ЕРЕКШЕ БӨЛІК 2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ 4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ 24-бап. Еңбек шартының нысанасы Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек
тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген
еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта,
жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге
уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.