Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет45/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

15-параграф. Гидрогеолог


143. Лауазымдық міндеттері.
далалық гидрогеологиялық жұмыстар мен бақылаулардың жүргізілуін іске асырады;
гидрогеологиялық жұмыстардың, бұрғылау және гидрогеологиялық бақылау ұңғымаларын қалыптастыру жоспарларын дайындауға қатысады, техникалық құжаттаманы жүргізеді;
грунтты сулардың деңгейі мен химиялық құрамына бақылау жүргізеді;
ұңғымалардың техникалық жөнделуі бойынша жұмыстардың көлемін дайындауға қатысады;
гидрогеологиялық материалдардың камералдық өңделуін жүзеге асырады және картографиялық материалдардың жасалуын қамтамасыз етеді;
суармалы жерлердің мелиоративтік ахуалына, бақылаушы ұңғымалардың техникалық ахуалына, тікелей кәріз ұңғымаларына тексеру жүргізеді, кәріз жұмысының тиімділігін бағалайды;
гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу барысында нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
тематикалық есептерді дайындау мен суармалы жерлерде гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды жасауға қатысады.
144. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңдары,
2017 жылғы 27 желтоқсан № 125-VI ЗРК «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі,
сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық құқықтық актілері, гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, бұрғылау жұмыстарын жүргізудің технологиясы мен оны ұйымдастыру, гидрогеологиялық құралдар жұмысының негізгі қағидалары мен сипаттамалары, жалпы нормалар, ережелер мен сипаттамалар, өлшеу құралдарын тексеру, еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздің ережелері.
145. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты гидрогеолог маман: (гидрогеология және инженерлік геология, суды қолдану және су ресурсы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты гидрогеолог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес маман.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты гидрогеолог маман: (гидрогеология және инженерлік геология, суды қолдану және су ресурсы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және екінші санаты гидрогеолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты гидрогеолог маман: (гидрогеология және инженерлік геология, суды қолдану және су ресурсы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ гидрогеолог лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ гидрогеолог маман: еңбек өтіліне талап қоймастан (гидрогеология және инженерлік геология, суды қолдану және су ресурсы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (гидрогеология және инженерлік геология) мамандығы бойынша техникалық (орта арнайы) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі талап етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет