«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту



бет3/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4773
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: сурет бойынша әңгіме құрастыруды және көкөністерді түсіне сәйкес бояуды;

Түсінеді: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды, ыдыстарды қалай атау керектігін;

Колданады: баяндау (әңгімелеу) мәтінін құрай білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.



Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ерке төлдер (жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты:


а) Педагогтің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме ққрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауды үйрету (бота, ботақандар, қулыншақ, қулыншақтар т.б.).

ә) Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

б) Үй жануарларына қамкорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 7 демонстрациялық материал (үй жануарларының

төлдерімен суреттері, № 7 үлестірмелі материал (үй жануарларының төлдерімен суреттері, оларды төлдерімен сәйкестендіру).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Үй жануарлары» ойынын ойнату.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, қулыншақ, сиыр, бұзау.

Билингвальды компонент: үй жануарлары - домашние жи­вотные, түйе - верблюд, бота - верблюжонок, жылқы - лошадь, құлыншақ - жеребенок.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозгаушылық

Педагог балаларға I. Жансүгіровтың өлеңін оқып,

сұрақ қояды:

- Шөре, шөре лағым

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың, - деп нені айтамыз?


Педагогті мұқият тыңдайды.

- Лақты.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

  • Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Неге үй жануарлары деп атаймыз?

  • Қолда ұстайтын, адам күтіп-бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды. Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні,

терісі - тамақ. Естеріңе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?

  • Иә, дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп, қозыны қошақан, ботаны ботақан, қулынды қулыншақ деп атаймыз.

Педагог үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, әңгіме құрауды ұсынады.

  • Мына жылқы үлкен, құлын кішкентай. Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп атайды.

  • Мынау - ешкі. Қасындағы төлі - лақ.

  • Ал мынау суретте енесіне еркелеп тұр.

  • Түйенің төлі - ботақан. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол жүк тасуға өте ыңғайлы.

Билингвальды компонент: үй жануарлары - до­машние животные, түйе - верблюд, бота - вер­блюжонок, жылқы - лошадь, құлыншақ - жере­бенок.

Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

(I. Жансүгіров)

№ 7 үлестірмелі материалмен жұмыс. «Төлдерін тап?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жа­нуарларын теөлдерімен қайталату.



Үй жануарларын атайды.

Педагогтің көмегімен сұрақтарға жауап береді.




  • Жылқы үлкен, құлын кішкентай.




  • Ешкі үлкен, лақ кішкентай.

  • Сиыр үлкен, бұзау кішкентай.

  • Түйе үлкен, бота кішкентай.


Уй жануарлары - до­машние животные, түйе - верблюд, бота - верблюжо­нок, жылқы - ло­шадь, құлыншақ, - жеребенок сөздерін қайталайды.


Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып,олардың төлдерін тауып сызықпен қосады.

Рефлекциялық -түзетушілік

- Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Малдардың төлерін қалай атаймыз?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс – әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың; төлдерін сызықпен қосуды;

Түсінеді: үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айта білуді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар (ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру).

Мақсаты: а) Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) «Ң» дыбысын қайталату, дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауга тәрбиелеу.

Жаца свздер: жұмсақ, резеңке.

Көрнекіліктер: № 8 демонстрациялық материал (түрлі ойыншық­тар суреттері), № 8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс: ойыншықтар, қуыршақ, машина.

Билингвальды компонент: ойыншықтар - игрушки, қуыршақ - кукла, машина - машина.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозгаушылық

Шаттық шеңберіне тұргызады.

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

- Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.




Шаттық шеңберге тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді
Қуанады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

  • Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(Демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

  • Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?

Билингвальды компонент: ойыншықтар - игрушки, қуыршақ - кукла, машина - машина.

Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді).


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар. Алақай, малақай! Суф! Суф! Ал енді көзімізді ашамыз.

  • Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлемінее тап болдық. 2-3 ойыншықты көрсетеді. (Машина, қуыршақ, доп).

Мынау не? Машина. Ол қандай? Машина жүргенде «ың-ың-ың» дыбысын шығарады екен. «Ң» дыбысын айтайық. Қайталаймыз. Балалар басқа да ойыншықтарын сипатгайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады). Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда

ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді



Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

(I. Жансүгіров)

№ 8 үлестірмелі материалдармен жұмыс. Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.




-Иә!

  • Қуыршақ, маши­на, доп, қонжық, аю, қоян, балапан т.б.


Ойыншықтар - игрушки, қуыршақ, -кукла, машина

машина сөздерін қайталайды.

Сәлемдеседі.

-Иә! Көздерін жұмады. Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді. Ойыншықтарды атап, сипаттайды.

- Мынау – машина. Ол қатты, қызыл әдемі.

«Ың-ың-ың» деген дыбыс шығарады. Қайталайды.

Қоштасады.


Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.



Деген дыбыс шығарады.Рефлекциялық -түзетушілік

  • Бүгін бізге қонаққа кім келд1?

  • Қайда бардық?

  • Нені көрдік?

  • Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

Педагог сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Баллаар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды;

Түсінеді: ойыншыктарды , ұқыпты, күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бізге қуыршақтар келді.

Мақсаты: а) Түрлі қуыршактар туралы қысқа сипаттау мәтінін (әңгімесін) құрастыруға үйретуді жалғастыру. Заттардың белгілерін атауға үйрету (үлкен, кішкентай қуыршақ, әдемі, сәнді көйлек, жағасы ақ).

ә) Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 9 үлестірмелі материал (қолында ойыншықтары бар балалардың суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс: әдемі, көйлек.

Билингвалды компонент: әдемі - красивый, көйлек - платье.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозгаушылық

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

(М. Жаманбалинов)


Шаттық

шеңберге


тұрады.

Қимылмен


көрсетеді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балаларға қонаққа қуыршақ Шолпан және оның інісі Қанат келеді

№ 9 үлестірмелі материалдағы қолында қонжығы бар Шолпан мен машина сүйреткен Қанат бейнеленген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.



  • Қараңдаршы, қандай әдемі, беті-қолы тап-таза. Шолпан қандай көйлек киіп алыпты?

Шолпанның көйлегі қандай? - Қанат үстіне қандай жейде киіп алыпты?

  • Билингвалды компонент: әдемі - красивый, көйлек - платье.

  • Балалар, Қанат пен Шолпан сендермен «Мынау не?» ойынын ойнағысы келеді.

Топтағы ойыншықтарды, оның ішінде аюды көрсетіп:

  • Мынау не?

  • Бұл - аю. Бұл - жұмсақ пүліштен жасалған үлкен аю. Пүліш - жұмсақ мата. Өзі тап-таза, мойнында қызыл таспасы бар. Ал мынау - кішкентай аюдын баласы қонжық.

Қоңыр түсті. Бірнеше баланы шақырып, аюды қолдарына беріп ұстатады. Педагог қолындағы қуыршақ ұл баланы көрсетіп:

  • Бұл баланың аты - Қанат. Кішкентай Қанаттың да сендермен ойнағысы келеді Ол машинамен ойнағанды жақсы көреді, - дейді

  • Балалар, бұл не?

  • Қандай машина?

  • Түсі қандай?

  • Мынау не?

  • Ал мынау ше? (Дөңгелегін көрсетеді).

  • Машинаға кімді отырғызайық?

  • Кім жүргізуші болады?

  • Дұрыс. Қанат болсын.

  • Бәрін отырғыздыңдар ма? Онда жүрейік, - деп педагог өзі машина сияқты «дөөөт-дөөт» деп уілдейді, балалар да қосылып, «дөөөт-дөөт» дейді. Соңынан машинаны үстелдің үстінен алады да: «алысқа кеттік», - деп, ойынды аяктайды.

Сергіту сәті.

Ұзын қулақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

(Т. Бердияров)



№ 9 үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балаларға Қанаттың машинасы мен Шолпанның қонжығының қатты ұнағанын айтып, енді өздеріне де тура сондай машина мен қонжықты бояп алуларын ұсынады. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтары туралы және олардың не себепті ұнайтынын сұрау.

Қуыршақтармен

сәлемдеседі,

танысады.
- Әдемі
- Сәнді, жағасы ақ, көк көйлек.
Әдемі - краси­вый, көйлек - платье сөздерін қайталайды.

Қимылмен көрсетеді.

Балалар көрсеткен үлгі бойын­ша түрлі түсті қарындашпен бояйды.


Рефлекциялық -түзетушілік

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ - жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:



Орындайды: заттардың белгілерін атау (үлкен, кішкентай, әдемі, сәнді) тәрізді тапсырмаларды;

Түсінеді: ойыншықты сипаттау арқылы мәтін түрлері туралы ұғымды;

Қолданады: ойыншықтарды сипаттау кезінде жаңа сөздерді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні 10.11.2014 ж № 4 « Қарақат»



Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Көмекшілер.

Мақсаты: а) Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ыдыс- аяқтар - қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б.) үйрету.

ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың, мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.

б) Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

в) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 10 демонстрациялық материал, № 10 үлестірмелі материал (ыдыс-аяқ суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: ыдыс- аяқтар - қасық, шанышқы, пышақ.

Билингвалды компонент: ыдыс- аяқ- посуда, қасық-ложка, шанышқы-вилка.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозгаушылық

Шаттық шеңбері.

- Қайырлы таң, балалар! Бүгін күн қандай керемет! Кәне, барлығымыз бір – бірімізге жылы, көтеріңкі көңіл силайық!


Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштық сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

(Х. Талғаров).


Балалар педагогпен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

«Көмекшілер» әңгімесін оқу

Педагог балаларға «Көмекшілер» әңгімесін оқып береді. Оқылған әңгіме мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу. Әңгімені қайта оқи отырып, мазмұнын баларға айтқызу.

Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.


  • Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

  • Сендер қайтіп көмектесесіңдер?

  • Балалар, мына бала нені үстелге қоюды ұмытып кетті?

  • Сендер топтарыңда кезекшілік міндеттеріңді атқарасыңдар ма?

  • Қалай көмектесесіңдер?

Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады.

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар мол.

(Пышақ)


Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр,

(Қасық)

- Қасық, шанышқы, кесе, тостаған -ыдыс – аяқтарға жатады.



Билингвалды компонент: ыдыс- аяқ- посуда, қасық-ложка, шанышқы-вилка

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге буамыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

10 үлестірмелі материалдармен жұмыс



«Заттың атын ата» дидактикалық ойыны.

Шарты суретттегі ыдыс- аяқтардың атын атату. Жеек жұмыст ықажет ететін балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ - жауап әдісі арқылы әңгімелесу.


Әңгімені мұқият тыңдайды.
Әңгіменің мазмұнын айтады.

- Анамыз, әпкеміз.


- Нанның ыдысын алып береміз, кеселерді әкеоіп үстел үстіне қоямыз.
- Нан таратамыз, қасық, тәрелкелерді қоямыз.

Педагогтің көмегімен жұмбақты шешеді.


- Пышақ.


- Қасық.


Ыдыс- аяқ- посуда, қасық-ложка, шанышқы-вилка сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.


Балалар суретте бейнеленген ыдыстардың аттарын атайды.

Рефлекциялық -түзетушілік

Балалардың ыдыс - аяқтар туралы алған білімдерін сұрақ- жауап арқылы қорытындылайды.

Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ыдыс- аяқтар аттарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмаларды;

Түсінеді: ыдыстардың не үшін керектігін;

Қолданады: таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білу іскерліктерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиясының техкартасы

Күні

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы.

Мақсаты: а) Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.

ә) Өзара татулық сезімдерін дамыту.

б) Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 11 демонстрациялық материал (суреттер, ойыншықтар: қуыршақ, маймыл, аю, көжек).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс маймыл, көжек.

Билингвальды компонент: маймыл - обезьяна, көжек - зайчик.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.
Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Педагог балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі.


Өлеңді педагогпен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

  • Балалар, сонымен, достар бір-біріне әрдайым көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншілігі мол, бір-бірін сыйлайтын жандар екенін айттық. Енді сендермен «Ойыншықтар достығы» шығармасын тыңдап көрейік.

Ертеде сұлу, әдемі қуыршақ болыпты. Ол өз әдемілігіне масаттанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Достары: аюдың баласы - қонжық, қоянның баласы- көжек, май­мыл («Қ» дыбысының анық айтылуына мән беру керек) оны ойнауға шақырса, бармапты. Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлапты. Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты. Оны байқаған ойыншықтар не істепті?

  • Маймыл не істеді?

Көжек қалай көмектесті?

  • Ал қонжық ше?

  • Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады? Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады. Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып, сұлулығына мақтанбай, достарының барын қуана айта жүріпті.


Билингвальды компонент: маймыл - обезьяна, көжек - зайчик.

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!
«Менің досым» ойыны.

Шарты: балалар шеңбер құрып тұрады. Пе­дагог допты лақтырып, кезек-кезек балаларға сұрақ қояды (қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындап қояды).


- Сенің досың кім?

  • Сен досыңды жақсы көресіңбе?

  • Досыңа қалай көмектесесің


Жеке жұмысты қажет ететін балалармен достық жайлы әңгімелесу.



Балалар бір бірімен дос болып, қолындағы ойыншықтарымен бөлісетін, тату ойнайтындарын айтады.
Шығарманы тыңдайды.


  • Қуыршақты аяп кетіпті.



  • Көйлегінің жыртығын тігіпті.




  • Шашын сәндеді.

  • Ол басынан сипап жұбатыпты.

  • Қонжық болса, қуыршақты жерден көтеріп, орындыққа отыруға көмектесіпті.

маймыл - обезьяна, көжек – зайчик сөздерін қайталайды.

Допты ұстап, сұрақтарға жауап береді. Кейбіреулеріне педагог көмектеседі.


Ойын ойнап, сұрақтарға жауап береді.



Рефлекциялық -түзетушілік

- Балалар, біз бүгін «дос», «достық» деген ұғымдармен таныстық. Достар қашанда бір- біріне көмектесіп, бірге ойнайды екен.


Достық туралы түсінгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға арналған тапсырмаларды;;

Каталог: uploads -> doc -> 07fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Өсиет. Жалпы мақсаты
07fb -> Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтып үйренейік Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет