10. Егер 0,1моль/л KCN 1,2%-ке гидролизденсе, оның гидролиз константасы қанша болады? Жауабы: 1,44×10-5.
11. Қымыз қышқылы қышқыл ортада KMnO4 ерітіндісін түссіздендіреді, өзі СО2 дейін тотығады. 0,0630 г H2C2O4×2H2O 100 мл-лік өлшегіш колбада суда ерітілген. Оның 103мл ерітіндісіне 8,3мл KMnO4 ерітіндісі жұмсалса, KMnO4 ерітіндісінің эквивалентінің молярлы концентрациясы қанша болады? Жауабы: 0,012моль/л.
12. 10мл H2C2O4×2H2O (ρ=1,02г/мл) ерітіндісінде кристаллогидраттың массалық үлесі 7% болса, онымен реакцияласуға эквивалентінің молярлы концентрациясы 0,1моль/л KMnO4 ерітіндісінің қандай көлемі жұмсалады? Жауабы: 113,3мл.
13. Кремний және көміртегі атомдары арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды мына параметрлер: а) атом радиусы; б) валенттілік электрондары мен орбиталдар сандары; в) түзілетін максимал байланыс саны; г) электртерістік мәні; д) максимал тотығу дәрежесінің тұрақтылығы бойынша салыстыру керек.
14. Кремнийдің сілтілерде және азот пен балқытқыш қышқылдар қоспасында еріуі, нәтижесінде H2SiF4 және NO түзілетінін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
15. SiО2 оксидінің үш модификациясының (өзгерулерінің) – кварц, тридимит, кристобалит – қайсысы табиғатта көп таралған? Тау хрусталі, топаз, аметист не екенін көрсету керек. SiО2 оксидіне сілтілер мен газ тәріздес фторсутек немесе балқытқыш қышқыл әсерлерін көрсетіңдер.
16. 0,1моль/л натрий метасиликатының Na2SiO3 I саты бойынша гидролизі (бұл кезде Na2SiO5 екі метасиликат түзіледі) 28%, ал ІІ саты бойынша (бұл кезде Н2SiO3 түзіледі) 6%-ке жүреді. Осы реакциялар теңдеулерін жазу керек, гидролиз нәтижесінде түзілген заттардың графикалық формулаларын жазып, кремний қышқылының күші туралы қорытынды жасау керек.
17. Еритін силикаттардан қалай кремний қышқылын гель және золь ретінде алады? Кремний және көмір қышқылдарының күштері туралы қорытындыны: «сұйық шыны» ерітіндісіне СО2 жібергенде кремний қышқылының бөлінгені бойынша айту керек. Реакция бағыттары туралы қорытындыны: а) СО2 оксидінің Na2SiO3 сулы ерітіндісімен; б) SiО2 оксидін Na2СО3 тұзыменбалқытқанда жүретін реакциялар бойынша жасау керек.
18. Поликремний қышқылдарының құрамын жалпы формуламен көрсету керек. Қандай байланыстар арқылы олар сипатталады? Кварц және қарапайым шыны құрамы қандай? Кварц шынысының қандай қасиеттері олардың қолданылуының негізінде жатыр? 100 кг терезе шынысын алу үшін қажет алғашқы заттар массаларын есептеу керек. Түсті шыныларды (қызыл, жасыл, күлгін, көк және т.б.) қалай алады? Хрустальдың құрамы қандай? Шыны құрамына бор оксидін қосқанда оның қандай қасиеттері өзгереді?