Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Көміртек пен кремнийдің аллотропиялық түр өзгерістері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары;
2. Көмір қышқылы, диссоциациясы, тұздары, олардың гидролизі;
3.Көмір(ІІ) оксиді, қасиеттері, карбонилдері, тотығу-тотықсыздану реакциялары;
4. Кремний қышқылы, алу, қасиеттері, тұздары.
5. Кремнийдің бейметалдармен қосылыстары, олардың қасиеттері.
Германий топшасы элементтері
Gе, Sn, Рb элементтерінің электрондық конфигурациясы
ns2nр2-болғандықтан, олар катион да, анион да түзіп, қосылыс береді. Gе – жартылай өткізгіш. Sn екі модификациялық түр өзгеріс береді: α- Sn – сұр түсті, кристалл зат -300С маңында ұнтаққа айналады; β-Sn – ақ түсті кристалды зат. Осы 3 элементте +4 және +2 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстар береді: Gе4+, Sn4+, Рb4+ қатар бойынша тұрақтылық кемиді, ал Gе2+, Sn2+, Рb2+ тұрақтылығы артады, сондықтан Э2+ тотықсыздандырғыштар, Э4+-тотықтырғыштар болады. Бұл элементтер табиғатта аз; жер қыртысында Gе 7.10-4%, Sn 4.10-3%, Рb 1,6.10-3% кездеседі. Қалайы мен қорғасынның өздерінің кендері бар, Gе-шашыраңқы элемент, өзінің кені жоқ. 4Аg2S .GeS2 – аргиродит; 3Сu2S . FeS . 2GeS2 – германит. SnО2 – касситерит, Сu2S . FeS . SnS2 – станнин. РbS – қорғасын жылтыры, галенит. РbSО4 – англезит. РbСО3 – церуссит.
Алынуы: GеО2 + 4НСI = GeCI4 +2H2O; GeCI4 +2H2O → Ge(ОН)2 +4HCI.
GеО2 +2Н2 =Gе + 2H2O, реакциясы бойынша таза германий алынады.
2РbS + 3О2 =2РbО + 2SО2, кендегі сульфидтер оксидтерге айналады, ары қарай оксидтерді тотықсыздандырады: РbО + СО = Рb + СО2
электролиз
2Н2О +2Рb(NO3)2 ————→ 4НNO3 + 2Рb + О2 - өндірісте электролиз арқылы алады. электролиз
2Н2О + Sn(NO3)2 ————→ 4НNO3 + 2Sn + О2 - өндірісте қалайыны да таза күйінде электролиз арқылы алады.
Достарыңызбен бөлісу: |