Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет44/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
14-параграф. Гельминтолог

140. Лауазымдық міндеттері.


карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу, өсімдіктер ауруларымен, өсімдіктердің нематодтарымен (фитогельминттермен) залалданғанын анықтау үшін ауыл шаруашылығы дақылдарына тексеру жүргізеді;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;
карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
зертханалық жабдықты жұмысқа дайындайды;
талдаулар нәтижелерін ресімдейді және есептейді;
биологиялық материал қалдықтарының зарарсыздандырылуын және жойылуын қамтамасыз етеді;
өсімдіктер ауруларының таралуы туралы материалдарды жинайды, олардың зияндылығын анықтайды және олармен күрестің тиімді шараларын әзірлеуді ұйымдастырады;
кәсіпорындарға, шаруашылықтарға аурулармен және паразиттік нематодтармен күрес бойынша іс-шараларды жүргізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
өсімдіктер аурулары мен фитогельминттерді анықтау, олардың зияндылығын айқындау және олармен күрес бойынша іс-шаралар жүргізу жөніндегі ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені зерделейді;
зерттеудің жаңа тесттері мен әдістерін бағалауды жүргізеді;
жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есепке алуды жүргізеді;
белгіленген тәртіпте есептер ұсынады;
нематодтармен күрестің прогрессивті тәсілдері мен әдістерін енгізеді.
141. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Өсімдіктерді қорғау туралы», 
«Өсімдіктер карантині туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерді қорғау және карантин мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, нематодтардың энтомологиясын, негізгі түрлерінің морфологиялық ерекшеліктерін, қызмет көрсетілетін аудандағы ауыспалы егістің құрылымын, негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ерекшеліктерін, өсімдіктер ауруларымен күрес шараларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
142. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты гельминтолог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ІІ санатты гельминтолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты гельминтолог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ гельминтолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ гельминтолог: Еңбек өтіліне талап қоймастан (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет