Күкірт. Алынуы, қасиеттері, қолданылуы. Қосылыстары,
алу, қасиеттері
Күкіртте 3d-орбиталі болғандықтан, IV, VI валенттіліктерін де көрсетеді. Күкірт атомдары арасындағы байланыс өте берік, жер бетінде 0,05%: бос күйінде, сульфидтер FeS2-пирит, PbS-галенит, сульфаттар CaSO4-ангидрит, BaSO4-барит күйлерінде кездеседі. Минералды су көздерінде – H2S газ күйінде болады.
Алыну. Бос күкіртті кендерден алады. Күкірт сутекті, сульфидтерді тотықтырып алады, сульфаттардан карботермиялық әдіспен алады:
2H2S + О2 → 2S + 2Н2О
SО2 + 2СO → S + 2СO2
Физикалық қасиеттері: бөлме температурасында ромбалық (α-күкірт), сары түсті, суда ерімейді. S-ромбалық → 940С температурада моноклинді, ß- күкірт (S8), тәж сияқты. sp3 – гибридтелу. Сонымен күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері бір-біріне температураға байланысты ауыса алады.
S8 ↔ 4500C ↔S6 ↔6500C ↔ S4 ↔ 9000C ↔ S2 ↔ 15000C ↔ S
S2 парамагнитті О2 сияқты, қалғандары диамагнитті. Күкірт химиялық активті. Кәдімгі жағдайда фтормен тез, сынап пен күміспен баяу, ал қыздырғанда көптеген элементтермен әрекеттеседі:
S + Me → t0 сульфидтер Ме2Sn металл валенттілігіне байланысты түзіледі.
Оттегімен, галогендермен әрекеттесіп, диоксид және дигалогенид түзеді:
S + О2 → SО2 ; S + Г2 → SГ2.
Сілтінің ыстық ерітінділерінде күкірт диспропорцияланады.
3S + 6NaOH = 2Na2S + Na2SO3 +3H2O диспропорциялану реакциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |