Оттекті қосылыстары
Галогендер тікелей оттекпен әрекеттеспейді, тек F2 + O2 → F2O – газ, улы, тек осы қосылыста оттегінің тотығу дәрежесі +2 болады. Фтор сілтімен әрекеттескенде де фтордың оксиді түзіледі.
2F2 + 2NaOH → 2NaF+ OF2+ H2O, бұл реакция нәтижесінде тағы мына заттар түзіледі: О2, О3, Н2О2. F2O – ға сәйкес қышқылы жоқ. F2O – күшті тотықтырғыш:
2H2 + OF2 = 2HF + H2O; SiO2 + OF2 →SiF4 +O2
Хлор(І) оксидінің түзілу процесінің Гиббс энергиясы оң мәнге тең болғандықтан элементтердің тікелей әрекеттесуінен түзілмейді, тек жанама жолмен алады: 2Cl2 + 2HgO = HgCl2 .HgO + Cl2O↑ алынады; Cl2O – газ, улы, суда жақсы ериді. Cl2O + H2O = 2HClO – хлорлылау қышқылы, әлсіз қышқыл.
ClO2 – қоңыр, өткір иісті, улы газ, тез жарылады, сол кезде Cl2 және O2 түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |