Аллергия. Аллергияның түрлері мен даму механизмі


Жалпы этиология туралы түсініктеме



бет23/48
Дата29.01.2022
өлшемі55,54 Kb.
#115661
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
Tolyk pat fiz

Жалпы этиология туралы түсініктеме. Этиология (грекше aitiо – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.Мал ауруларының пайда болу себептері мен жағдайларын айқындау мал дәрігерлерінің жұмысында тиімді емдеу жәнесақтық шараларын жүргізу үшін қажет.Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жәйіттар Жалпы этиология. Ауру тудыратын сыртқы факторларға механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық организмге әсер етушілер жатады.Механикалық факторлардың әсері. Әртүрлі механикалық агенттер әсер ету арқасында организмде ұлпаларды, мүшелерді, зақымдап жарақат туғызып, функцияларын бұзуға әкеп тірейді. Механикалық жарақаттарға турлі зақымданулар, үшкір немесе топас заттар, атылатын қарулар, қысылудан зақымдалған жаралар жатады. Жабық зақымдалған жарақаттарға (тері жабынының бүтіндігінің бұзылуы) ұлпалардың қысылуы (ісінген, домбыққан), топас заттармен зақымдалған, сіңірі созылған, буыны шыққан, сүйегінің жігі ашылған немесе жарықжақталып сынған, жабық сынықтар жатады. Морфологиялық ерекшеліктері мен шығу тегі бойынша жараланған затқа және зақымдау механизміне байланысты кесілген , шабылған, атылған, пісілген, жаншылған , жырылған, тесілген және уланған деп бөлінеді.Физикалық факторлардың әсері. Ауру тудыратын физикалық факторларға жоғарғы немесе төменгі тем­пературалар, сәулелі энергия, электр тоғы, дыбыс, барометрлік қысымның өзгеруі жатады. Жоғарғы температура әсер еткенде организмде жергілікті және жалпы патологиялық өзгерітер пайда болуымен сипатталады. Ыстық заттар мен организм ұлпаларының жанасуы (металл, әйнек, су, май, бу т.б.) жергілікті өзіне тән зақымдалулар туындап күюмен сипатталады. Сондай жағдайда ұлпалардың зақымдалу дәрежесін еске аламыз. Күйіктер көмірсу, белок, май, басқада зат алмасу түрлерін бұзады. Ұлпалардың оттегін қолдануы бұзылады, сондықтан организмде тотықтану үдрісі төмендеп тотығуға жатпаған алмасу заттары пайда болады. Қанда жиналған токсинді заттар организмнің улануын тудырады. Қан мен несепте улы заттар пайда. Міне осының салдарынан күйік ошағында нерв тежелуінің нәтижесінде қан құрамы өзгеріп және организм заттары уланғандықтан өлімге әкеліп тірейді. Жалпы жоғарғы температураның әсерінен организм ысынып, ыстық соққсынын тудырады. Организмге төменгі тем­пературалардың әсері. Төменгі тем­пературалардың әсер ету нәтижесінде организмде жалпы және жергілікті өзгерістер туындайды. Жергілікті тем­пературалардың әсерінен перифериялық тамырлардың қабырғалары қысылып (спазм) тері ақшылтым болады. Одан кейін парез немесе паралич нәтижесінде ұлпалардың тамыр тарылтарын жуйке аяқшаларының сезімталдылығы жоғалып, тамыр тонусы төмендеп, кеңейедіде, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлап қан сұйығы зақымдалған ұлпаға жайылады. Төменгі тем­пературалардың әсер ету нәтижесінде зақымдалған ұлпа интенсивтілігі бір қатар жағдайларға байланысты. Сыртқы ортаның температурасының төмендеу дәрежесі, әсер ету ұзақтығы, атмосфералық құбылыстарға байланысты. Желмен бірге болған ылғалды суық қатты әсер етеді . Әсіресе организмнің перифериялық бөлімдері қатты әсер алады: құлактар,желін ұштары ; жылқыларда — тұяқ негізі, айшығы, аяқтың тұсамыс салатын жерлері. ума. препуция. Сәулелі энергия әсері. Сәулелі энергияның патологиялық әсері оның түріне байланысты, сәулелендіру интенсивтілігіне , әсер ету ұзақтығына байланысты, организмнің реактивтілігін қасиетіне байланысты. Сәулелі энергия организм ұлпаларына жұтылып, жылу энергиясына айналадыда организмнің температурасын көтереді, қан айналу процесін жылдамдатып зат алмасу процесін күшейтеді. Ультракүлгін сәулелерінің спектріде организмдегі патологиялық процестің дамуында үлкен роль атқарады. Ультракүлгін сәулелерінің спектрі қысқа болса, сәуле әсері жіті келеді. Ультракүлгін сәулелерінің жіті әсері тері капиллярлары субкапиллярлар торы кеңейтіп ұлпаларда қабыну тудырады. Бұл құбылыстар тамыр қозғалтқыш нервісінің реттелуі төмендегендіктен, тамыр тонусы төмендеу нәтижесінде жасушаның зат алмасуы мен ферменттерінің әрекеті өзгеруі туындайды. Күн сәулесі спектірінің ұзын толқындары, қызыл және инфрақызыл сәулелер организм ұлпасына жылу береді. Мысалы ұзақ уақыт кұн астында болса бастан күн өту. Сол уақытта патологиялық өзгерістер организмде орталық нерв жұйесін қоздырады, ыстық көтеріліп, тыныс алу, жүрек ритімі жиілейді, қан айналымы бұзылады. Көбінесе орталық жүйке жүйесiнiң салдануынан мал өлімге ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет