Алматы қаласы мен оның тарихи мәдени ескерткіштері түйіндеме



бет9/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,58 Mb.
#36317
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 сур.-Медеу спорт кешені, 2 сур.- Қазақстан мейрамханасы, 3-сур. Арасан орталық сауықтыру орталығы, 4-сур. Республика сарайы.

Алматы үлкен қала, онда ғасырлық тарихы бар ғимараттармен бірге бүгінгі заман талабына сай салынған құрылыс материалдары қолданылған сәулет және құрылыстар бар. Бірегей сәулеттік үлгідегі «Қазақстан» қонақ үйі мен «Көктөбедегі теле мұнара сияқты құрылыстар достастық мемлекеттердің біреуінен де кездестіре алмайсыз. Аспа жол арқылы баяу тербетіліп баратын шағын трамвай санаулы минуттың ішінде Абай ескерткішінен Көктөбеге алып барады.Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Аспа жолдан жерге қарасаңыз қала алақандағыдай анық көрінеді. Сәулетті де салтанатты, гүлдермен барынша безендірілген Алматы күн сайын өз қонақтарын қарсы алады.

Қала 1929 ж.- 1997 ж. аралығында біздің Қазақстанның астанасы болған.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырып, ҚР-сы егемендік алған соң, Алматы қаласының дамуында жаңа кезең басталды. 1993 ж. Республика Жоғары Кеңесі сессиясы шешімімен «Алма-Ата» қаласы өзінің тарихи атауына сәйкес «Алматы» болып өзгертіліп,қаланың елтаңбасы белгіленді. Ресей империясы мен Кеңестік дәуірде орыстандыру саясаты салдарынан қала көшелеріне берілген өзге ұлт өкілдерінің атымен атылған көптеген көшелерге қазақтың тәуелсіздігі жолында күрес жүргізген мемлекет, қоғам қайраткерлері мен әскери адамдардың атымен өзгертілді. Мысалы: Ресейлік отарлау кезінде Командирская көшесі кеңестік билік кезінде-Киров көшесі, ал тәуелсіздік алған соң Қазыбек би атанды, Генерал Колпаковский даңғылы Ленин даңғылы- тәуелсіздік алғаннан кейін Достық даңғылы атанды. Міне осындай атаулармен қала көшелері бірінен кейін, бірі қазақша атау иеленді. 1995 ж. Алматының кейбір аудандарына жаңа атаулар берілді: Совет ауданы – Алмалы, Калинин ауданы – Бостандық, Ленин ауданы – Жетісу, Октябрь ауданы - Түрксіб, Фрунзе ауданы - Медеу болып өзгертілді. 1997 ж. 28 қаңтарда Алатау және Москва аудандары таратылды. Медеу ауданының әкімшілік қарамағында болған Алатау поселкесі 503 гектар жер көлемімен қалалық жер құрамына қосылды. Қалада қоғамдық ғимараттар мен имраттарды салудағы құрылыс және әрлеу жұмыстарының сапасы мен сәулетшілердің кәсіптік шеберлігінің жоғары деңгейіне қол жеткені анық аңғарылады. Алматы тұтас алғанда еуразиялық қала.Мұнда отандық және дүниежүзілік архитектураның барлық жетістіктері жинақталған. Әлем архитектурасының үлгісі іспетті құрылыс нысандары қазіргі заманға сай бағытты пайдаланушылар 1997ж. Алматыда әлемдік офис салынды [25,49 б.].


1995 жылы қаланың үш ірі құрылысы аяқталды: Республика Призидентінің Резиденциясы, «Рахат паллас». «Анкара» қонақ үйлері. АҚШ-та 70 ж. пайда болған архитектор Де Портман салған отельдер Артиумы 90-шы ж. Алматы қаласына да жетіп, шетел (Австрия және Түркия) фирмалары жобалап салған көпқабатты бесжұлдызды «Рахат Палас» және «Анкара» қонақ үйлерінің композициялық шешімдерінің негізін құрады. Бұл отельдерде қазіргі заманғы әрлеу құрылыс материалдары қолданылған әрі жұмыс сапасы өте жоғары, сондықтан ерекше әсер береді. [25,48 б.].

Қаланың бет –бейнесін ажарландыра түсуде мүсін өнері айтарлықтай рөл атқарды. Қаланың бас алаңында-Республика алаңында Тәуелсіздік Монументі алаңға көрік берген қайталанбас құрылыс. Монументтің авторы -Ш.Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген, ал айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған. Достық даңғылында Ж.Жабаевқа ескерткіш, Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында-Қ.Сәтбаевқа ескерткіш, Достық даңғылы мен Шевченко көшесі қиылысында Т.Шевченкоға ескерткіш, Алматы-2 теміржол станциясы вокзалының алдындағы алаңда Абылайханға ескерткіш және т.б. орнатылды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оның астанасы болған-Алматыға дүниежүзінің көптеген елдерінің өкілдері қоныс тепті.Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Түркия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Корея, Польша, Украйна және т.б. таяу және алыс шет ел өкілдіктері бар. Алматыда 130 дан астам этникалық ұлт өкілдері тұрады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Алматы қаласының мәртебесі және оның алға қарай дамуы бойынша шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, соған сәйкес Алматы республикалық маңыздағы қала болып табылады. 1998 ж. ҚР-ның « Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңы қабылданды. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу

Алматыдағы құрылыс салудың қарқынды жүруі, қайта жаңарту мен қала құрылысын жүргізуді дамыту қалаға қайталанбас көрік беруде. Құрылстардың басым бөлігі өз ерекшеліктерімен тамсандырады және де олар мемлекет қорғайтын ескерткіштер қатарына жатады. Мәртебелі Нұрлытау және шамдары жарқыраған Самал ықшам ауданының жаңа құрылыстары бой көтерген 38 қабатты «Marriott» қонақ үйі сонымен қатар әл-Фараби даңғылындағы көп ғимаратты зәулім үйлер. Қаланың өзінің ерекше сауда- саттық Алматы арбаты көшесінде жергілікті суретшінің ұнаған суретін сатып алуға болады.Қаланың мәдени өмірі бай және әр қилы. Көп ұлтты Алматыда қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс театрлары жұмыс істейді. Алматылықтар бос уақытын өткізетін сүйікті орны Орталық саябақ. Мұнда ғасырлық ағаштар қазіргі заманғы атракциондармен қатар бой түзеп,тоған орнына керемет аквапарк орналасқан. Қалада көгалдандыру Верный қаласы құрылғаннан бастап көп көңіл бөлінеді. Кезінде қазына бағы-қазіргі мәдениет және демалыс саябағы отырғызылды. Пушкин бағы – 1927 ж. Федерация бағы- бүгінде -28 гвардияшы панфиловшылар саябағымен аталды. Кезінде 1892 ж. Орманшы ғалым Э.Бауманның бастамасымен жасанды жасыл алқап, орман саябағы – қазіргі Бауман тоғайы отырғызылды. Э.Бауман Верный кезеңінде 1876-1896 жж. қаланың орман күтушісі қызметін атқарды.Оның орасан зор қызметі қаланы көгалдандыру жұмысын атқарды[27,50б.]. Қазіргі Алматының сәулеті табиғатының қалаға қайта оралуына, тіршілік ортасы мен тұрмыс ортасы үйлесімінің ізденісіне бағытталған. Мегаполистің жасыл көшеттері алуан түрлілігімен ерекшеленеді - өсімдіктің 50-ден астам түрі пайдаланылған. Жасыл алқаптардан бағалы экзотикалық өсімдіктер кездестіруге болады. Бүгінгі Алматыда 145 гектардан астам алаңды алып жатқан 40-тан астам саябақ пен бақтар бар. ХХІ ғасырда қаланың архитектурасын шетелдік инвестициялар елеулі ықпал жасауы барысында шетелдік құрылыс және дизаинерлік фирмалардың қатыстырылуы, жаңа импорттық құрылыс және әрлеу материалдарын қолдануда.

Қалада салынған неғұрлым ірі және бірегей архитектуралық және қоғамдық ғимараттарды зерттеу негізінде, Алматы сәулетшілері отандық және дүниежүзілік архитектураның барлық жетістіктерін пайдалана білген. Олар эстетикалық талғамдық, етене пластикалық көрнекілік, халықтық сәулет өнері және әрлеу жұмыстарында ұлттық ою-өрнек нақыштарын орынды қолдана білген өзінің жоғары кәсіпті ұлттық архитектуралық мектебі салған деген қорытынды жасауға негіз бар. Қала бүгінде ғылым мен мәдениет, білім мен өнеркәсіп және қаржы орталығы. Қаланың архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан.Бүгінде Алматы қаласында 179 тарихи және мәдени ескерткіштер, оның 99 –тарихи және сәулет, 52 – монументальды, өнер және 28 –археологиялық ( оның ішінде 30 ескерткіш республикалық маңызы бар. [26,191б.]. Қорытындылай келе, қаланың қалыптасып даму тарихы мен ондағы тарихи мәдени ескерткіштерін зерттеу барысында, қала мен оның төңірегінде тас,қола, темір дәуірі мен ортағасырлардан қалған сан алуан тарихи –мәдени ескерткіштердің бар екендігіне көз жеткіздік. Археолог, ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ортағасырлардағы қала аумағы мен оның төңірегіндегі Боралдай сақ қорғандары, Есік қорғанынан табылған алтын адам, Қарғалыдан табылған диадема сынды тарихи ескерткіштердің ерекшелігіне тоқталдық. Ортағасырда қаланың өмір сүргендігін айғақтайтын жазба деректер мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар,теңгелер мен ондағы (теңге) жазуды оқу барысында қала аумағында ортағасырларда теңге сарайы болғандығы және Алматы қаласының аты қазіргідей айтылғаны айғақталды. Көптен бері пікірталас тудырып жүрген Алматы қаласының жасы 1000-1100 жыл деген қорытынды негізге алынды. Алматы қаласы моңғол шапқыншылығы, ӘмірТемір мен оның ізбасарларының жаулап алу жорықтарының, Жібек жолымен халықаралық сауданың қысқаруы себептеріне байланысты құлдырағанымен мұндағы отырықшылық өмір тоқтаған жоқ. ХV ғ. ортасында Алматы аумағы қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасу орталықтарының бірі болды.

Патшалы Ресейдің отарлау саясаты кезеңіндегі қала тарихы мен архитектуралық ескерткіштері деген тарауда ХVІІ- ХVІІІ ғ.ғ. басында жоңғар шапқыншылығы салдарынан қазіргі қала мен оның аймағы толығымен оларға бағынышты болғандығы туралы ғылыми зерттеулерге сүйене отырып қысқаша талдау жасалды. Қазақ даласын жоңғарлардан азат ету мақсатында қазақ хандығы Ресейдің бодандығын қабылдауға мәжбүр болғаны туралы тарихи шолу жасалды. Ресейдің отарлау саясаты мақсатында ХІХ ғ. басында салынған әскери бекіністің бірі 1854 жылы(Верный) салынып, 1887 жылы Жетісу губерниясының орталығына айналды. Қаланың Верный деп аталуы жайында пікірлерге талдау жасалды. Қалада 2 рет болған жер сілкінісінің (1887ж.,1910ж.) зардаптарына қарамастан қала тез арада қалпына келтіріліп, ағаштан салынған ғимараттар бүгінде архитектуралық сәулет ескерткіштеріне айналды.

Кеңестік билік кезіндегі Алматы қаласының тарихы мен архитектуралық ескерткіштері деген тарауда кеңес үкіметінің орнауы қала тарихының жаңа даму кезеңін бастады.Қаланың (1929 ж.) астанаға айналуы мен ондағы құрлысын жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Қала құрлысын салуда кеңестік биліктің солақай саясатынан саяси репрессияға ұшыраған архитекторлар, инжинерлер, құрылысшылар және жазықсыз қамауға алынған азаматтар туралы тың мәліметтер қолданылды. Қала құрылысын жүргізуде көптеген мәдени ошақтар,саяси-әкімшілік, ғылыми-мәдени және экономикалық орталықтар салынуы мен қазақ архитектура мектебінің қалану тарихынан мәліметтер келтірілді.

ХХ ғасырдың 60-90 жылдарында қазіргі заман архитектурасының ең көрікті ғимараттарының салынуына талдаулар жасалған. Сондай–ақ ғимараттарды салуда кемшіліктер тек Алматы объектілеріне ғана тән, өрнек пен тәсілге бағытталды.Архитектуралық ескерткіштерді салуда ұлттық қолданбалы және декоративтік өнер элементтері және монументальды өнердің жаңа түрлері (мемориальды ансамбль) қолданылды.

Алматы қаласында 1960-1990жж. кәсіби денгейде көп салынған обьектілер мен әлемге танылған бірегей қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар, архитектура кешендерінің кейбіріне талдау жасалынды.

Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы қаласы мен оның архитектуралық ескерткіштері тарауында, кезінде орыстандыру саясаты салдарынан қала көшелеріне берілген басқа ұлт өкілдерінің аты - қазақтың мемлекет, қоғам қайраткерлері атымен өзгертілді. Қаланың ХХІ ғ. жаңа архитектуралық бейнесі заман талабына сай салынғандығы туралы архитектор Қапанов А.К., Баймағамбетов т.б. еңбектеріне сүйене отырып, талдау жасалды. Қала архитектурасында ұлттық ерекшелік элементтері, табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктерінің орынды қолданылғандығынан мәлімет келтірілген. Қалада салынған ірі және бірегей архитектуралық және қоғамдық ғимараттарды зерттеу негізінде, Алматы сәулетшілері отандық және дүниежүзілік архитектураның барлық жетістіктерін пайдалана білген.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Самашев З.С., Оңғарұлы А. Алматы археологиялық ескерткіштерін сақтау мен қорғау мәселелерінде//Алматы история тысячелетия.-Алматы: «С», -2008. – 240 с., ил. (С.51-60)

  2. Аяган Б.Г. Свод памятников истории и культуры города Алматы.–Алматы: ТОО «Қазақ энциклопедиясы», 2006. – 360С.

  3. Baipakov K.M. Archaeological Cultural Heritage of Almaty. A.Ch. Margulan Institute of Archaeology Archaeological Expertise LLC. –Almaty.-2010.– 139. -12б.

  4. Марьяшев А.Н., Горячев А.А. Поселение эпохи бронзы в верховьях ущелья Тургень и на плато Асы.// История и археология Семьиречья.–Алматы.-2001.с-112-123.].

  5. Алматы жолсерігі. – Алматы: «Gredos» ,-2009. -320б.

  6. АкишевК.А. Курган «Иссык». Исскуство саков Казахстана. М., 1978.

  7. СавельеваТ.В.Археологические исследования средневековых памятни ков на территории Алматы.// Алматы история тысячилетия.- Алматы: «Credo»,- 2008.-240С.,

  8. Chand K. Tourtellote P. Baipakov K.M.Grigoriev F.P. The euolution of steppe communities from bronze age through medieval periods in Southeaster Kazakhstan (Zetysu). Sweet- Briar- Almaty ,2002.

  9. Бернштам А.Н. Золатая диадема из шаманского погребения на реке Каргалинка. КСИИМК, 1940, вып.5, 23-31-бб.,Қазақстан тарихы ( көне заманнан бүгінге дейін) І том.,-А:, - Атамұра баспасы. -1996.–542б.

  10. Байпақов К.М. Жетісу мен Алматы аумағындағы сақ пен үйсіндердің қоныстары. Поселения саков и усуней на територии Жетысу и Алматы Алматы: «Gredo», -2008. – 173б.(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

  11. .Байпаков К.М. Средневековый город Алматы. // Алматы история тысячилетия. – Алматы: «Credo», - 2008.-240С.

  12. Ш.Уәлиханов. Мақалалар, хаттар.-Алматы,-1967.,- 498б.

  13. Әбдуәли Қайдар,Әнес Ғ., Далғабаев Е., Ерғожин Е., Құлмаханов Ш. т.б. Жетісу. Энциклопедиясы. – Алматы: Арыс баспасы., -2004. -712б.

  14. Настич В.Н. Алмату – нейзвестный монетный двор ХІІІ веке. Бартольдовская чтения. –М., 1993. –С.68-69.

  15. Левшин А.И. Описание киргиз – казачьих или киргиз – кайсацсих орд и степей. Алматы.,- 1996. -576.

  16. Әуезов Е.К. Алматы аймағы ХVІІІ ғасырда.(-127-131бб. -129б.) // Алматы история тысячилетия.- Алматы: Credo, -2008. – 240с.,

  17. 17 б Қапанов А.К., Баймағамбетов С.Қ. Алматы архитектурасы мен қала құрылысы. –Алматы: DIDAR Publishing Co, 1998.-352 б.

  18. Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.- 3 том. – Алматы: «Атамұра», -2002. -768 б.

  19. Бекназаров Р.Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі (XVIII-XIX ғғ.). – Алматы. – Ғылым. – 1976., -329б.

  20. Қозыбаев М.Қ., Нұрпейіс К.Н.,Аяған Б.Ғ. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. (Қзақстанның 19ғ. ІІ-ші жартысынан -ХХ ғ.І-ші жартысына дейін) 3 том. -2007. -320 бет.

  21. .Маргулан А.Х., Басенов Т.К., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана. – Алматы., 1959. -172с.

  22. АлдабергеноваД.,Алимғазинов Қ.Ш., Букетова Н., Бүркітбаева Ү., Воронов А.Г. және т.б. Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде. – Алматы., 2010., -335 б.

  23. Жақып Б.Ө. Алматы қаласының көркем суретті тарихы. (Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін) – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», - 2009. -352 бет.

  24. Алматы тарихы.Көне заманнан бастап қазіргі кезеңге дейін. -ІІ том., -Алматы : -423б.

  25. Қапанов А.К., Баймағамбетов С.Қ. Қазақстан архитектурасы- Архитектура Казахстана. –Алматы, «Өнер», 2013. Т.10. -192 б. –қазақша, орысша.

  26. АлдабергеноваД., Алимғазинов Қ.Ш., Букетова Н., Бүркітбаева Ү.,Воронов А.Г. және т.б. Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде. – Алматы., 2010., -335 б.

  27. Токмагамбетов Е.Е. К вопросу состояния охраны и использования историко – культурного наследия города Алматы. (187-193 С.) // Алматы история тысячелетия.-Алматы: «С», -2008. – 240 с., ил.


КОЗГАМБАЕВА ГУЛЬНАР БЕСТИБАЕВНА

КазНУ им.аль-Фараби факультет истории, археологии и этнологии доцент,к.и.н.


ГОРОДА АЛМАТЫ И ЕГО ИСТОРИЧЕСКИЕ КУЛЬТУРНЫЕ ПАМЯТНИКИ

Аннотация.В статье рассмотрена история развития города Алматы, его исторических и культурных памятников, которую можно разделить на 4 этапов. История города восходит к древнейшим временам. Характеризуются исследования древних исторических памятники, обнаруженных на территории современного города. На основе археологических данных изучены историко-культурные памятники, свидетельствующие о расцвете Алматы, а также наступивший в ХV-ХVІ вв. упадок города. Усиление колониальной политики Российская империи в казахской степи, укрепляя свое влияние в Семиречье, и в 1854 году на месте древнего города была построена военная крепость. В советское время в 1921 году название города было изменено на Алма-Ата, а в 1929 году город был объявлен столицей Казахстана. В статье подробно рассмотрена история маленького поселка, превратившегося в столицу республики, в котором были построены административные здания, офисы и дома. В архитектуре города учитываются элементы национальной особенности, сочетается природная красота и достижениями в строительстве, науке и технике. Дано описание на некоторых исторических, архитектурных и монументальных памятников искусства города.

Ключевые слова:город, колониальная политика, исторические памятники,архитекрор
KOZGAMBAYEVA G.B

Al-Farabi Kazakh National University, faculty of history, archeology and ethnology ass.prof.dr.


ALMATY CİTY AND İTS HİSTORİCAL AND CULTURAL MONUMENTS

Since the late twentieth century, Kazakhstan has become a country that is losing its population. Not only by reducing the natural growth, but also as a result of emigration. In this article the authors examine some of the problems of objective and subjective reasons, resettlement Kazakh immigrants from Mongolia to their historic homeland after Kazakhstan gained independence, their settlement by region , as well as strength. The author analyze trends Strategy of the Republic of Kazakhstan, which provides comprehensive support for the Kazakhs, helping them to resettle to their historical homeland. The author notes that immigrants have moved to Kazakhstan without quotas and reason were able to take the citizenship of Kazakhstan, as well as they are often faced with a language problem.



Keywords: diaspora, refugees, repatriation, resettlement, adaptation.
Каталог: edu.history -> media -> upload
upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
upload -> Жандарбек з
upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан
upload -> Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегінің тарихы және осыған орай ғалымдардың әртүрлі пікірлері талданған. Махмут Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» яғма сөзі талданады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет