Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері



бет57/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
p-элементтер

4. 1кг оттегі қандай көлем (қ.ж.) алады және бұл масса ауаның қандай көлемінде болады(ауада ол 20,9% болады)? 36м3 (қ.ж.) ауада қанша оттегі болады? Жауабы: 0,70м3; 3,35м3; 10,7кг. 1кг KClO3 және KMnOқосылыстарынан қанша оттегі (қ.ж.) алынады? Жауабы: 272л; 70,9л.

5. Мына реакциялар жүргенде: а)1т көмір жанғанда; б)1т мырыш алдамышы жанғанда; в)1т күкірт қышқылын пириттен алғанда ауадағы оттегінің қандай көлемі (қ.ж.) жоғалады?

Жауабы: 8928 м3; 1656 м3; 2050 м3.

6. Құрамында озондалған 50% оттегісі бар ауаның 10л(қ.ж.) көлемін KI ерітіндісі арқылы өткізгенде иодтың қандай массасы бөлінеді? Ауадағы оттегі 21%. Жауабы: 11,9г.

7. Бөлме температурасында оттегі а)сутегімен; б)азотпен әрекеттесе ала ма? Жауапты стандартты Гиббс энергиясына сүйеніп беру керек.

8. Күкірт, селен, теллур атомдары құрлысына байланысты бұл элементтерге қандай тотығу дәрежелері және валенттілік күйлер сәйкес келеді? Жоғарғы гидроксидтерінің формуласы. Күкірт-селен-теллур қышқылдарының осы қатар бойынша қышқылдық қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?

9. Күкіртті, селенді, теллурлы (H2SO3, H2SeO3, H2TeO3) қышқылдарының сипаттамаларын: а)тұрақтылық; б)қышқылдық қасиеттері, в)тотығу-тотықсыздану қасиеттері өзгерістерін реакциялар теңдеулері арқылы көрсету керек.

10. VIА топша элементтерінің сутекті қосылыстарын а) термиялық тұрақтылығы; б) балқу және қайнау температуралары; в) қышқыл-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша қалай өзгеретінін көрсету керек.

11. VI топ элементтерінің қайсысы 6-негізді қышқыл түзеді? Формуласын жазу керек, қалған элементтер неге осындай қышқыл түзбейді?

12. 20 0С күкіртті сутектің судағы ерігіштігі m(H2S/m(H2O) = 4,47г/1000 г. Егер ерітіндінің ρ = 1г/мл болса, осы ерітіндінің молярлы концентрациясы қанша? Жауабы: 0,13моль/л.

13. 0,1 моль/л H2S ерітіндісі үшін α1: [H+]; pH нешеге тең?

Жауабы: 7,75×10-2 % ; 7,75×10-5 моль/л; 4,11.

14. Неге Na2S, K2S тұздарының ерітіндісі сілтілік орта көрсетеді? Мыс(II) және марганец(II) тұздары ерітінділерін күкіртті сутекпен қанықтырғанда, тұнбада тек CuS болады, ал MnS тұнбасы тек ерітіндіге аммиак қосқанда ғана пайда болады. Неге? Қай металдар сульфидтері суда, тұз қышқылында, азот қышқылында ериді?

15. Күкірт(IV) оксидін күкірттен, күкіртті сутектен, натрий сульфитінен, мырыш сульфидінен, темір персульфидінен, күкірт қышқылынан алу реакциялар тендеулерін жазу керек. SO2 оксидінің сулы ерітіндісіндегі тепе-теңдікті жазып және тепе-теңдік қыздырғанда, қышқыл немесе сілті қосқанда қалай ығысатындығын көрсету керек.

16. Na2SOжәне NaHSOерітінділерінің ортасы қандай? Н2SOқышқылының I және II саты диссоциацияларының константаларын пайдаланып, бұл тұздар үшін гидролиз константаларын есептеу керек. Жауабы: 1,59×10-7 ; 6,25×10-13

17. Күкірт қышқылын нитрозды және контакт әдісі арқылы алудың химиялық процесін жазу керек. H2SO4 физикалық және химиялық қасиеттері: тығыздығы; айрылу температурасы; гигроскопиялық және су тартқыш қабілеті; қышқыл күші; тотықтырғыш қабілеті; жай заттармен әрекеттесуі.

18. H2SOконцентрациясына байланысты металдармен әрекеттесу процесінің теңдеулерін жазу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет