«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет6/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: ыдыстарды дұрыс қолдана білуді;

Түсінеді: шай әзірлеудің ретін;

Қолданады: шай ішуге арналған ыдыстарының аттарын күнделікті өмірде.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ойыншық дүкені (Дидактикалық ойын).

Мақсаты: а) Балаларды сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыра білуге машықтандыру.

ә) Сапа және әрекетті білдіретін сөздерді қолдануға ынталандыру (ақ, жұмсақ қоян, үлкен, мейірімді мысық секіреді т.б.). Ойыншықтардың атауларындағы «б», «п» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттығуды жалғастыру.

б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға үйрету.



Көрнекіліктер: 20 демонстрациялық материал (дүкендегі ойыншық түрлерінің суреттері), № 20 үлестірмелі материал (ойыншық түрлерінің суреттері, топтағы ойыншықтар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнату.

Сөздік жұмыс: аю, ит, мысық.

Билингвальды компонент: аю - медведь, ит - собака, мысық - кошка.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шаттык шенберше турады.

Бәрі бірге қосылып ән айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.





Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

  • Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

  • Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

№ 20 демонстрациялық материалдағы сурет бойынша жұмыс:

-Қандай әдемі дүкен! Дүкенде қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?



  • Динараға тек қана үлкен ойыншықтар ұнапты.

  • Балалар, үлкен ойыншықтарды кім атап көрсетеді?

Үлкен ойыншықтар: Скуби -Ду, Гарфилд, Панда.

  • Осы ойыншық аттарын бірге қайталайықшы?

  • Скуби-Ду - ит, Гарфилд - мысык, Панда

  • аю.

Билингвальды компонент: аю - медведь, ит - собака, мысық -кошка.

Педагог ойыншықтарды атағанда «б», «п» дыбыстарына мән беріп қайталатады.



  • Динара осы ойыншықтардың ішінен Скуби-Ду итін таңдады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Ойыншықтардың арасынан Спанч Бобтың, үрпек Винни және Панданың суреттерін табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ойыншықтардың атауын, түр-түсін сұрау.



Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа бір адым.

Жоғары - төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

«Дүкендегі кезек» дидактикалық ойыны.

Педагог ойыншықтарды қаз-қатар тізіп, сатушы болып отырады, балалар кезекке турып, ұнаған ойыншықтарын сатып алады.



-Бар.

Балалардың жауабы тыңдалды.

- Ойыншықты ұқыпты, таза, сындырмай ұстау керек.

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, дүкендегі ойыншықтарды атайды.
- Үлкен ойыншықтар: Скуби -Ду, Гарфилд, Панда.

Аю - медведь, ит - собака, мысық -кошка. Сөздерін қайталайды.

Қайталайды.

Балалар ойыншықтардың арасынан Спанч Боб, Панда және үрпек Винниді табады.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Ойын барысында он шақты бала кезекке тұрып, сатушыдан ұнаған ойыншығын сатып алады.

Рефлекциялық –түзетушілік

- Балалар, бүгін біз Динараға қандай көмек көрсеттік?

- Оған қандай ойыншық таңдап бердік?

- Өзімізге қандай ойыншықтар ұнады?

- Біз қандай ойын ойнадық?


Балалардың жауабы тыңдалды.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: дидактикалық ойынның шартын түсініп, тапсырмасын;

Түсінеді: ойыншықтардың аттарын кездесетін дыбыстарды қалай дұрыс айту керектігін;

Қолданады: қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы



Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта.

Мақсаты: а) Сөйлем құрастыра білуге, сұраққа дұрыс жауап беруге үйретуді жалғастыру.

ә) Зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруды, дыбыстын дұрыс айтылуын бекіту.

б) Қамкорлыққа баулу, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бірі үлкен, бірі кішкентай әртүрлі киім киген екі қуыршақ.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалардан үйлерінде қонақтарды қалай күтетіні туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: көйлек, аяқкиім, шаш.

Билингвальды компонент: көйлек - платье, аяқкиім - обувь, шаш - волосы.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

- Ауа райы қандай?

-Балалар, сендер ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

- Кімнің қандай ойыншығы бар?

- Балалар бізге қуыршақтар қонаққа келіпті.

Педагогтің үстелінің үстінде қуыршақтар отырады. Педагог олардың атын Әйгерім және Динара деп таныстырады.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Бізде бүгін Әйгерім мен Динара қонақта.

Қуыршақтар әртүрлі екен. Қайсысының жасы үлкен, қайсысының жасы кішкентай?

- Әйгерімнің жасы кішкентай.

-Әйгерімнің көйлегінің түсі қандай?
- Аяқкиімінің түсі қандай? Ол аяғына не киген?

- Кәне, барлығымыз қайталаймыз.
- Еікнші қуыршақтың аты – Динара.

Динараның жасы үлкен.
- Балалар, бізге келген Әйгерім мен Динара сендермен танысқанына өте қуанышты.
Билингвальды компонент: көйлек - платье, аяқкиім - обувь, шаш - волосы.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Үп – үлкен болып өседі.
- Балалар, сендермен қонақ күту ойынын ойнаймыз.



«Қонақ күту» дидактикалық ойыны.

Педагог қонақтарға шай даярлап, қонақ күту мәдениетін үйретеді.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үйлерінде қонақтарды қалай күтетіні туралы сұрау.



- Әйгерімнің жасы кішкентай.
- Көйлегінің түсі қызғылт.
- Аяқкиімнің түсі қызыл. Ол мәсі киген. Басына тақия киген.
- Динара.

- Динараның жасы үлкен.

- Көйлегінің түсікөк, аяқкиімі күлгін түсті.

Балалар қайталайды. көйлек - платье, аяқкиім - обувь, шаш - волосы.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Балалар педагогтің көмегімен қонақ күту ойынын қызыға ойнайды.

Рефлекциялық –түзетушілік

- Балалар, бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

- Біз қонақтарымызды қалай күттік?

Балалар сұрақтарға жауап береді,

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қонақ күту рәсімін;

Түсінеді: зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін қалай құрастыру керектігін;

Қолданады: сұраққа дұрыс жауап бере білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Кімге не керек? (дидактикалық ойын).

Мақсаты: а) Жалпы есімдерді қолдану арқылы (киім, балалар, ұл, қыз т.б.) 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруға жаттықтыру. ә) Зат есім мен сын есімді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруды жалғастыру.

б) Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 22 демонстрациялық материал (қыз бала мен ұлдың суреті), № 22 үлестірмелі материал (қыз бала мен ұлдың және олардың киімдерінің суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: көйлек, жейде, бәтеңке, шалбар.

Билингвальды компонент: көйлек - платье, жейде - рубашка, бәтеңке - ботинки, шалбар - брюки.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балалармен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге Е.Өтетілеуұлының өлең жолын қайталайды.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

22 демонстрациялық материалда берілген суретпен жұмыс.

- Балалар, сендер кімді көріп тұрсыңдар?

- Балалар не істеп жур?

- Айман бесікпен қуыршағын сүйреп жүр.

Асқар машинамен ойнап жүр. Балалар өте көңілді.

Балалар өздерінің киімдері жайлы әңгімелеу.

- Ал енді тобымыздағы ұлдар және қыздармен танысамыз.

- Біздің топта ұлдар бар ма екен? Ұлдарды бір-бірден шығарып, олармен танысу. Жейде, шалбар, бәтеңке, көйлек сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.

Билингвальды компонент: көйлек - платье, жейде - рубашка, бәтеңке - ботинки, шалбар - брюки.

- Біздің топта қыздар бар ма екен? (Қыздарды бір-бірден шығарып, олармен танысу, киген киімдерін айту). Бір ұл бала мен қыз баланы кезектесе отырып шығарып, олардың киімдерін, шаштарын, аяқкиімдерін салыстырады.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкентай ағаштар,

Үп - үлкен болып өседі.

№ 22 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Кімге не керек» дидактикалық; ойыны. Шарты: ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызықпен қосу.

Суретке қарайды, жауап береді.
- Ұл бала және қыз бала.

- Ойнап жүр.

Балалар қайталайды. көйлек - платье, жейде - рубашка, бәтеңке - ботинки, шалбар - брюки.
- Менің атым – Ерлан. Менің шалбарым бар, жейдем бар.

Менің атым – Жанар. Үстімде әдемі қызыл көйлегім бар.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.
Балалар ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызық арқылы сәйкестендіреді.

Рефлекциялық –түзетушілік

  • Балалар, бүгін біз не туралы сөйлестік? (Киім)

Ұл бала мен қыз баланың киімдерінің қандай айырмашылығы бар? Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы. Сабақта алған білімдерін пысықтайды.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қыз бен ұл баланың киімін ажыратуға арналған тапсырманы;

Түсінеді: зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін қалай құрастыру керектігін;

Қолданады: қыз бен ұл балаға арналған киімдерді салыстырып, олардың ерекшеліктерін айта білу ікерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Музыкалық ойыншықтар (сипаттау әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Ойыншықтар туралы 2-3 сөйлем құрастыруды үйретуді жалғастыру (Педагогтің көмегімен).

Таныс ойыншықтарды, олардың сапасы мен белгілері (түсі мен көлемі, дыбысы) арқылы ажыратуға үйрету (мысалы: сыбызғы гуілдейді), қоңырау сыңғырлайды, дауылпаз дүңгірлейді. ә) Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету, бекіту.

б) Музыкалық аспаптардан шыққан әуенді тыңдай білуге жаттықтыру. Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 23 демонстрациялық материал (сыбызғы, да­уылпаз, қоңырау суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: ән-күй залына саяхат.

Сөздік жұмыс: көйлек, жейде, бәтеңке, шалбар.

Билингвальды компонент: сыбызғы - дудка, дауылпаз - барабан, қоңырау - колокольчик.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!


Өлең жолдарын хормен қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

№ 23 демонстрациялық материалды қолдану.

  • Балалар, мына суретте түрлі музыкалық аспаптар көрсетілген, олар түрлі дыбыс шығарады екен.

  • Мынау - сыбызғы. Бұл - музыкалық аспап. Ол - дыбыс шығаратын тесіктері бар ұзынша түтікше. Түтікшені үрлейді, сол кезде гуілдеген дыбыс шығады.

  • Балалар, сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.

  • Балалар, дауылпаз - бұл да музыкалық аспап, ол үлкен дөңгелек болып келеді, дауылпазды таяғымен соққанда, ол «дүң-дүң-дүң» деген дыбыс шығарады.

  • Мынау - қоңырау. Қолға ұстайтын айна тәрізді, көптеген ілгекктерінде кішкентай қоңыраулары бар. Олар сыңғырлайды.

Билингвальды компонент: сыбызғы - дудка, да­уылпаз - барабан, қоңырау - колокольчик.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

«Шапшаң-шапшаң» дидактикалық ойыны. Балалар шеңберге тұрады. Педагог қоңырауды көрсеткенде балалар жүгіреді. Педагог дауылпазды көрсеткенде балалар бір орындарында тұрып, аяқтарын тарсылдатады. Педагог сыбызғыны көрсеткенде, балалар сыбызғы тартқандай болады.


Суретке қарай ды, жауап береді.

Педагогтің көмегімен «сыбызғы» сөзін бірнеше рет қайталайды.

- «Гу-гу-гу» деп қайталайды.

«Дауылпаз» сөзін айтады.

«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

«Қоңырау» сөзін айтады.


Балалар қайталайды:

сыбызғы - дудка, да­уылпаз - барабан, қоңырау - колокольчик.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Шеңбер бойымен жүгіреді Аяқтарын тарсылдатады.
Қолдарымен қимылдар көрсетеді.

Рефлекциялық –түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан бүгін қандай музыкалық аспаптармен танысқандарын сұрау.

- Сыбызғының дыбысы қандай екен?

- Дауылпаздың дыбысы қандай екен?

- Қоңыраудың дыбысы қандай екен?

- Музыкалық аспаптар сендерге ұнады ма?

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

- «Гу-гу-гу» деп қайталайды.

- «Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

- Сыңғырлайды.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: сурет бойынша әр музыкалық аспапты сипаттауға арналған тапсырманы;

Түсінеді: музыкалық аспаптардың аттарында кездесетін дыбыс­тарды қалай дұрыс және анық айтуды;

Қолданады: сұрақтарға толып жауап бере білу іскерліктерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау).

Мақсаты: а) Балаларды ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. ә) «К» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «к» дыбысынын айтылуын меңгерту. б) Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 24демонстрациялық материал (ертегі кеіпкерлерінің суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қандай ертегі білетіндер тура­лы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: бауырсақ, қасқыр, қоян, аю, түлкі.

Билингвальды компонент: бауырсақ - баурсак, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Балалар, үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме?

- Бауырсақтың дәмі қандай?

- Оның түсі қандай?

- Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз.

Амандасады.

- Пісіреді

- Дәмді.

- Сары, қызғылт.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

24 демонстрациялық материал

- Бүгін тындайтын ертегіміздің аты - «Бауырсақ».

Педагог ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып береді

- Ертеде кімдер өмір сүріпті?

- Шал кемпірге не дейді?

- Пісірген бауырсағы қандай болыпты?

- Бауырсақ не істейді? (Бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету).

- Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр ?

- Бауырсақ қандай жануармен кездеседі?

- Балалар, қоян қандай болады?

Коянға бауырсақ не деп ән салды?

- Менің атым - Бауырсақ,.

Мені суға иледі,

Мені майға пісірді.

Терезен алдына

Суытуға қойды.

Атайдан мен құтылдым,

Әжейден мен құтылдым.

Енді сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған, - дейді де әрі қарай домалай жөнеледі.

- Бауырсаққа тағы қандай ән кездеседі?

- Балалар, қасқыр қандай болады?

- Қасқырға қандай ән айтып береді?

- Содан кейін қайсы аң кездеседі?

- Балалар, аю қандай болады?

- Аюға қандай ән айтып береді?

- Содан кейін қайсы аң кездеседі?

- Балалар, түлкі қандай болады?

- Түлкіге қандай ән айтып береді?

- Одан кейін не болады?

- Түлкі құлығын асырып, бауырсақты жеп қояды.

Педагог балаларға жаңа сөздерді қайталатады:
Билингвальды компонент: бауырсақ - баурсак, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - мед­ведь, түлкі - лиса.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Кұлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісін сахналауға жетекшілік етеді. «Қ» дыбысының анық айтылуына мән береді). Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ертегі мазмұнын сұрау.

Тыңдайды.

Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

- Шал мен кемпір.

- «Бауырсақ пісір», - дейді

- Дәмді, қызғылт сары.
- Орманға дөңгелеп кетеді.

- Қоянмен кездеседі.

- Қоян қорқақ, кішкентай.


- Қасқыр.

-Түсі сұр, тістері сояудай. Балалар хормен Бауырсақтың әнін айтады.

- Аю

- Үлкен, маймақ.

Қорбаңдап жүреді Бауырсақтың әнін хормен айтады.

- Түлкі.

- Түлкі қу болады. Бауырсақтың әнін қайталайды.


Балалар қайталайды: бауырсақ - баурсак, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.
Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлекциялық –түзетушілік

- Балалар бүгін біз қандай ертегі тыңдадық?

- Ертегіде қандай жануарлар бар екен?

- Түлкі қандай болып шықты?

Балаларрды мадақтау.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға (сахналауға) арналған тапсырманы;

Түсінеді: музыкалық аспаптардың аттарында кездесетін дыбыс­тарды қалай дұрыс және анық айтуды;

Каталог: uploads -> doc -> 07fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Өсиет. Жалпы мақсаты
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтып үйренейік Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет