Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы


Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту



бет6/27
Дата05.05.2020
өлшемі78,22 Kb.
#65848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
батп курсовой


1.3 Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту



Ойын дегеніміз – адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 3 - 5 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез - құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың , бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту - тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан - жақты дами алады.

Ойын – бұл адамның мінез-құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс – әрекеттің бір түрі болып саналады.

Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру.

Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Ойын - қарым-қатынас құралы. Балалармен жүргізілетін ойын түрлері баланың ойлау мен қиял және барлық танымдық процестеріне әсері мол.

Ойын әдісін қолдану барлық сабақтарға тән. Мысалы, ойын арқылы тіл сабақтарында балалар ел тарихымен танысады, математика сабақтарында логикалық ойлау қабілеттері қалыптасса, дүниетану сабақтарында олар айналамен танысып, табиғат жөнінде түсініктері кеңейеді.

Ойын балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, ұйымшыл болуына мүмкіндік жасайды. Ойын әрекеті арқылы балалардың танымдық қызығушылықтары кеңейеді. Ойын жүйелі түрде тақырыпқа сай жүргізіліп отырса, балалар келе - келе өз беттерінше сұрақ бере білуге машықтанады, тыңнан ойын құрастыруға талпынады, оқылған тақырып бойынша өз тұжырымын айта алатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет