Физикалық және химиялық қасиеттері. F2, Cl2 – газдар, Br2 – сұйық, φ2 – қатты зат. Байланыс энергиялары ЕF-F = 151 кДж/моль. Е Cl-Cl = 238 кДж/моль; Бірақ басқа элементтермен қосылыстарында фтор берігірек (H, Cl, Si және басқа), себебі фтор өлшемі кіші және ЭТ (электртерістігі) үлкен.
F2 қыздырғанда инертті газдармен де әрекеттеседі: Хе +3F2→XeF6; Галогендер металдармен әрекеттеседі:
F2 + Au, Pt →AuF3, PtF4;
Мына металдармен Fe, Cu, Ni, Al, Zn + F2 →жай температурада әрекеттеспейді, себебі беттерінде фторид қабаты пайда болады. Бейметалдармен әрекеттеседі: F2 + O2, N2, C → F2O (NF3, CF4); F2 +H2 → 2HF қопарылыспен әрекеттеседі. Фтор атмосферасында мынандай тұрақты қосылыстар да SiO2, H2O жанады: SiO2 + 2F2 ® SiF4 + O22H2O + 2F2 ® 4HF + O2 .
Хлор да мына бейметалдармен әрекеттеседі:
Cl2 + O2, N2, C → CI2O (CI3N, CCI4);
Cl2+H2 →hυ түзбекті реакция. Г – Н арасындағы байланыс энергиясы үлкен болғандықтан, фтор, хлор көптеген сутекті қосылыстардан сутегін алады:
3F2 + 2NH3 → 3НF + NF3; B2H6, SiH4 т.б.
C10H16 - скипидар хлормен әрекеттескенде жанады:
C10H16 + 8Cl2→16HCl + 10C;
F2 → φ2 тотықтырғыштық қасиеттері кемиді, ал F- → φ- тотықсыздандырғыштық қасиеттері артады.
2KBr + Cl2 → 2KCl + Br2 активтігі жоғары галоген қосылыстарынан активтігі төмен галогенді ығыстырады, ал керісінше активтігі төменірек галоген активтігі жоғарырақ галогенді оттекті қосылысынан ығыстырады:
Br2 + 2KClO3 → 2KBrO3 + Cl2;
φ2 + 2HClO4 = 4HφO4 + Cl2.
F2 сумен әрекеттескенде, оны ыдыратады. 2F2+2H2O=4HF+O2 ↑, сонымен бірге O3, OF2, H2O2 түзіледі.
Cl2, Br2, φ2 суда аз ериді, аздап реакцияға түседі.
Cl2, (Br2, φ2) +H2O ↔ НГО+HГ (1). HClO – хлорлылау қышқылы, күшті тотықтырғыш, (1) – реакцияны Н.А. Яковкин 1899 ж ашқан.
HClO→HCl+O, хлордың ағартушылық қасиетін түсіндіреді. φ2 судан гөрі Kφ ерітіндісінде жақсы ериді φ2+Kφ→K[φ3] комплексі түзіледі.
Br2, φ2 органикалық еріткіштерде (CS2, этанол, хлороформ, бензол т.б.) ериді. F2 олармен әрекеттеседі. (Жараны емдеуге йодтың сулы – спиртті 5% және спиртті 10% ерітіндісі қолданылады).
Достарыңызбен бөлісу: |