Кездесуі, алынуы.Жер қыртысында азот 0, 01 %, ауада 75% болады. Осы 2 элементте (Р, N2) жануарлар мен өсімдік организмінде кездеседі. NaNO3 –чили, KNO3 – үнді, Ca(NO3)2 – норвегия селитралары кен күйінде кездеседі, сонымен бірге ақуыз құрамында, мұнайда, тас көмірде болады. Азоты бар органикалық заттар шірігенде, отынды жаққанда қосылыстағы азот бос азотқа айналады. Ауадағы азот N2 + О2 → NO → NO2+H2O → HNO2+HNO3 айналып, судағы металл иондарымен нитратқа айналады да, өсімдіктер бойына сіңіріледі сосын өсімдік арқылы тірі организмдегі ақуызға айналады, органикалық қалдықтар айрылғанда азот молекулалық күйде қайтадан атмосфераға өтеді.