Зертханада: Мышьяк(ІІІ) оксиді мен азот қышқылы әрекеттескенде осы оксидтер қоспасы түзіледі: 2HNO3(50%) + As2O3 = 2HAsO3 + NO + NO2;
N2O3 сәйкес қышқылы: HNO2 – азотты қышқыл, тек сулы ерітіндіде болады, тұрақсыз, оны тұздарынан да алуға болады.
a) NO + NO2 + H2O = 2HNO2;
б) АgNO2 + HCl = HNO2 + AgCl↓
в) Ва(NO3)2 + H2SO4 = ВаSO4 ↓ + 2HNO2
Сақтағанда және қыздырғанда HNO2 диспропорцияланады:
3HNO2 = HNO3 + 2NO + H2O; HNO2 тотықтырғыш қасиеті басымырақ:
2HNO2 + 2HI = I2 + 2 NO + 2H2O; Күшті тотықтырғыштар HNO2-ні HNO3 дейін тотықтырады:
5HNO2 + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 2MnSO4 + 2HNO3 + 3H2O + K2SO4 .
Бұл екі реакция нитриттермен де осылай жүре алады.
HNO2 амфолит, яғни амфотерлі қасиет көрсетеді, бірақ қышқылдық қасиеті басым: H+ + NO2- ↔ HNO2 ↔ NO +(нитрозил) +OH- , тұздары нитриттер – оның қышқылдық функциясына сәйкес қосылыстары.
H2SO4 → NOHSO4 – нитрозилкүкірт қышқылы – азотты қышқылдың негіздік функциясына сай қосылысы.
Нитриттерді азот(ІІ,ІV) оксидтерінің стехиометриялық қоспасын сілтіде ерітіп немесе нитраттарды көмір, темір, қорғасын сияқты тотықсыздандырғыштармен қосып қыздыру арқылы алады:
NO + NO2 + 2NaOH → 2NaNO2 + H2O
Pb + NaNO3 → PbO + NaNO2; Нитриттердің тұрақтылығы азотты қышқылға қарағанда жоғары, олар да тотықтырғыштық, тотықсыздандырғыштық қасиеттер де көрсетеді.
NO2 – күшті тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш та болады, парамагнитті молекула, ол диазот тетраоксидімен қалыпты жағдайда тепе-теңдікте болады, себебі оның жұптаспаған электроны бар, ал димерде жалқы электрон жоқ, сондықтан ол диамагнитті: 2NO2 ↔ N2O4. Димерлену процесі экзотермиялық, сондықтан температураны төмендеткенде тепе-теңдік диазот тетраоксиді түзілетін жаққа қарай ығысады.
Азот диоксиді атмосферасында фосфор, күкірт, көміртек жанады:
5NO2 +2P(S,C) → P2O5(SO3,CO2) + 5NO
Достарыңызбен бөлісу: |