Зертханада алу: 2NaNO3+H2SO4(конц.) = Na2SO4 + 2HNO3
Өндірісте:
1. Ауадан азотты, судан немесе табиғи газдан сутегіні алып аммиак алады: N2 + 3H2 ↔ 2NH3;
2. Аммиакты катализатор қатысында тотықтырып NH3 + O2 =к NO + H2O;
3. Азот(ІІ) оксидін ауаның оттегісімен тотықтырып 2NO + O2 = 2NO2 ;
4. Азот оксидтерін суда ерітеді 3NO2 + H2O(ыстық) = 2HNO3+NO.
НNO2 түзілмес үшін ыстық суда ерітеді. Азот қышқылы ұшпауы және ыдырамауы үшін процесті вакуумда жүргізеді. HNO3 сумен шексіз араласады, сулы ерітіндіде толық диссоциацияға түседі, күшті тотықтырғыш, металдарды да, бейметалдарды да ерітеді:
As + HNO3 + H2O = H3AsO4 + NO;
S + 6HNO3 = H2SO4 + 6NO2 + 2H2O;
Au, Pt, Os, φr,Nb, Ta, W + HNO3 → ерімейді.
Fe, Al, Cr + HNO3(конц.)→пассивтеледі, яғни оксид қабатымен жабылады. HNO3 сұйық болған сайын, тотықсыздану тереңірек жүреді, себебі сұйық HNO3 -те NO3– иондары аз, сондықтан әр N5+ атомы тотықсыздандырыштан көп электрон алуға тырысады, ал концентрлі HNO3-те, керісінше, N5+ иондары көп болғандықтан, әр HNO3 тотықсыздандырыштан аз электрон алады.
1. 2NO3- + 10e- +12H+ →N2+6H2O
2. 2NO3- + 8e- +10H+ →N2O+5H2O
3. NO3- + 3e- +4H+ →NO+2H2O
4. NO3- + 2e- +3H+ →HNO2+H2O
5. NO3- + 8e- +10H+ →NH4++3H2O
6. NO3- + e- +2H+ →NO2+H2O
7. NO3- + e- +H2O →NO2+2OH
а) конц. HNO3, сутегіден соң металдармен (6) теңдеу бойынша;
Cu(Ag, Hg) + 4HNO3 = Cu(NO3)2 + 2NO2+2H2O;
Сұйытылған HNO3 (3) теңдеу бойынша:
3Cu(Ag, Hg)+ 8HNO3= 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O;
б) активтігі орташа металдар (H2 маңайындағы Fe, Cd, Ni, Sn, т.б. конц. HNO3 (3) теңдеу бойынша: 3Cd+ 8HNO3(конц.) = 2NO + 3Cd(NO3)2 + 4H2O.
Өте сұйық 10HNO3 + 4Cd = 4Cd(NO3)2 + NH4NO3+ 3H2O (5)теңдеу бойынша;
в) активтігі орташа металдар ішінен Со (ерекше) еруі, ол (1) теңдеу бойынша жүреді: 5Co + 12HNO3 → N2 + 5Co(NO3)2 + 6H2O.
Азот қышқылында ерімейтін алтын, платинаны күшті тотықтырғыш «патша сұйығында» HNO3+3HCl ерітеді, олар анионды комплекстер түзеді: HNO3+3HCl = 2Cl(атомдық) + NOCl(нитрозилхлорид) +H2O түзілуі, олар күшті тотықтырғыштар Au + HNO3 + 3HCl = AuCl3 + NO + 2H2O немесе
Au + HNO3 + 4HCl = Н[AuCl4] + NO + 2H2O.
HNO3 тұздары нитраттар, суда жақсы ериді. Нитраттардың ыдырауы катион табиғатына байланысты:
1. Сілтілік, сілтілік-жер металдар нитраттары 2KNO3 = 2KNO2 + O2
2. Активтігі орташа металдар (магний – мыс) нитраттары
Pb(NO3)2 = PbO + 2NO2 + 1/2O2
3. Активтігі өте төмен металдар нитраттары Hg(NO3)2 = Hg + NO2 + O2
бос металл түзе айрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |