Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері


 Не себебті қалайыны концентрлі тұз қышқылында, ал қорғасынды азот қышқылында ерітеді? 27



бет22/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
p-элементтер

26. Не себебті қалайыны концентрлі тұз қышқылында, ал қорғасынды азот қышқылында ерітеді?

27. PbOұнтағын күкіртпен немесе фосформен өзара үйкегенде жалындайды, бұл құбылыс қандай өндірісте қолданылады?

28. Бірдей жағдайда, қай тұздың Na2SnO2 не Na2SnO3, Sn(NO3)2 не Pb(NO3)2 гидролиз дәрежесі жоғары? Ерітіндідегі қай ионның артық мөлшері бұл тұздардың гидролизін азайтады?

29. Ерітіндіде 0,05 моль Pb2+ ионы, онымен бірге Sn2+ ионы болса, оларды бөлу үшін концентрациясы 2 моль/л KI ерітіндісінің қандай көлемін алу керек.

Жауабы: 50 мл.

30. Массалық үлесі 20% азот қышқылының қандай көлемінде а) Sn; б) Pb; в) құрамында 70% Sn және 30% Pb бар құйма ерітіледі ? Әр үлгіні 100г алған, азот қышқылы NO оксидіне дейін тотықсызданады.

Жауабы: а) 633мл; б) 364мл; в) 552мл.

31. Қорғасын аккумуляторы зарядталғанда және кері процесі жүргенде электродтарда өтетін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

32. 15м3 сутегі (170С және 98,64кПа) алу үшін неше килограмм кремний және 32 % NaOH ерітіндісінің қандай көлемі қажет? Жауабы: 8,6кг; 56,7л.

33. 100г қорғасын(ІІ) нитратын қақтағанда қандай газдар және қандай көлемде бөлінеді? Жауабы: 3,38л оттегі және 13,52л азот диоксиді.

34. Реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: a). Sn(NO3)+ KOH = …,

б). SnCI+ KBrO+ HCI = ….



35. Қорғасынның аз еритін тұздарын көрсетіңдер (жазыңдар).

VA топша элементтері (Азот, Фосфор) Жалпы сипаттамасы. Азотты алу, химиялық және физикалық қасиеттері, қосылыстары,алу, қасиеттері, қолданылуы. Фосфорды алу, қолданылуы, қосылыстары, қасиеттері

Периодтық жүйенің V тобына екі типті элемент N,P және мышьяк топшасы элементтері мен ванадий топшасы элементтері кіреді. Азот – газ, фосфор – қатты зат, бұл екі элемент бейметалдар, мышьяк пен сурьма жартылай металдар, висмуттың металдың қасиеттері басым. VIA топта оттегінің күкіртке қарағанда активтігі жоғары болса, VA топта әсіресе ақ фосфордың азотқа қарағанда активтігі жоғары. Азот молекула күйінде болады, Nмолекуласын атомға бөлу үшін көп энергия керек. Ал азот атомы фосфор атомынан активті. ЭТ= 3,0; ЭТР = 2,1. Азоттың электртерістігі тек оттегі мен фтордан кейін болғандықтан тек осы элементтердің атомдарымен байланыс түзгенде азот атомы оң полюстенеді. Хлормен, броммен түзетін қосылыстары ковалентті полюссізге жақын. Қалған элементтердің атомдарымен байланыс түзгенде азоттың атомы теріс полюстенеді.



7 N )2)5 …2s22p:N + 3×H →:NH3 үш байланыс алмасу механизмі бойынша, яғни ковалентті байланысқа әр элемент өзінің электронын береді, ал NН4+ катионында бір байланыс донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген, яғни бір элемент электрон жұбын береді (азот), ол донор болады, екінші элемент бос орбиталь (сутегі катионы) ұсынады, ол акцептор болады. Азоттың максимал валентілігі IV. NН4+ катионында 4 байланыс болады. Азот қосылыстарында -3, -2, -1, +1, +2, +3, +4, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді, көп кездесетін қосылыстары -3, +5, +3 тотығу дәрежесіне сәйкес. Фосфор атомында тағы бес бос d – орбиталы болғандықтан ол максимал V валенттілік көрсетеді. Фосфор да қосылыстарында -3, +1, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді, ең тұрақты қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +5.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет