Қосылыстары, алыуы, олардың қасиеттері
Sе, Те ауада жанғанда диоксидтері түзіледі:
Те (Sе) + О2 → ТеО2 (SеО2). Бұл диоксидтер-қатты, полимер заттар. SO2 – SeO2 – TeO2 қатары бойынша қышқылдық қасиеттері азаяды.
ТеО2 суда нашар ериді, ол амфотерлік қасиет көрсетеді. SеО2 суда жақсы ериді, екі оксид те сілтілерде жақсы ериді.
(TeO2) SеО2 + 2NaOH = (Na2TeO3) Na2SeO3 + H2O,
TeO2 + 4НСІ → ТеСІ4 + 2H2O
Осы оксидтерге сәйкес селенді және теллурлы қышқылдар тұздары –селениттер мен теллуриттер түзіледі. Бұл қышқылдардың күші H2SO3 − H2SeO3 − H2TeO3 қатар бойынша төмендейді. Бұл қышқылдарды тұздарына күшті қышқылдармен әсер етіп, бөліп алуға болады. Н2SeO3 – ақ, оны диоксидін суда ерітіп те алуға болады, ылғал жұтқыш, қатты зат, егер температура 700С-тан жоғары болса, айрылады; Н2ТеО3 полимеризацияланады, оны ТеО2 . хН2О деп те жазуға болады, амфотерлік қасиет көрсетеді. Екі қышқыл да әлсіз қышқылдар, күшті тотықтырғыштар оларды селен қышқылы мен теллур қышқылына айналдырады.
5Н2SeO3 + 2КМnO4 +3Н2SО4 = 5Н2SeO4 + 2МnSО4 + К2SО4 + 3Н2О
Теллурдың ортотеллур Н6ТеО6 және Н2ТеО4 метателлур қышқылдары бар. Н2SeO4 және Н2ТеО4 селен, теллур қышқылдары. Бұл қышқылдар-түссіз, қатты заттар. Н2SeO4 –күшті қышқыл, Н6ТеО4 әлсіз қышқыл. Н2ТeO4 және Н2SeO4 күшті тотықтырғыштар:
SeO42- + 4H+ + 2e = Н2SeO4 + Н2О, Е = 1,15в
Н6ТеО6 + 2Н+ +2e → ТеО2 + 4H2OЕ = 1,02в
SО42- + 4Н+ +2e → Н2SО3 + H2OЕ = 0,17в
Бұл мәндерден Н2SО4 әлсізірек тотықтырғыш екендігін көруге болады, сондықтан олар НСI-ды СI2-ге дейін тотықтыра алады (Н2SО4 – тотықтыра алмайды):
Н2SeO4 +2 НСI = СI2 + Н2SеО3 + Н2О
Селен қышқылында ыстық күкірт қышқылы да еріте алмайтын алтын ериді:
2Аu+6H2SeO4 =Au2(SeO4)3+3SeO2 +6H2O
бірақ платинаны еріте алмайды, тек селен және тұз қышқылдарының концентрлі ерітінділері қоспасы болса, платина мен алтынды ерітеді (хлор атомы бөлінетіндіктен):
2Н2SeO4+4НСI+ Рt = PtCI4 +2SeO2+4H2O
Селенаттар сульфаттарға көбірек ұқсас: бірдей металдардың селенаттары мен сульфаттары ерігіштіктері бойынша жақын, ашудас сияқты қос тұз түзуге қабілеттіліктері де ұқсас, кристаллохимиялық структуралары жақын. Олардың арасында изоморфизм мысалдары көп, ал теллураттар бөлектеу, ВаТеО4 суда жақсы ериді. Сонымен бірге, селенаттар тұрақсыздау, оттегіні оңай бөледі, ал тотықсыздандырғыштармен қыздырған кезде селенді бөледі.
Ортотеллур қышқылын қыздырғанда триоксид түзіледі.
3000
Н6ТеО6 = 3H2O + TeO3 не H2TeO4 = H2O + TeO3
Селен триоксиды былай алынады: К2SeO4 + SO3 = К2SO4+ SeO3,
SeO3 кристалды зат, суда жақсы ериді, TeO3 суда ерімейді. SeO3, TeO3 күшті тотықтырғыштар, суық тұз қышқылын SeO3 тотықтыра алады, ал TeO3-тек қыздырғанда: ЭО3 + 2НСI → СI2 +Н2ЭО3 әрекеттеседі, РоО3 алынған жоқ.
Селен қышқылы күші бойынша Н2SO4 жақын КD = 1.10-2, ал теллур қышқылы әлсіз КD = 2.10-8.
Сонымен, селен қышқылын SeO3 + Н2О = Н2SeO4 алса, теллур қышқылын тек қыздырып, мына реакция бойынша алады:
t 0
Те + Н2О2 → Н2TeO4 + 2H2O
(30%)
Күкіртті сутектің гомологтары Н2Se, Н2Те – ұшқыш заттар.
Оларды былай алады: АI2Te3 + 6H2O = 3H2Te + 2AI(OH)3 теллуридтерді, селенидтерді суда не сұйық қышқылдарда ерітіп те алады:
FeSe + 2HCI = FeCI2 + H2Se
Олар улы, түссіз, жағымсыз иісті газдар, суда ерітіп, әлсіз қышқылдарын алады. Н2S → Н2Sе → Н2Те қышқылдық қасиеттері артады, себебі халькоген мен сутегі арасындағы байланыстың беріктігі азаяды. Н2Те тек орта тұз түзеді.
Н2S → Н2Sе → Н2Те тотықсыздандырғыш қасиеттері жоғарылайды. Н2Sе және Н2Те судағы ерітінділерінде тотығып, бос Sе,Те бөледі. Газ тәріздес Н2Sе мен Н2Те жанғанда диоксидтер түтінденіп бөлінеді:
2Н2Э + 2О2 → 2Н2О + ЭО2
Селенидтер (металдармен қосылыстары) қасиеттері бойынша көбірек сульфидтерге ұқсас. Сілтілік металдар, мыс және күміс селенидтері мен теллуридтері – стехиометриялық қосылыстар, селенсутек және теллурсутек қышқылдарының тұзы, олар оңай гидролизденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |