«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет5/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: «т»дыбысы кездесетін сөздерді қайталауға арналған тапсырмаларды;

Түсінеді: әр жыл мезгіліне қарай киім түрлерін, оның ішінде қыс- киімдер қалай кию керектігін;

Қолданады: қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Шана тебеміз. (әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Педагогтің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.

ә) Киім (түс және мөлшер), әрекет (тебеміз, жүгіреміз, ойнаймыз т.б.) атауларын бекіту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы - суық, тұрды - құлады). «Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру.б) Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 16 демонстрациялық материал (қысқы ойындар суреттері, № 16 үлестірмелі материал (балалар және оның киімдері суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Қысқы ойындар туралы» әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: шана, аяз, тымақ.

Билингвальды компонент: шана - сани, аяз - мороз, тымақ - шапка.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балалармен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге мына өлең жолын қайталайды.
Бақшамызға барганда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен.



(Е.Өтетілеуұлы).

- Балалар, бізге қонаққа Сауысқан келді. Оның аузында тістеген хаты бар екен. Педагог хат Ақшақардан келгенін, оның «Қыс қызығы» мерекесіне келетіндігін жазғандығығын хабарлайды.

Педагог балаларға Қ. Мырза Әлидің «Шана» өлеңін оқып береді.

Қыр басына шарқ ұрып,

Бір орнында тұрмаймыз.

Шана сүйреп барамыз,

Қырдан төмен ағамыз.

Қалдың тіпті алқынып,

Ұшкан құстай зулаймыз,

Қандай ауыр шанамыз?!

Қандай жеңіл шанамыз?!



  • Шана - қысқы сырғанайтын ойын көлігі. Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылады?

  • Иә, дұрыс, қыс мезгілі туралы.

Балалар педагогпен бірге сәлемдеседі, бірге өлең жолдарын қайталайды.
Қуанады.
Өлеңді тыңдайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

Ендеше, мына жұмбақты шешіп көріңдер.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


  • Аяз - қыс мезгілінің қатты суық күні.

Бнлингвальды компонент: шана - сани, аяз - мороз, тымақ - шапка.


16 демонстрациялық материал Педагог балаларға «Шана тебеміз» суретін көрсетіп, сурет бойынша балаларды әңгімеге тартады.


  • Бір топ бала не істеп жүр?

  • Иә, дұрыс, сырғанап жарысып жур.

  • Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

  • Балалар не теуіп жүр?

  • Қыс қандай екен?

  • Қыста не жауады?

  • Қардан балалар не жасап жатыр?

  • Балалар қалай киініп алған?




  • Жылы, үстерінде тон, баскиім киіп, мойын орағышпен оранған. Қоғап, етік киген. Педагог киімдерді атағанда «т» дыбысының айтылуына мән беру (тон, тымақ). Тымақ - құлағы бар жылы баскиім.

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан

16 үлестірмелі материал

«Қысқы киімдерді ата және киіндір» дидактикалық ойыны.

Шарты: үлестірмелі материалды пайдаланып, суреттегі ұл және қыз баланың киімдерін тапқызу, оларды сызықпен қостыру.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан қысьтық ойын түрлерін сұрау. «Т» дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін айтады, мысал келтіреді.


Сұрақтарға жауап береді



  • Жауабы: қар.




  • Аяз.


шана - сани, аяз - мороз, тымақ - шапка. Сөздерін қайталайды.

Суретке қарап, жауап береді.





  • Ойнап жүр. Сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз, аққала соғамыз.

  • Шана, шанғы теуіп жүр.

  • Көңілді екен.

  • Қар жауады.

Аққала жасап жатыр.


  • Үстеріне жылы тон, баскиім, қолғап, аяқтарына етік киіп алған.

  • Тон, тымақ.


Қимылын келтіріп жаттығуды орынды.

Тапсырманы орындайды. Киімдерді иелерімен сәйкестендіреді.

Балалардың жауабы.




Рефлекциялық -түзетушілік

- Балалар, қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

- Қыстың қандай ерекшелігі бар?

- Сендерге көп-көп рақмет! Барлығың оқу әс-әрекетіне жақсы қатысыңдар!

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: қыс және оның ерекшелігі туралы әңгіме құрастыруға берілген тапсырманы;

Түсінеді: «т»дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетіндігін;

Қолданады: қыстық киім атауларын дұрыс атап, ауызекі тілде қолдана білу іскерліктерін;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы



Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Жасыл шырша жанында (өлең бойынша әңгіме құрастыру, жаттау).

Мақсаты: а) А.Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» атты өлеңінің мазмұны бойынша әңгіме құрастыру, үйрету.

ә) Зат есім, сын есімдерді байланыстырып айтуға үйрету. (Мысалы:и сәнді, тікенек шырша, алуан түрлі ойыншықтар, олар сылдырлайды және т.б.). Тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 17 демонстрациялық материал, № 17 үлестірмелі материал.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: шырша мерекесі туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: шырша, Аязата, Ақшақар.

Билингвальды компонент:шырша-ёлка, Аязата – Дедмороз, Ақшақар – снегурочка.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?

- Ауа рай қандай? (Балалардың назарын әдемі шыршаға аударады). Біздің топта мынадай әдемі шырша бар екен. Ойыншықтары қандай әсем.

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

17 демонстрациялық материал

Педагог балаларға суретті мұқият қараудыұсынады. Содан соң А.Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Балалардан не туралы оқығанын, суретте не көріп тұрғандарын сұрайды.

- Шырша түсі қандай екен?


  • Шырша - Жаңа жылда безендірілетін қылқан жапырақты ағаш.




  • Ол ұзын ба әлде қысқа ма?

  • Қандай түсті ойыншықтары бар екен?




  • Шыршаны айналып кімдер жүр? Не үшін?

Билннгвальды компонент: шырша - ёлка, Аязата - Дед Мороз, Ақшақар - снегурочка.


Балаларга өлең жолдарын жаттауды ұсынады.

  • Жаңа жыл, Жаңа жыл!

  • Жаңа жылда жаңа жыр!

«Жа-сыл шыр-ша жа-нын-да» Билеп барлық бала жүр» деген өлең жолдарын пе­дагог бірнеше рет қайталап, дыбыстарды естірте мәнерлеп оқиды. Алдымен барлық балаларға, кейін жарты топқа, содан кейін бір балаға қарап оқиды.

Педагог өлеңді екі рет мәнерлеп оқып шығады.


Өлеңді балалардың барлығына хормен қайталатады, бірнеше топқа және 2-3 балаға жеке-жеке айтқызады. Сергіту сәті:

Қандай суық қыс деген? Қалтырайды қыс деген. Қулақшынды кимесең, Құлагыңды тістеген.

(А. Асылбеков)

17үлестірмелі материал

Шарты: шыршаның ойыншықтарын жабыстыру. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан шырша мерекесі туралы сұрау.


Суретке қарайды.


Балалар өлең жолдарын тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.




  • Жасыл түсті шыр­ша.




  • Шыршаның түсі жасыл. Ол ойыншықтармен безендірілген.


  • Балалар, Аязата, Ақшақар.



Шырша - ёлка, Аязата -Дед Мо­роз, Ақшақар - снегурочка сөздерін қайталайды.

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап айтады.

Қимылын келтіріп жаттығуды орын- дайды.

Балалар шыршаның ойыншықтарын жабыстырады.


Рефлекциялық -түзетушілік

- Балалар, өлең ұнады ма?

- Өлең не туралы екен?

- Қандай сөздер естеріңде қалды?

- Дұрыс, шырша, жасыл, Жаңа жыл.

- Кім өлеңді айтып беред!?

Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: өлеңнің мазмұнын түсіне білуді;

Түсінеді: өлеңді жатқа айту керектігін;

Қолданады: тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қысқы серуен (әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а)Сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру.

ә) Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.

б) Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 18 демонстрациялық материал, (қысқы серуендегі балалардың суреттері), № 18 үлестірмелі материал (аққала, шырша суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қысқы серуен - шана тебу, аққала соғу.

Сөздік жұмыс: аққала, шана, қар.

Билингвальды компонент: аққала - снеговик, шана - сани, қар - снег.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай?

  • Дұрыс, қазір қыс мезгілі. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Енді мен сендерге осы қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Қыс мезгілі ауа райы суық.




Ұйымдастырушылық – ізденістік

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?



(Ш.Ахметов).

№ 18 демонстрациялық материалмен жұмыс.

  • Балалар, жылдың қай мезгілі суреттелген?

  • Далада не жауып тұр?

  • Балалардың киімдері қандай?

Балаларға өз ойларын айтуға мүмкіндік берейді.

Қыста балалар немен сырғанайды?



  • Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр. Айгүл көңілді ме?

  • Не үшін көңілді?




  • Арман мен Асқат не істеп жатыр?




  • Аққала қандай? Аққала - қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.

  • Иә, балалар қысқы серуенді өте көңілді өткізіп жатыр.

Билингвальды компонент: аққала - снеговик,
шана - сани, қар - снег.
18 үлестірмелі материалмен жұмыс Шарты: аққала мен шыршаны жабыстыру.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан қандай қыстық ойындарды білетінін сұрау.

Сергіту сәті:

(Орындарында тұрып жүгіреді).


«Қыста не болды?» дидактикалық ойыны.

Шеңбер құрып тұрады. Допты бір-біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады. Педагог көмек беріп тұрады.



Өлеңді тыңдайды.

Қыста.
Балалардың жауабы:

  • Қыс мезгілі.

  • Қар жауып тұр.

  • Жылы киінген.



  • Шанамен сырганайды.

  • Көңілді.

  • Оны ағасы шанамен сүйреп жүр.




  • Аққала соғып жатыр.

  • Аққала үлкен, аппақ, домалақ.


аққала - снеговик, шана - сани, қар - снег. Сөздерін қайталайды.

Аққала мен шыршаны жабыстырады. Қимылдар педагогпен бірге жасайды.Допты бір-біріне лақтырып бере отырып қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Рефлекциялық -түзетушілік

- Балалар, мына суретте не бейнеленген екен?

- Жылдың қай мезгілі екен?

- Балалар немен ойнап жүр?

- Өлең не туралы?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы;

Түсінеді: қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін қалай құрастыру керектігін;

Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Шай қайнатуды үйренеміз (дидактикалық ойын).

Мақсаты: а) Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру (шәйнекке шай салып, су құю).

ә) Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.

б) Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: № 19 демонстрациялық материал, (шай ішуге арналған заттар), № 19 үлестірмелі материал (шай ішуге арналған заттар, оларды бір-бірімен сәйкестендіру).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, «ойыншықтар дүкені» ойынын ойнату.

Сөздік жұмыс: ыдыстар, аспаз, нан.

Билингвальды компонент: ыдыстар - посуда, аспаз - повар, нан - хлеб.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

Білер қазақ баласы

Сәлем - сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е. Өтетілеуұлы)



Сұрақтарға толық жауап береді. Бірінің жауаптары н бірі толықтырады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • Балалар, сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме? Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

  • Шай ішкенде үстелдің үстіене қояды?

  • Қазір біз сендермен шай жасап үйренеміз. Ортада педагог. Үстелде шай ішуге арналған ыдыстар: шәйнек, кесе, қантсауыт, қасық.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Кесе, шыны, пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?



(Ыдыстар)

Педагог:


  • Мына қораптың ішінде не бар? Педагог қораптағы шайды қасықпен көрсетеді:

  • Мына шәйнекке шайды саламыз.

Шәйнекке шайды салғаннан кейін үстіне қайнаған су құямыз. Шайды кесеге құямыз, оған керегінше сүт құйып, қант саламыз.

  • Балалар, оны бізге кім даярлайтынын білесіңдер ме?

Мен сендерге К. Ыдырысовтың өлеңін оқып берейін.

Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспаз,

Ақкөңіл жақсы апа

Тұрады ортада.

Тәп-тәтті тағамы,

Апай - ас маманы.

Пісіре білгенге,

Астың жоқ жаманы.




  • Иә, балалар, аспаз апай бізге шай даярлап береді екен.

Аспаз келіп бүгінгі астың атын айтып кетеді.

Аспаз - ас даярлайтын апай.

Билингвальды компонент: ыдыстар - посуда, аспаз - повар, нан - хлеб.

Сергіту сәті:

Дастарқанды жаямыз,

Ыдыстарды қоямыз.

Тағамдарды әкеліп,

Дастарқанға қоямыз.


№ 19 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Орнын тап!» дидактикалық ойыны. Әр затты бір-бірімен сәйкестендіру. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ыдыс - аяқ түрлерін сұрау.




Балалар дөңгеленіп отырады.
Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуге тырысады.

Демонстрациялық материалдағы суреттер бойынша балалардың жауабы.
Өлеңді мұқият тыңдайды.


Балалар қайталайды.

ыдыстар - посуда, аспаз - повар, нан - хлеб.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Балалар әр затты бір-бірімен сәйкестендіріп, оларды сызықпен қосады.

Балардың жауабы.

Рефлекциялық -түзетушілік

№ 19 демонстрациялық материалымен оқу іс-әрекетін қорытындылау.

  • Балалар, бүгін біз сендермен не жасап үйрендік?

  • Мынау ыдыстар қалай аталады?

  • Шайды салғаннан кейін қандай су құяды екен?




Балалардың сурет бойынша жауабы.

Каталог: uploads -> doc -> 07fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Өсиет. Жалпы мақсаты
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтып үйренейік Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет