Пероксидтер, супероксидтер, озонидтер: Пероксидтер сілтілік, сілтілік-жер металдары оттегіде жанғанда түзіледі: 2K+O2 → K2O2, құрамында О22- анионы бар, тұрақсыз, суда гидролизге ұшырайды, сутек пероксидін түзеді. Сондықтан олар сутек пероксидтерінің тұздары деп саналады.
Супероксидтер сілтілік металдар жоғары қысымда, оттек атмосферасында жанған кезде түзіледі: К + О2 → KO2, олар тұз тәріздес иондық құрылысты кристалдық заттар. Күшті тотықтырғыштар, сумен қуатты әрекеттесіп, оттек бөліп, ыдырайды. 2КО2 + 2H2O = H2O2 + 2КОН + О2.
Озонның электронтартқыштығы жоғары, сондықтан ол сілтілік металдармен немесе олардың гидроксидтерімен оңай әрекеттесіп озонидтер түзеді:
K + O3 → KO3 oзонидтер қызыл түсті, гидролизге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |