Эпидемиологиясы.
Түйнеме
–
зооноз.
Аурудың
негізгі
көзі
әртүрлі
ауылшаруашылық малдар (қой – 45-55%, ірі қара мал- 32-37%, жылқы мен бұғы – 5%,
ешкі, есек, түйе – 1%, шошқа - 4% және өте сирек ит, мысық да аурады); кейбір жабайы
аңдар (марал, қоян, киік, қасқыр, шиебөра, аю, жолбарыс, арыстан, пума, борсық).
Жануарлар түйнемені алиментарлы жол арқылы (шөппен, сумен, жеммен бірге топырақты
жұтып), трансмиссивті (жигалка шыбыны, шіркейлер шаққанда) жұқтырады. Спора
фагоциттердің ішінде лизиске ұшырғанда жануарларда ауру дамиды. Залалданған
жануарларда ауру жайылмалы түрінде өтіп, 95% өлімге ұшырайда. Түйнемені
атжалмандар, бақалар, құстар қабылдмайды, оларда И.И. Мечниковтың пікірі бойынша
(1951) фагоциттердің түйнемелік бациллаларды жұту қасиеті жоғары. Ауру адамға келетін
болсақ, олар аурудың көзі бола алмайды, ауру адамнан түйнеменің сау адамға жұғуы
ғылыми дәлелденбеген мәселе.
Берілу жолдары
:
1)
Контактілі-жарақаттық (ауру мал және ет өнімдерімен жанасқанда,
малды күту, сою, етін бөлшектеу жағдайларында);
2)
трансмиссивті (жигалка шыбыны, шіркейлер шаққанда: олар бірінші
жануарларды шағып сосын адамға шапқанда);
3)
алиментарлы
(термиялық
өндеуі
шамалы
ет
тағамдарын
қабылдағанда);
4)
аэрогенді (аэрозоль арқылы – споралары бар шаң–тозаң тыныс
жолдарына түскенде).
Берілу факторларға – ауру малдан алынатын өнімдер: еті, сүті, жүні, терісі, сүйегі,
және ауру мал жайылған немесе көмілген топырақ , т.б. жатады.
Өмірде кездесетін кездейсоқ жағдайлар да көңіл аударуға тұрады:
- Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында бір жанұяда 1 жасар, 12 жасар бала мен
олардың 39 жастағы шешесі түйнемемен аурады. Анықтай келгенде балалардың шешесі
кезінде мал көмілген жерден далада қурап жатқан асықты үйге теріп әкелген, олармен
жаңағы балалары ойнаған. Сөйтіп ауру сүйек арқылы жұққан;
-Бір әйел мал қорасын сылап болған соң бірнеше күннен кейін түйнемемен ауырады.
Анықтай келгенде науқас балшыққа көң қосқанынын айтады;
-Бір адам қи мен тезек дайындап жүргенде ауырады. Анықтай келгенде көршінің
сиыры осыдан бір неше жыл бұрын ауырып арам өлгені анықталды;
-Бір кішкентай баланы самарға суға шомылдырғаннана кейін ауырғаны анықталған.
Сұрай келгенде осының алдында жаңағы самарға саңырауқұлақты жуып тазартқан. Ал
саңырауқұлақ өскен жердің топырағында түйнеме таяқшасының спорасы болса керек;
-Сол даладан теріп әкелген гүл (қызғалдақтың) ауру шақыруына себеп болғаны
ғылыми деректерде жазылып қалдылылған;
-Бір адам жүннен тоқылған мочалканы базардан сатып алып суға түскен. Біраздан
кейін үстіне түйнеме жарасы қаптап кеткен. Осымен бірге малдың терісінен, жүнінен
жасалған жаға, қолғап, байпақ кигеннен кейін жарақаттар болған теріде түйнеменің пайда
болғаны белгілі.
109
Қабылдаушы макроорганизм.
Жиілей ауруға ауыл тұрғындары (95%), кәсіптік
топтар (малшылар, ет комбинатының қызметкерлері, шашлык дайындаушылар). Ауру
жаз-күз айларында өршиді.
Достарыңызбен бөлісу: |