Алынуы. Ca3(PO4)2 +5C + 3SiO2→ 3CaSiO3+5CO+P2 – фосфоритті кремнезем қатысында кокспен тотықсыздандырады. Реакция нәтижесінде түзілген кальций оксидін CaSiO3 шлагіне айналдыру үшін SiO2 қосылады.
СО газ, P2 бу күйінде болады, бұл ақ фосфорды тоңазытқышта суытып, су астында сақтайды. Өндірілген ақ фосфордың біразын қыздырып, қызыл фосфорға айналдырады, ал қалған бөлігінен оттегімен әрекеттестіріп фосфор ангидридін алып, ары қарай суда ерітіп, фосфор қышқылын (термиялық қышқыл) алады.
Қасиеттері: Фосфордың бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар. 10000C-тан төмен температурада Р4 күйінде болады. Одан жоғары болса, P2 болады, 25000C-тан жоғары – Р күйінде болады. Ақ фосфор реакцияға түскіш, жұмсақ. Ақ фосфор + O2, Г2, S әрекеттеседі, фосфор тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді:
4Р + 3О2 (5О2) ↔ 2Р2О3(2Р2О5).
2Р + 3Г2 (5Г2) ↔ 2РГ3(2РГ5).
2Р + 3S (5S) ↔ Р2S3(Р2S5). Ақ фосфор судың астында ұсталады, cумен реакцияға түспейді. Ақ фосфор өте улы, оның 0,15г адамды өлтіреді.
Ақ Р →300C қызыл Р, улылығы аздау. Фосфордың тұрақты модификациясы – қара фосфор. Ақ Р →220C 1200МПа қара Р. Ақ, қызыл фосфорлар – диэлектриктер. Қара фосфор – жартылай өткізгіш, реакцияласқыштығы бойынша ең әлсізі – қара фосфор. Фосфор активті металдармен әрекеттеседі, фосфидтер түзеді:
3Ca + 2P → Ca3P2.
Фосфор тотықтырғыштық қасиеті бар қышқылдармен әрекеттесіп, фосфор қышқылын түзеді: 3P + 5HNO3 конц. + 2H2O → 3H3PO4 + 5NO.
Сілті ерітінділерінде ақ фосфор диспропорциялану реакциясына түседі:
4P + 3NaOH + 3H2O = PH3 + 3NaH2PO2
Қосылыстары: P2O3 →димері P4O6, P2O5 → димері P4O10 .
P2O3 + 3H2O → 2H3PO3 – фосфорлы қышқыл, суда жақсы еритін кристалды зат.
РГ3 + 3H2O → H3PO3 + 3НГ. 2 негізді, күші орташа қышқыл, сондықтан оны былай жазу керек H2[HPO3], тұздары фосфиттер:
6NaOH + P2O3 → 2Na3PO3 +3Н2О және гидрофосфиттер
2NaOH+ P2O3 + H2O → 2NaH2 PO3. Сілтілік металдар мен кальцийден басқа металдардың фосфиттері суда нашар ериді.
4H3PO3 → t0 PH3 + 3H3PO4 диспропорциялану реакциясында түседі,
H3PO3 тотықсыздандырғыш ретінде, хлормен әрекеттесіп, фосфор қышқылын береді:
H3PO3 +Cl20 + H2O→ H3PO4 + 2HCl;
Қышқыл фосфориттерді қыздырғанда дифосфорлы қышқылдың
(H4P2O5) тұздары – пирофосфаттар түзіледі:
2NaH2PO3 → t0 Na2H2P2O5 (пирофосфит) + H2O; H4P2O5 – пирофосфор қышқылы − 2-негізді, тұрақсыз қышқыл.
Фосфордың ең маңызды қышқылы ортофосфор қышқылы. Сусыз таза фосфор қышқылы – түссіз кристалдық зат. Оны фосфаттарды концентрлі күкірт қышқылымен өңдеу арқылы алады:
Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 → 2H3PO4 + CaSO4 немесе оксидін суда ерітіп алады
P2O5 + H2O= (HPO3)2; Ол әлсіз үш негізді қышқыл:
H3PO4 ↔ H+ + H2PO4- pK1=2,2;
H2PO4-↔H++HPO42- pK2=7,3;
HPO42-↔H++PO43- pK3=12,4.
Үш негізді болғандықтан үш қатар тұздар түзеді: дигидрофосфат, гидрофосфат, фосфаттар. Тұздары суда ерісе, гидролизге ұшырайды:
Na3PO4 + H2O ↔ NaOH + Na2HPO4 pH= 12,1
Na2HPO4 + H2O ↔ NaOH + NaH2PO4 pH= 8,9
Ортофосфаттар (аммоний фосфатынан басқасы) температура әсеріне тұрақты. Гидрофосфаттар қыздырғанда суды бөліп ди- және метафосфаттарға айналады:
2Na2HPO4→t0 Na4P2O7 + H2O; Na2HPO4→t0 NaPO3 + H2O.
Ақ фосфорды ауадағы оттекпен өртеп, алынған оксидті суда ерітіп, аса таза фосфор қышқылын алады: P4 + 5O2 → 2P2O5; P2O5 + H2O → 2H3PO4; Ca3(PO4)2 + 3H2SO4 → H3PO4 + CaSO4; Катализатор қатысында жоғары температурада фосфор буы мен су буы әрекеттесіп фосфор қышқылын түзеді:
4P + 16H2O →700C 4H3PO4 + 10H2; Алынған сутекті аммиак алуға қолданып, азот, фосфор тыңайтқыштарын алуға болады. Сонда ресурсты сақтау және қалдықсыз технология іске асады.
P4+-ке сәйкес H4P2O6 – фосфорлау қышқылы – орташа күшті, төрт негізді қышқыл. H4P2O6 + H2O → H3PO3 + H3PO4. Тұздары гипофосфаттар, сілті металдарының тұздары суда жақсы ериді.
H3PO2 фосфорлылау қышқылы, тұздары гипофосфиттер, күшті тотықтырғыш. Метафосфор қышқылы суда еріп, (HPO3)4 + H2O → H6P4O13 – тетраполифосфор қышқылына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |