Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар



бет19/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Байланысты:
p-элементтер

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1. IV топтың р-элементтеріне олардың атомдарының электрондық структуралары негізінде жалпы сипаттама беру керек. Топтың бірінші және соңғы элементтерінің қасиеттерін салыстырып, айырмашылығын түсіндіру керек.

2. σ- және π- байланыстар саны сәйкесінше 4 және 0; 3 және 1; 2 және 2 болғанда көміртегі атомындағы орбиталдар гибридизациясын көрсету керек. Мына молекулалардың CH4, CO2, CS2, C2H2 және CO32- ионының геометриялық конфигурациялары қандай? Әр жағдайда көміртегі атомы неше s- және π-байланыстар түзеді?

3. Көміртегі(II) оксидін зертханада және өндірісте қалай алады? СО молекуласында неге байланыс энергиясы (Ебайланыс) жоғары? Металдармен СО молекуласы комплекс қосылыстарды қалай түзеді? Олар қалай аталады және қайда қолданылады?

4. COалу әдістерін көрсетіп, физикалық және химиялық қасиеттеріне сипаттама беру керек. COсуда ерігенде қандай тепе-теңдік орнайды және ерітіндіні қыздырғанда, сілті не қышқыл қосқанда тепе-теңдік қалай ығысады?

5. Көмір қышқылына мына параметрлер бойынша сипаттама беру керек: беріктілік, негіздік, қышқыл күші, гидротұздар түзу мүмкіндігі. Аз еритін карбонаттарды көрсету керек.

6. Карбамидті CО(NH2)(мочевина) алу үшін СОжәне NH10-40МПа қысым, 160-200°С температура қажет. Реакция теңдеуін жазу керек және неге бұл реакция қысым астында жүретінін түсіндіру керек. Карбамид қайда қолданылады?

7. Кальций карбиді азотпен әрекеттескенде кальций цианамиді CaCNжәне көміртегі түзіледі, реакция теңдеуін жазу керек. Цианамид сумен қалай әрекеттеседі? Кальций цианамиді қайда қолданылады?

8. Өндірісте KCN және NaCN алу реакция теңдеулерін жазу керек. Цианид-ионының электрондық құрылысын көрсетіңдер. Комплекс түзгіш қабілетін түсіндіріңдер, металлургияда NaCN және KCN тұздарының қолданылуын көрсету керек.

9. НCN қышқылын техникада катализатор қатысында (ThO2) және қысым астында СО және NHәрекеттесуінен алады, теңдеуін жазу керек. НCN қасиеттерін көрсетіңдер. Оның 1 моль/л концентрациясының диссоциация дәрежесі 0,002% болса, диссоциация константасы қанша болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет