Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері


Физикалық және химиялық қасиеттері



бет37/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
Байланысты:
p-элементтер

Физикалық және химиялық қасиеттері: Аs – ақ түсті; Sb – көгілдір,

Ві – қызғылтым кристалл заттар. Аs, Sb – жартылай өткізгіштер, Ві−металл. Қыздырған кезде осы үш элемент те оксидтер түзеді: 4Э+3О2→2Э2О3.

Бұл элементтер кернеу қатарында сутегіден кейін тұр: Е0Э3+ /Э, В: Аs(+0,30),

Sb(+0,74), Ві(+0,20). Сондықтан тотықтырғыш емес қышқылдарымен әрекеттеспейді. Аs2О3 суда аз ериді. Sb2О3 және Ві2О3 ерімейді. Sb2Оамфотерлі оксид, күшті қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді:

Sb2О3 + 3Н24 → Sb2(SО4)3 +3Н2О

Sb2О3 + 6НСI→ 2 SbСI3 +3Н2О

ал сілтілермен әрекеттесіп метасурьма және сурьма қышқылдарының тұздарын түзеді:

2NaOH + Sb2О3 → 2NaSbО2 +Н2О

6NaOH + Sb2О3 → 2Na3SbО3 +3Н2О

Аs2Оқышқылдық оксид, Аs2О3 + 6NaOH=2Na3AsO3 +3H2O

Ві2Онегіздік оксид, сондықтан тек қышқылдармен әрекеттеседі:

Ві2О3 + 6НСI→ 2ВіСI3+3Н2О

Аs2О5, Sb2О5, Ві2О5 қышқылдық оксидтер, Н3АsО−мышьяк қышқылы, тұздары арсенаттар; Н3SbО4 –сурьма қышқылы, тұздары−антимониттер Na3SbО4, Na3SbО3; Ві(ОН)3 ↓ тұздары висмутаттар: Na3ВіO3, NaВіO2.

Тотықтырғыш қышқылдарда үш элемент те ериді.

Аs +5НNO3 конц. → Н3АsО4 +5NO+Н2О

орта мышьяк қышқылы

3Sb +5НNO3 конц. → 3НSbО3 +5NO+ Н2О



мета сурьма қышқылы

2Sb +6НNO3 сұйық→ Sb2О3 + 6NO+3Н2О

Ві + 4НNO= Ві(NO3)3 + NO +2Н2О – азот қышқылының концентрациясына байланысты емес.

Үш металл да сілтілермен әрекеттеспейді, тек мышьяк оттегі қатысында сілті балқымасымен әрекеттеседі.

4Аs +12NaOH +5О2=4Na3AsO4+6H2O

Үш элементтің де +3 және +5 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары болғандықтан, тотығу-тотықсыздану реакцияларына түседі:

Аs(+3) − Sb(+3) − Ві(+3) қатар бойынша қосылыстар тұрақтылығы артады.

Аs(+5) − Sb(+5) − Ві(+5) қатар бойынша қосылыстардың тұрақтылығы кемиді, сондықтан тотықтырғыштық активтілігі артады. Н3АsО4 тотықтырғыштық қасиетін тек қышқыл ортада көрсетеді:

Н3АsО4 +2НI =I2 + Н3АsО+ H2O.

Н3SbО4 - те қышқыл ортада тотықтырғыш болады;

Н3SbО4 +2НСI = СI2 + Н3SbО3+ H2O.

Ві5+ қышқыл ортада да, сілтілік ортада да тотықтырғыш болады:

5NaВіО3 + 4Mn(NO3)2 + 6H2O → 5NaВіО2 + 4HMnО4 +8НNО3.

Мышьяк топшасы элементтері сульфидтер түзеді, олар – суда, сұйық тотықтырғыш болмайтын қышқылдарда ерімейтін ұнтақ заттар:

2ЭГ3 + 3Н2S = Э2S3 ↓+6НГ

2ЭГ5 + 3Н2S = Э2S5 ↓+10НГ

Сонымен, сульфидтерді галогенидтерінен алады.

Sb2S3 және Ві2S3 концентрлі НСI ериді, ал Аs2S3 тек тотықтырғыш қышқылдарда ериді:

Э2S3 + 8HCI = 2H[ЭСI4] + 3Н2S

3Аs2S3 +28НNО3 + 4H2O = 6Н3АsО+ 9Н2SO4 +28NО

Э2S3 қышқылдық қасиет көрсететіндіктен негіздермен әрекеттеседі:

Sb2S3 + 6NaOH=Na3SbО3 + Na3SbS3 + 3H2O



натрий стибаты натрий тиостибаты

Э2S3(мышьяк, сурьма) қышқылдық қасиет көрсететіндіктен негіздік сульфидтермен әрекеттескенде тиотұздар түзіледі:

Аs2S3 +3(NН4)2S=(NН4)3АsS3;

Ві2S3 тек калий мен натрийдің сульфидтерінің балқымасымен әрекеттеседі, сонда мета-тиосульфат түзіледі: Ві2S3+ Na2S = 2NaВіS2

Тиотұздар қатты күйінде тұрақты, бірақ олардың қышқылдары бос күйінде белгісіз. Э2S5 тек сульфидтері ғана белгілі, селенмен, теллурмен қосылыстары жоқ: Аs2S5 Sb2S5 Ві2S5 қатары бойынша тұрақтылықтары кемиді, себебі осы қатар бойынша +5 тотығу дәрежелерінің тұрақтылығы азаяды.

2Na3АsО4 (2Na3SbО4) +5Н2S +6НСI =Аs2S5(Sb2S5) + 6NaСI +8H2O

Ві2О5 + 6Н2S +2NaOH = Ві2S5 + 7H2O + Na2S

Аs2Sжәне Sb2S5 қышқылдық қасиет көрсетеді, сондықтан негіздермен және негіздік сульфидтермен әрекеттескенде тиотұздар (тиоарсенаттар мен тиостибаттар) түзеді:

Sb2S5 + 6NaOH = Na3SbО3S + Na3SbS4 +3H2O

Аs2S5 + Na2S=2NaАsS3

Олардың да тиоқышқылдары бос күйінде белгісіз. Тиотұздардың түзілуі мен бөлінуі (қышқыл ортада) сапалық реакциялар жасағанда қолданылады.

Сурьма мен висмуттың (Э3+) тұздары бар, мышьяк үшін белгісіз:

2Sb + 6Н2SO= Sb2(SO4)3 + 3SO+6H2O. Сурьма азот қышқылында ерігенде Sb(NO3)3 түзілмейді, оны былай алады:

SbСI3 + 3AgNO3 = Sb(NO3)3 + 3AgCI↓

Ві +4НNО3 = Ві(NO3)3 + NO + 2H2O

2Ві + 6Н2SO= Ві2(SО4)3 + 3SО2 +6H2O

Ві3+ тұздары суда гидролизге ұшырайтындықтан, ерітіндіде висмутилдер туындылары болады: (ВіО)2SO4, (ВіО)2СO3. Сонымен бірге Ві(NО3)3 тұздары қос тұздар да түзеді: Ві(NО3)3 .2NН44H2O.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет