8. 00C температурада аммиак көлемі (қ. ж.) ол еритін су көлемінен 1176 есе көп болса, түзілген ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша?
Жауабы: 52,5моль/л.
9. 10л суда 2000л (қ.ж.) аммиакты ерітсе, осы ерітіндіде аммиактың массалық үлесі қанша? Жауабы: 13,2%
10. 1моль/л аммиактың судағы ерітіндісінің α = 0,43% болса, Кд мәніқанша болады? 0,1моль/л ерітіндісіндегі α (NH3×H2O) мәні қанша болады?
Жауабы: 1,8×10-5; 1,35%.
11. Жабық ыдыста азот(IV) оксидін қыздырғанда заттардың тепе-теңдік концентрациялары мына мәндерге тең болғанда С(NO2) = 0,06; C(NO) = 0,24; C(O2) = 0,12моль/л тепе-теңдік орнаса, сол температурадағы NO2 оксидінің алғашқы концентрациясын және тепе-теңдік константасын санау керек. Жауабы: 1,92; 0,30моль/л.
12. 10 мл массалық үлесі 15% Kφ ерітіндісімен (ρ =1,12г/мл) әрекеттесу үшін молярлы концентрациясы 0,15 моль/л натрий нитритының қандай көлемі жұмсалады? Бұл реакция қандай ортада жүреді? Түзілген заттардың массаларын есептеу керек. Жауабы: 67,3мл; 1,28г φ2; 0,30г NO.
13. Егер с (NH4Cl) =1моль/л, Ктз (NH4+) = 6×10-10 болса, аммоний хлориді ерітіндісіндегі аммиак молекуласының концентрациясын есептеу керек. Жауабы: 2,45×10-5 моль/л.