа ризашылық бермейтін Гадамер барлық өмір сүретіндер сыйлауға тұрарлық деп, қарама-қарсы бағытты ұстанады.
Тарихшылдық тақырыбы зерттеуін жалғастырған Гадамер тарихтағы себептілік мәселесін қарастырады. «Тарихтағы себептілік» еңбегінде ол еркіндік пен жауапкершілікті шектейтін, бейсаясаттыққа алып келетін тарихқа деген көзқарстардағы тағдырға сенушіліктің сыни бағасын береді. Осымен қатар адамзаттың өз тағдырына әсер етуіне және болашағын болжауға деген мүмкіндіктерін дәріптейтін қағидаларды жоққа шығарады. Гадамер, уақыт пен болашақ адам еркіне көнбейді деп, индетерменизм шеңберінен шықпайтын «ортаңғы» шешімді табуға талпынады. Бұл шындық, адам алдында оның өмірінің шектілігін тусінуімен және дәстурге негізделген герменевтикалық тәжірибе жинауымен жарияланады.
Гадамерше тарих ақиқатты танудың жолы болады. Акиқат мәселесін сциептизмге қарсы бағытта шешеді. Нақты ғылымдардың ақиқатқа деген талабын сынай қараған ол, сциентизм философиясының ақиқат мәселесіне көзеген ыңғайын қабылдамайды. Сонымен бірге жаңа позитивистік верификация ілімін өткір сынға алады.
Гадамерше ақиқат тілді, сөзді түсінушіліктің бүкпесіздігі. Ол тек диалогта, қатынаста ашылады. Акиқатты іздеуде маңызды орын алатын, негізі дәстүр болатын, сұрақ қойылатын жағдай әрбір айтылған пікірдің, ойдың мүмкіндігін анықтайды. Әрбір ретте біз ақиқатты өзіміз үшін қайта ашамыз, өйткені ақиқат дейтіннің әрқашан өзіндік жеке уақыты, тарихы болады. Тілдің шексіздігі акиқаттың да шексіздігін анықтайды. Осы айтылғандардың Гадамер философиясында тіл, болмыс, уакыт тарихшылдық түрінде көрініс табатынын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет