Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері


Қосылыстары, алу, қасиеттері, қолданылуы



бет50/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
p-элементтер

Қосылыстары, алу, қасиеттері, қолданылуы

Күкірттің бірнеше оксидтері бар, тұрақтылары – SО2, SО3. Табиғатта кездесетін күкіртті жағу арқылы S + О2→ SОнемесе сульфидтік минералдарды өртеу арқылы ZnS + O2 = ZnO + SO2 алады, бұл өндірістегі алу жолдары. (4+) тотығу дәрежесіне сәйкес оксиді өткір иісті, улы газ. Ол суда жақсы ериді.

+ H2O ↔ H2SO↔ H+ HSO3↔ 2H+ SO32-. Бұл тепе-теңдік қыздырғанда не қышқылмен әсер етсе, солға қарай, салқындатса не сілтімен әсер етсе, оңға ығысады. Күкіртті қышқыл тұрақсыз, бос күйінде болмайды, орташа күшті, екі негізді қышқыл.

Зертханада концентрлі күкірт қышқылы мен мысты әрекеттестіріп алады:

Cu + 2H2SO4 → CuSO+ SО+ 2H2O; немесе сульфидтерге қышқылмен әсер етіп: Na2SO+ 2НСІ →2NaСІ + SO+ H2O алады.

Күкірт (ІV) оксиді химиялық активті, себебі молекуласы полюсті, сонымен бірге электрондық жұптың доноры, сондықтан ол комплекс түзу, гидраттану реакцияларына бейім. Бұл оксидте күкірттің тотығу дәрежесі аралық болғандықтан, ол тотығу және тотықсыздану реакцияларына түсе алады:

+2H2S→3S+ 2H2O – күкірт(ІV) оксиді тотықтырғыш, тотықсыздану.

2Na2SO+ О→ 2Na2SO– күкірт (ІV) оксиді тотықсыздандырғыш, тотығу. Күкірт(ІV) оксиді сілтілерде еріп, сульфит және гидросульфит түзеді:

+ NaOH → NaHSO– гидросульфит;

+ 2NaOH→ Na2SO3(сульфит) +H2O. Гидросульфидтер суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды. Қатты күйдегі гидросульфиттерді қыздырғанда дисульфидтер түзіледі:

2NaHSO3-гидросульфиттер → t0 Na2S2O5+H2O пиросульфитке айналады, бірақ H2S2O– пирокүкіртті қышқылы жоқ, себебі тұрақсыз.

Күкірт (ІV)-тің оксогалогенидтері бар, ондағы SO2+ радикалы тионил деп қосылыстарын тионилгалогенидтер дейді:

+PCl5→POCl(оксихлорид) + SOCl2 (тионилхлорид).

Олар тотықсыздандырғыштар болады және суда еріп гидролизге ұшырайды: SОCl2+2H2O→2HCl+H2SO3 суда жақсы ериді; Тионилхлорид – түссіз, өткір иісті сұйықтық.

Күкірт(ІV) – тің туындысы тиокүкіртті қышқыл және оның тұздары тиосульфиттер бос күйінде белгісіз, ал тиосульфаттар бар:

Na2SO+S→ Na2S2O3 – тиосульфат,

Na2S2O3+HCl →2NaCl + H2S2O3 – тиокүкірт қышқылы да күкірт қышқылы сияқты күшті қышқыл, бірақ тұрақсыз:

H2S2O→ S+ SО2 + H2O.

Тиосульфаттар тотықсыздандырғыш, себебі құрамында тотығу дәрежесі -2 болатын күкірт атомы бар, әлсіз тотықтырғыштармен де реакцияға түседі:

2Na2S2O+ φ→ 2Naφ + Na2S4O6. Тиосульфат-ионы лиганда ретінде комплексті қосылыстар құрамына кіреді:

2Na2S2O+ AgBr → NaBr + Na[Ag(S2O3)2].

Күкірт(ІV) оксиді тотықсыздандырғыш қасиетін көрсететін реакцияға сульфурилгалогенидтердің түзілуін де жатқызуға болады:

SO+ Clhυ SO2Cl2 – хлорлы сульфурил, өткір иісті түссіз сұйықтық. Ыстық суда ыдырайды SО2Cl2+2H2O→2HCl+H2SO4

Күкірт (VІ) оксиді 2SО+ О 2SOкатализаторлар қатысында (NO және ванадий (V) оксиді, оған активатор ретінде натрий оксиді мен кремний оксиді қосылады) түзіледі. Қолданылған катализаторларға байланысты: нитроза және контакт әдістері болып бөлінеді. Процесс 5000С маңында жүреді.

Сумен реакциясы өте шабытты жүреді: SO+ H2O → H2SO4;

H2SO– май тәріздес, түссіз, иіссіз моногидрат; H2SO– күшті тотықтырғыш, күшті қышқыл, суда шексіз ериді, судағы ерітіндісі толық диссоциацияға түседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдар сульфаттары термиялық тұрақты, ал активтігі төмен металдар сульфаттары айрылады:

ZnSO4 → ZnO +SO3; Ag2SO4 →2Ag+SO2+O; Гидросульфаттарды балқытса: 2NaHSO4→ t0 Na2S2O7 + H2O дисульфат (пиросульфат) түзіледі. Пирокүкірт қышқылын H2S2O→ H2SO+ SO3, оны оксидті күкірт қышқылында еріткен деп қарау керек. Егер H2SO4-те SO3 ерітсе, олеум (май тәріздес деген сөз) түзіледі. Олеум күшті тотықтырғыш, су тартқыш.

Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері оның ерітіндідегі концентрациясына байланысты. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында металдар активтігіне және қышқылдың концентрациясына байланысты ол күкірт(ІV) оксидіне, дербес күкіртке, тіпті күкіртті сутекке дейін тотықсызданады. Al, Fe, Cr металдары суық концентрлі H2SOпассивтеледі, оксид қабаты пайда болады, сондықтан концентрлі қышқылды болаттан жасалған цистерналарда тасымалдайды.

Жеңіл металдар (ρ<5г/см3) + H2SO4конц. → металл сульфаты+ H2S+ H2O;

(Pt- тобы металдарынан басқа) Ме + H2SO4ыстық конц. → SO(S,H2S) металл активтігіне байланысты + металл сульфаты + H2O;

H2SO4конц. +Me → Hшықпайды, не SO2, не S, не H2S түзіледі.

H2SO4 конц. Hφ, HBr тотықтырадыHCl –ды тотықтырмайды, себебі

φ02СІ/2СІ-=1,36в.

H2SO+8Hφ → H2S+ 4φ2 +4H2O;

H2SO+4HBr→ SO2+2Br2+2H2O;

H+2SOсұйытылған +Me→ Hбөлінеді + металл сульфаты, реакция тек кернеу қатарында сутегінің алдында тұрған металдармен жүреді.

Сұйытылған күкірт қышқылы + Pb → жүрмейді, себебі Pb беті PbSO4 тұнбасымен жабылады. H2SOтұздары → сульфаттар, гидросульфаттар түзіледі. Көп сульфаттарда кристалданған суы болады: Na2SO×10Н2О глаубер тұзы. CaSO4×2H2O - гипс; CaSO4×H2O – алебастр; CuSO4×5H2O; FeSO4×7H2O – мыс, темір купоростары; қос тұздары ашудас (квасцы) деп аталады. KAl(SO4)2×12H2O; KCr(SO4)2×12H2O.

Гидросульфаттарды активті металдар түзеді, суда жақсы ериді, қыздырғанда дисульфаттарға айналады. Дисульфаттар гидролизге түскенде кері реакция жүреді: Na2S2O7 + H2O ↔ 2NaHSO4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет