Сутекті қосылыстары:
1) N2 +3H2 ↔ 2NH3 – өнеркәсіпте алу реакциясы, Ле Шателье принципі бойынша аммиак түзілетін жаққа тепе-теңдікті ығыстыру үшін температураны төмендету және қысымды жоғарылату қажет, себебі бұл реакция экзотермиялық: 400-5500С, 30МПа, катализатор ретінде темір (аздап алюминий мен калий оксидтері қосылған) қолданылады. NH3 – улы, түссіз, өткір иісті газ. -330С температурада NH3 сұйық, -78 0С қатты болады, яғни tбалқ.= -78 0С;
tқайн. = -330С, оны (болат баллонда) р=7,1.105 - 8,1.105 сұйық күйінде, жоғарғы қысым астында тасымалдайды. NH3 сұйық және қатты күйінде молекуласында сутектік байланыс болады. Сұйық аммиакта сілтілік, сілтілік-жер металдар, күкірт, фосфор, йод, көптеген тұздар мен қышқылдар да ериді. Сұйық аммиактың өзіндік ионизациясы: 2NH3 сұйық ↔NH4+ + NH2– ; Кd = 1,8×10-33 судың диссоциация константасынан әлдеқайда аз. NH3 суда өте жақсы ериді: 00С 1көлем суда 1200 көлем NH3 ериді, сутектік байланыс әсерінен.
NH3+H2O ↔ NH4OH ↔ NH4+ + OH-, Kd = 1,8×10-5 ; NH4+ – аммоний ионы, тұздары суда жақсы ериді, калий тұздарына ұқсас, себебі радиустары жақын: NH4+ = 0,142нм, К+ = 0,133нм; тек гидролиз реакциясында айырмашылық болады, себебі КОН күшті негіз. NH4+ тұздары термиялық тұрақсыз, түзілетін өнімдері анионның қасиеттеріне байланысты. Егер анион тотықтырғыш болса, NH3 – құрамындағы азот тотығады: NH4NO3 → N2О + 2H2O. Бұл реакция формула ішіндегі конпропорциалану реакциясы.
2N-3 – 8e→2N+1
2N5+ + 8e →2N+
Егер анион-тотықтырғыш болмаса, тұз аммиакқа және қышқылға айрылады: (NH3)3PO4=3NH3+H3PO4 .
Аммиак тек тотықсыздандырғыш, ол ауада жанбайды, оттек атмосферасында ғана мына реакция жүреді: 4NH3+3O2=2N2+6H2O, ал катализатор қатысында және 750-9000С температурада реакция былай жүреді:
4NH3 + 5O2 = 4NО + 6H2O, бұл реакция өнеркәсіпте азот қышқылын өндіру процесінде қолданылады.
Аммиак басқа да реагенттердің әсерінен тотығады:
2NH3 + 3CuO = 3Cu + N2 + 3H2O; 2NH3 + 3CI2 = N2 + 6HCI.
NH3 – молекуласында тотықтырғыш болса, мысалы Н+:
Na + NH3 → NaNH2 + 1/2H2;
NH3 – бұл жерде қышқылдық қасиет көрсетіп тұр. NH3 тұздарын – амидтерді − NaNH2 аммиак молекуласы бір протоннан айрылғанда; Na2NH-имидтерді – екі протоннан айрылғанда; Na3N-нитридтерді үш протоннан айрылғанда түзеді.
2) Азоттың басқа сутекті қосылысы N2H4 – гидразин (диамид), оны
2NH3 + NaOCl →N2H4 + NaCl +H2O реакциясы арқылы алады;
N2H4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық, аммиакқа ұқсас:
N2H4 + H2SO4→N2H6SO4 гидразин сульфаты – N2H2 ×H2SO4 .
2NH3 + H2SO4→(NH4)2SO4; N2H4 –те NH3 сияқты тотықсыздандырғыш.
N2H4 + О2 = N2+2H2O; N2H4+2I2 = N2+4HI; Гидразин металдармен әрекеттескенде гидразинид түзіледі: 2 N2H4 +2Na→2NaN2H3+H2;
Азот қышқылын атомдық сутегімен тотықсыздандырып, гидроксиламин:
HNO3 + 6H = NH2OH + 2H2O алады. Ол түссіз кристалл, тұрақсыз, 1000С қопарылыс береді. Азоттың сутекті қосылыстары – NH3, N2H4, HN3. NH2OH молекулалары арасында сутектік байланыс болады, негіздік қасиеті NH3 → N2H4→ NH2OH азаяды. Тұздары гидроксиламмоний деп аталады. NH2OH+ HCl→ NH2OH ×HCl→[ NH3OH]Cl; NH2OH – тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады, бірақ ол реакция ортасына байланысты:
HI + NH2OH → I2 + N2H4 +2H2O pH~8,
I2+2NH2OH=2HI+N2+2H2O pH ~ 9
3) HN3 – сутегі азиді. H+ −N- =N+=N- ; Бұл қосылыста азот атомдары II, III, IV валенттілік көрсетеді. Судағы ерітіндісі азотты сутек қышқылы, оны мына реакция арқылы алады: N2H4+HNO2 = HN3 + 2H2O; НN3 – әлсіз қышқыл, диспропорциялану реакциясына түседі HN3 + H2O → N20 + NH2OH
сусыз жағдайда HN3 қыздырғанда, шайқағанда жарылады:
2HN3 =3N2+H2 ;
Достарыңызбен бөлісу: |