Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет41/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң
361-бабының ("Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы
26 наурыздағы N 240-III Қазақстан Республикасы Заңының  редакциясында) бiрiншi бөлiгi және төртiншi бөлiгi (бiрiншi бөлiктiң саралау белгiлерiн анықтауға қатысты) конституциялық емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 2-тармағына сәйкес конституциялық емес деп танылған, оның iшiнде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылады және қолданылуға жатпайды, ал "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабының 2-тармағына сай мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағы негiзiнде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының өтiнiшi бойынша "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы"

2007 жылғы 26 шiлдедегi N 310-III Қазақстан

Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының және

25-бабының 1-тармағы 6) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2008 жылғы 23 сәуiрдегi N 4 Нормативтiк Қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты


И.Ә. Әмiровтiң,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


Р.Қ. Сәрпековтiң,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы М.Т. Әлiмбековтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi – Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы 26 шiлдедегi


N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Ү.М. Стамқұловтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сарапшының – заң ғылымдарының кандидаты, Каспийлiк қоғамдық университеттiң профессоры С.И. Климкиннiң қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2008 жылғы 1 сәуiрде Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы
26 шiлдедегi N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының
6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.

Ұсыныстан келiп шығатыны, Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 сотының iс жүргiзуiнде М.В. Дэррдiң және


М.П. Борлистiң "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қостанай қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi – Халыққа қызмет көрсету орталығы) талаптары бойынша азаматтық iстер жатыр. Тiркеушi органға құжаттарды берудiң алты айлық мерзiмiн өткiзiп алуына байланысты (Заңның 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы), Халыққа қызмет көрсету орталығының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге (бұдан әрi – мемлекеттiк тiркеу) құжаттар қабылдаудан бас тартуы көрсетiлген азаматтардың сотқа жүгiнуiне негiз болған. Аталған Заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау процесiнде Қостанай облысы Қостанай қаласының N 2 соты, Заңның 9-бабының 3-тармағы және 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының


26-бабында баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапқан. Өз ұсынысында сот "Заңның 25-бабы
1-тармағының 6) тармақшасында көзделген алты айлық мерзiмдi өткiзiп алуы себептi, мемлекеттiк тiркеуге келiп түсетiн құжаттарды қабылдаудан бас тарту жылжымайтын мүлiк иесiнiң конституциялық құқықтарын бұзады. Тiркеудiң болмауы заң жүзiнде мүлiкке иелiк ету, пайдалану және билiк етудiң мемлекет қамтамасыз еткен заңды мүмкiншiлiгiне кедергi келтiредi, жеке меншiк құқығына кепiлдiк берiлетiндiгi және меншiк иесiнiң құқықтары шектелуiне жол берiлмейтiндiгi туралы конституциялық принципке қайшы келедi", деп атап көрсеткен.

Ұсыныста, заңмен белгiленген мерзiмдердi, егер олар сот дәлелдi деп таныған себептермен өткiзiлiп алынса, сот қалпына келтiре алады деп атап көрсетiледi (1999 жылғы 13 шiлдедегi


N 412-I Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң
128-бабының екiншi бөлiгi). Осыны негiзге ала отырып, Қостанай қаласының N 2 соты "тiркеу мерзiмi дәлелдi себептерсiз өткiзiлiп алынған жағдайларда заң ұқсастығын қолдана отырып (ҚР АК-тiң
5-бабы), сот оларды қалпына келтiруден бас тартуға мiндеттi" деп пайымдайды. Соттың пiкiрiнше, құжаттарды тiркеу мерзiмiн қалпына келтiруден бас тарту меншiк иесiнiң дауланбайтын, заңмен кепiлдiк берiлетiн құқықтары бұзылуына әкеп соқтырады.

Осыған байланысты, сот Конституцияның 78-бабына сәйкес азаматтық iстер бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, Заңның


9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының
6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.

"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы 26 шiлдедегi


N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы 6) тармақшасының конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының меншiк туралы ережелерi, адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнығуының саяси-құқықтық бастауларын құрайды.

Конституцияның 6-бабы 2-тармағының нормаларында "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" деп көзделген. Бұл, меншiктiң құқықтық тәртiбi, меншiк иесiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi заңмен реттеледi дегендi бiлдiредi (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 19/2 қаулысы).

1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 268-ХIII Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 118-бабының


1-тармағына сәйкес (бұдан әрi – Азаматтық кодекс), қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), сондай-ақ мәмiлелер, егер заңда және өзге де заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап туындайды (Азаматтық кодекстiң 155-бабының 1-тармағы, Заңның 7-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстiң 236-бабының 3-тармағымен, қозғалмайтын мүлiк мемлекеттiк тiркелуге тиiс реттерде, оған меншiк құқығы осылайша тiркелген кезден бастап пайда болатыны көзделген.

Мемлекеттiк тiркеу – "осы Заң мен өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттiк тiркеудiң өзге де объектiлерiн мемлекеттiң тануы мен растауының мiндеттi рәсiмi" (Заңның 1-бабының 6) тармақшасы).

Мемлекеттiк тiркеудiң мiндеттi сипаты, қандай да бiр мерзiм аяқталуына қатыссыз, заңды түрде алынған мүлiкке құқықтарды тиiстi тiркеушi орган белгiленген тәртiппен тiркеуге тиiс


екендiгiн бiлдiредi.

Заңның 9-бабының 1-тармағымен көзделген мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң мерзiмi, бiр жағынан, азаматтарды құжаттар берудiң заңмен белгiленген мерзiмiн сақтауға, екiншi жағынан, – мемлекеттi тиiстi құқықтардың заңды түрде туындауын, ауысуын немесе тоқтатылуын тануы мен растауының рәсiмiн қамтамасыз етуге мiндеттейдi. Жылжымайтын мүлiкке заңды негiзде иелiк етiп, пайдаланып жүрген тұлға бұл мүлiктi тiркетуге мiндеттi және тiркеушi органнан мемлекеттiк тiркеумен байланысты iс-әрекеттер жасауды талап етуге хақылы.

Конституциялық Кеңес, мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң белгiленген алты айлық мерзiмi жылжымайтын мүлiкке құқықтың және онымен жасалатын мәмiлелердiң құқықтық айқындылығы қамтамасыз етiлуiне септiгiн тигiзуге қаратылған, деп пайымдайды. Көрсетiлген мерзiм сондай-ақ тәртiптеу сипатына ие, өйткенi оны сақтамағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген (2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 354-3-бабы).

Осылайша, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, мемлекеттiк тiркеудiң мiндеттi сипаты, құжаттарды беру үшiн заңмен белгiленген мерзiмдi өткiзiп алу айыпты тұлғалардың жауаптылығы (әкiмшiлiк жауаптылығы) нысанындағы құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкiн екендiгiн, бiрақ құжаттар қабылдаудан және құқықты (құқық ауыртпалығын) тiркеудiң өзiнен бас тарту үшiн негiз болуға тиiс еместiгiн бiлдiредi.

2. Негiзгi Заңның 76-бабының 2-тармағына сәйкес сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.

Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы


N 21/2 қаулысында, Конституцияның 76-бабы 2-тармағының ережесi "меншiк құқығының даусыз тәртiппен тоқтатылуына жол бермейдi" деп атап көрсетiледi. Негiзгi Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес "әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", бұл "кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн сотқа шағынуға құқығы бар" екенiн бiлдiредi (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2 қаулысы). Сот арқылы қорғалу құқығы iс жүргiзу құқығына жатады және адам оны бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негiзгi құралы ретiнде пайдаланады (Конституциялық Кеңестiң
2001 жылғы 11 мамырдағы N 5/2  қаулысы).

Жоғарыда баяндалған құқықтық позицияларды негiзге ала отырып, Конституциялық Кеңес, мемлекеттiк тiркеудiң мiндеттiлiгi тiркеушi органға тиiстi құжаттарды алты айлық мерзiмдi бұза отырып тапсырған өтiнiш берушiнiң оны қалпына келтiру үшiн сотқа жүгiну құқығын көздейдi, деп есептейдi.

Мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды берудiң өткiзiп алынған мерзiмiн соттың қалпына келтiре алуы жылжымайтын мүлiк және онымен жасалатын мәмiлелер иесiнiң құқықтары қорғалуына кепiлдiк болар едi. Алайда дәлелдi себептер болғанда ғана мерзiм сот тәртiбiмен қалпына келтiрiлуi мүмкiн (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 128-бабының екiншi бөлiгi). Бұл жағдай азаматтың мүмкiншiлiктерi мен мемлекеттiң мiндетi арасында қайшылық туындатады: белгiленген мерзiмдi дәлелсiз себептермен бұзған азамат өзiнiң құқық субъектiлiгiн жүзеге асыра алмайды (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы) және өзiнiң құқығын тiркете алмайды, ал мемлекет, құқық субъектiлiгi қатаң сипатта болса да, мұндай тiркеуден бас тартады. Мұнымен конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң, Жоғарғы Сотының және Бас прокуратурасының өкiлдерi де келiстi, олардың пiкiрiнше, Заңның 9-бабының 3-тармағымен көзделген, өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiрудiң сот тәртiбi мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдау рәсiмiн күрделендiрiп, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қосымша кедергi қояды.

Конституциялық Кеңес, соттың тiркеу мерзiмiн өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тануы немесе танымауы, ең алдымен, әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселенi қараған кезде ғана маңызға ие болуы мүмкiн деп пайымдайды. Осыған орай, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, заңнамалық актiлерге тиiстi өзгерiстер


енгiзiлуi қажет.

3. Конституцияның принциптерi мен нормалары меншiк құқығына оның туындауының, ауысуының және тоқтатылуының барлық кезеңдерiнде кепiлдiк берiлетiнiн жариялап, баянды етедi және қоғам мен мемлекеттiң тұрақты әрi қарышты дамуын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мызғымастығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың тиiстi шешiмдер шығаруының барлық рәсiмдерiне қолданылады. Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi (Негiзгi Заңның 34-бабының 1-тармағы).

Республика Конституциясының  26-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады" (1-тармақ) және "меншiкке... заңмен кепiлдiк берiледi" (2-тармақ). Бұл конституциялық ережелер "мүлiкке ие болудың құқықтық тұрғыда заңдылығын көздейдi, меншiк иесiнiң заңды құқықтарын кiмнiң де болсын заңсыз араласуынан қорғауға және меншiкке қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталған" (Конституциялық Кеңестiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi
N 2 қаулысы). Осылайша, меншiк иелерiнiң де, мүлiктiң заңды иелерiнiң де мүлiктiк құқықтары мен мүдделерi қорғалуға тиiс.

Азаматтық заңнама нормаларына жасалған талдау, мемлекеттiк тiркеудiң өзi жылжымайтын мүлiкке құқықтың және онымен жасалатын мәмiлелердiң мазмұнын қозғамайтынын, шарттар еркiндiгiн, тараптардың заң жүзiндегi теңдiгiн, олардың еркiнiң дербестiгiн, мүлiктiк тұрғыдағы өзiндiгi мен мүлiктiк жауапкершiлiгiн шектемейтiнiн көрсетедi.

Конституциялық Кеңес, мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру мерзiмiн өткiзiп алу азаматтардың және заңды тұлғалардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына кедергi келтiрмеуге тиiс деп есептейдi, өйткенi, соның негiзiнде мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту салдарынан әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына (Негiзгi Заңның 13-бабының
1-тармағы), Қазақстан азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алуына құқықтары, меншiкке заңмен кепiлдiк берiлуi (Конституцияның 26-бабының 1 және
2-тармақтары) шектеледi, сондай-ақ салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндетiн атқаруына кедергi жасалады (Конституцияның  35-бабы ). Бұл орайда, Негiзгi Заңның 39-бабының 3-тармағына сай Конституцияның 13-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс.

Демек, жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негiз ретiнде осындай құжаттарды берудiң Заңның


9-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмiн өткiзiп алуды көздейтiн Заңның 25-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының нормасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының
1-тармағына, 26-бабының 1 және 2-тармақтарына, 39-бабының
3-тармағына сәйкес келмейдi.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы


29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37,
40-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы
26 шiлдедегi N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 2007 жылғы


26 шiлдедегi N 310-III Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы
1-тармағының 6) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1-тармағына, 26-бабының 1 және
2-тармақтарына, 39-бабының 3-тармағына сәйкес емес деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметiне, осы қаулыда баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң құқықтық позицияларына сәйкестендiру мақсатында қолданыстағы заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзуге бастама жасау туралы мәселенi қарау ұсынылсын.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 2-тармағына сәйкес конституциялық емес деп танылған, оның iшiнде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылады және қолданылуға жатпайды, ал "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабының 2-тармағына сай мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағы негiзiнде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

6. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының

45-бабының 2-тармағын, 53-бабының 3) және

4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2008 жылғы 26 маусымдағы N 5 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов,
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi — Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Заңнама және құқық мәселелерi жөнiндегi комитетiнiң төрағасы Е.Ж. Жұмабаевтың,

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң өкiлi — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi Т.С. Донақовтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi — Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Заңнама және сот-құқықтық реформа жөнiндегi комитетiнiң төрағасы


С.Н. Баймағанбетовтiң,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi — Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы К.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 2-тармағы,


53-бабының 3) және 4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы — Конституциялық Кеңестiң мүшесi


В.А. Маляновскийдiң хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2008 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 2-тармағын, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Конституцияның аталған нормаларын түсiндiру кезiнде өтiнiш субъектiсi: — "Қазақстан Республикасы Конституциясы 45-бабының 2-тармағында,
53-бабының 3) және 4) тармақшаларында қамтылған нормалардың мағынасын негiзге ала отырып, Парламент заң шығару өкiлеттiгiн берген жағдайда республика Президентi аталған өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы ма және бұл ретте өкiлеттiктi жүзеге асырудың шегi қандайлық екенiн анықтауды" өтiнедi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының


2-тармағын, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларын түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алды.

1. Парламенттiң заңдар қабылдау жөнiндегi өз өкiлеттiгiн мемлекет басшысына не үкiметке уақытша беруi (өкiлеттiк берiлген заңнама институты) аралас не парламентарлық басқару нысанындағы бiрқатар шет елдерде тараған. Ол конституцияларда не заңдарда белгiленген талаптарды сақтай отырып, заңнамалық актiлер шығару құқығын президенттерге (мемлекет басшыларына) немесе үкiметтерге беру арқылы заңнаманы жеделдете жетiлдiру жолымен қоғамдық дамудың күрделi  жағдайларынан шығу құралының бiрi болып табылады. Мұндай талаптарға өкiлеттiк беру туралы заңды қабылдаудың ерекше рәсiмдерiн, өкiлеттiк беру мерзiмiн, заңнамалық реттеу нысанын (аясын) және өзге де шарттарды жатқызуға болады.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1-тармағына сәйкес "мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық".

Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Қазақстан Республикасы Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Республика Парламентiнiң құқығы бар (Конституцияның 3-бабының 3-тармағы). Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады (Конституцияның 3-бабының 4-тармағы).

Мемлекеттiк билiктiң институционалдық түрде тармақтарға бөлiне отырып, жиынтықтала келгенде бiртұтастығы билiктiң тиiмдiлiгi мен орнықтылығын, сондай-ақ билiктiң әртүрлi тармағына жататын мемлекеттiк органдардың үйлесiмдiлiгi мен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.

Негiзгi Заңның 40-бабында мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн; халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылатын; мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн республика Президентiнiң — Мемлекет басшысының, оның ең жоғары лауазымды тұлғасының функциялары баянды етiлген.

Қазақстан Республикасының Парламентi — заң шығару қызметiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы болып табылады (Конституцияның 49-бабының 1-тармағы).

Республика Президентiнiң және Парламенттiң конституциялық функциялары мен өкiлеттiктерi Мемлекет басшысының құқық қолдану саласында да, норма шығармашылығы саласында да жеке-дара шешiмдер қабылдауы арқылы iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары жүзеге асырылуын, аса маңызды қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуiн қамтамасыз етедi. Нәтижесiнде жоғары мемлекеттiк органдардың қызметiнде келiсiмдiлiкке және жеделдiкке қол жеткiзiледi.

3. Президенттiк басқару нысанының қазақстандық моделi, қалыптасқан объективтi жағдайды негiзге ала отырып, Республика Конституциясына және республика Президентi мен Парламентiнiң ерiк бiлдiруiне сәйкес, заң шығармашылық өкiлеттiгiн уақытша қайта бөлiсуге мүмкiндiк бередi.

Елiмiздiң қолданыстағы Негiзгi Заңымен Парламенттiң республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беруiнiң екi негiзi қөзделген.

Негiзгi Заңның 53-бабының 3) тармақшасына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы. Бұл нормада бастама субъектiсi, Парламенттiң шешiм қабылдауының тәртiбi және өкiлеттiк берiлетiн мерзiм айқындалады. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Конституцияның осы ережесiнiң қолданылуы бейбiт уақытта жедел түрде тиiстi заңнамалық актiлер қабылдау немесе оларға өзгерiстер енгiзу қажет болатын кезеңдерге есептелген.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңымен Парламенттiң республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беруiнiң тағы бiр негiзi еңгiзiлдi. Конституцияның 45-бабының 2-тармағында: "Конституцияның


53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте республика Президент заңдар шығарады...", — деп белгiленген. Конституцияның 53-бабының 4) тармақшасында болса, палаталардың бiрлескен отырысында Парламент "соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi" деп белгiленген.

Соғыс кезiн Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Республика Парламентi жариялайды ("Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29-III Қазақстан Республикасының Заңы — бұдан әрi Заң). Бұл ретте "соғыс жағдайы" — "мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (iс жүзiнде тоқтатылғанға) дейiнгi қарым-қатынастар" (осы Заңның


1-бабы). Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды (Заңның 28-бабы).

Соғыс кезi мемлекеттiк билiктiң ұйымдастырылуына, елдiң құқықтық жүйесiне тiкелей әсер етiп, түрлi заңдық қатынастарға қозғау болады. Заңға сәйкес бұл кезеңде әскери басқару органдарының өкiлеттiгi кеңейтiлiп, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары өтедi; азаматтардың және өзге де тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеудi; мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды, сондай-ақ Республика экономикасын соғыс жағдайында жұмыс iстеуге көшiрудi қосатын шаралар қабылдануы мүмкiн ("Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391-II Қазақстан Республикасының Заңы ). Аталған, сондай-ақ кейбiр өзге де қатынастар, бейбiт уақытта республика Парламентi қабылдаған заңдармен реттелген.

Демек, мұндай құқықтық қатынастар заңдық күшi жағынан тең нормативтiк құқықтық актiлермен — заңдармен ғана тоқтатыла тұруы немесе өзгертiлуi мүмкiн. Алайда соғыс кезi мен соғыс жағдайы заң щығармашылығы процесiнiң Конституциямен көзделген парламенттiк рәсiмдерiнiң бәрiн орындауға мүмкiндiк бермейдi.

Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Президенттiң заң шығару құқығын Республика соғыс кезiнде тұрғанда да Конституция арқылы қолдану әбден орынды болады. Бұл ретте, Конституцияның


63-бабының 2-тармағына сай Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн соғыс жағдайы кезеңiнде таратуға болмайды.

Қазақстан соғыс кезiнде (соғыс уақытында) тұрғанда Мемлекет басшысының заң шығару функцияларын iске асыруы республика Конституциясының 39-бабы 1-тармағының, 44-бабы


17) тармақшасының, 61-бабы 3-тармағының 1) - 11) тармақшаларының нормаларына тiкелей сәйкес келедi.

Республика Президентiнiң бұл құқықтық өкiлетi сондай-ақ Конституцияның 44-бабының 21) тармақшасына негiзделген, оған сай республика Президентi "республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады".

Осылайша, өтiнiш тақырыбына қатысты қолданыста бұл баяндалғандар, Парламент заң шығару өкiлеттiгiн берген жағдайда республика Президентi бейбiт уақытта да (Конституцияның
53-бабының 3) тармақшасы), соғыс уақытында да (Негiзгi Заңның 45-бабының 2-тармағы және 53-бабының 4) тармақшасы) заңдар шығаруға хақылы екендiгiн бiлдiредi.

4. Конституцияда Парламент заңдар қабылдау арқылы реттейтiн аса маңызды қоғамдық қатынастар баянды етiлген. Мұндай қатынастардың тiзбесi Негiзгi Заңның 61-бабының


3-тармағымен белгiленген және ол толық болып табылады, мұны Конституциялық Кеңес "Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 15 қазандағы
N 17/2 Нормативтiк қаулыда атап өткен болатын. Демек, Парламент Мемлекет басшысына заң шығару өкiлеттiгiн берген жағдайда, ол Конституцияның 61-бабының 3-тармағында санамаланған мәселелер бойынша заңдар шығаруға хақылы.

"Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының


2) тармақшасын, 45-бабының 2-тармағын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы
3 шiлдедегi N 15/2 нормативтiк қаулысында , Конституцияның
45-бабының 2-тармағындағы "заң" санатымен заңдардың барлық түрi, солардың iшiнде конституциялық заңдар да қамтылған, деп атап көрсетiлген. Осылайша, заң шығару өкiлеттiгi берiлген жағдайда республика Президентi заңдар, солардың iшiнде конституциялық заңдар шығара алады.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"


1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37 және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


  1. Қазақстан Республикасы Парламентi:

бейбiт уақытта Конституцияның 53-бабының
3) тармақшасына сәйкес;

соғыс уақытында Конституцияның 45-бабының 2-тармағына және 53-бабының 4) тармақшасына сәйкес республика Президентiне заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы.

Конституцияның аталған баптары негiзiнде республика Президентi заңдар шығару, олардың қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою, заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi Парламент берген өкiлеттiктi iске асыруға хақылы.

2. Республика Президентiнiң өзiне берiлген заң шығару өкiлеттiгiн iске асыруының шегi мыналар:

бейбiт уақытта, Конституцияның 53-бабының 3) тармақшасын негiзге ала отырып, — Парламенттiң республика Президентiнiң бастамасы бойынша Палаталардың бiрлескен отырысында әр палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен Мемлекет басшысына бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн уақытша беру туралы заң қабылдауы;

соғыс уақытында, Конституцияның 45-бабының 2-тармағын және 53-бабының 4) тармақшасын негiзге ала отырып, — Парламенттiң палаталардың бiрлескен отырысында соғыс кезiн жариялауы.

Республика Президентi өзiне заң шығару өкiлеттiгi берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көрсетiлген қатынастар реттелетiн заңдар шығаруға хақылы.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын,

61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқа да бiрқатар нормаларын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2008 жылғы 15 қазандағы N 8 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов,
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң жауапты хатшысы Д.М. Шәженованың,

Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi


Д.Р. Құсдәулетовтiң,

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi Т.С. Донақовтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының орынбасары А.С. Судьиннiң,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


М.А. Әбеновтiң,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Қ. Мәсiмовтiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын , 61-бабы 3-тармағының 1) және


3) тармақшаларының, сондай-ақ мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқа да бiрқатар нормаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


В.А. Малиновскийдiң хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сарапшылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор М.К. Сүлейменовтiң, заң ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Подопригораның, заң ғылымдарының докторы, профессор В.Н. Уваровтың қорытындыларын зерделеп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң, Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының, Бремен университетiнiң профессоры Р. Книппердiң (Германия) қорытындыларымен, конституциялық iс жүргiзудiң өзге де материалдарымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мынадай сұрақтар қоя отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының бiрқатар нормаларын мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi:

"1) Қазақстан Республикасының Конституциясында қолданылатын "құзырет", "өкiлеттiктер", "функциялар", "қарау нысаналары" терминдерiнiң мағыналық мазмұны және олардың ара-қатынасы қандай;

2) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары функциялардың толық тiзбесiн заңдарда айқындауға мүмкiндiк бере ме әлде функциялардың толық тiзбесi заңға тәуелдi актiмен бекiтiлетiн тиiстi ережеде айқындалуға тиiс пе;

3) заңдарда "құзырет негiздерi" ғана көрсетiлген болса, оларға ненi жатқызған жөн;

4) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы
3-тармағының 1) және 3) тармақшалары:

- заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, құқықтар мен бостандықтарға, заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне;

- мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн аса маңызды қоғамдық қатынастардың заңдарда бекiтiлуi бөлiгiнде ненi көздейдi;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттiк органдарда бақылау функцияларының да, қадағалау функцияларының да сақталуына мүмкiндiк бере ме, әлде прокуратура органдары қадағалау функцияларын жүзеге асырудың жалғыз субъектiсi болып табыла ма;

6) мемлекеттiк функцияларды мемлекет көрсететiн қызметтер ретiнде қарастыру Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына (3-баптың 3-тармағы, 45-баптың
2-тармағы, 49-баптың 1-тармағы, 55-баптың 5) тармақшасы,
66-баптың 10) тармақшасы, 67-баптың 5) тармақшасы) қайшы
келе ме".

2008 жылғы 9 қазанда келiп түскен қосымша өтiнiште Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, бастапқы өтiнiштiң көлемiн азайта отырып, Конституцияның 54-бабына , 61-бабы


3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына, сондай-ақ өзге де бiрқатар нормаларына ресми түсiндiрме берудi және мынадай сұрақтарға жауап қайтаруды сұрайды:

"1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларының мазмұнынан мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана айқындалуға тиiс екендiгi келiп шыға ма;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттiк органдарда бақылау функцияларының да, қадағалау функцияларының да сақталуына мүмкiндiк бере ме, әлде прокуратура органдары қадағалау функцияларын жүзеге асырудың жалғыз субъектiсi болып табыла ма;

3) мемлекеттiк функциялар және мемлекет көрсететiн қызметтер ұғымдары конституциялық-құқықтық мағынасы жағынан сәйкес пе".

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын өтiнiш нысанасына қатысты талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.

1. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының


3) тармақшасына сәйкес Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң негiздерiне қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы. Конституцияның 54-бабымен өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша "Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды" деп көзделген.

Конституциялық Кеңес бұдан бұрын Конституцияның 61-бабы 3-тармағы 1) және 3) тармақшаларының нормаларына Конституцияның өзге нормаларымен өзара байланыста түсiндiрме берген болатын (1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 , 1999 жылғы


3 қарашадағы N 19/2 және 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 12/2 қаулылар). Мәселен, "Қазақстан Республикасы Конституциясы
14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына,
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы" 1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 қаулыда Конституциялық Кеңес, "Конституцияның 61-бабының 3-тармағына сәйкес Парламенттiң қалыптасқан жағдаяттар мен тиiмдiлiк принципi негiзiнде жаңа заңдық нормаларды белгiлеуге, оның iшiнде – әрдайым өзгерiп отыратын және серпiмдi қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi кемшiлiктердi жоюға құқығы бар" деп
түсiндiрме бердi.

Парламенттiң заң шығару арқылы реттеу нысанасы бола алатын аса маңызды қоғамдық қатынастардың тiзбесi Негiзгi Заңның 61-бабы 3-тармағының 1) – 11) тармақшаларымен белгiленген. "Қазақстан Республикасы Конституциясының


45-бабының 2-тармағын, 53-бабының 3) және 4) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2008 жылғы
26 маусымдағы N 5 нормативтiк қаулысына сәйкес мұндай қатынастардың тiзбесi толық болып табылады.

Заң шығару арқылы реттеу нысанасы бола алатын, бапта қолданылған негiзгi принциптер мен нормалардың ұғымы Конституцияда ашып көрсетiлмейдi. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, заң шығару қызметiнiң негiзгi принциптерi деп, бiрiншi кезекте, Конституция кiрiспесiнiң идеяларын, Конституцияның


1-бабының 2-тармағымен жария етiлген Қазақстан Республикасы қызметiнiң түбегейлi принциптерiн (қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу) есептеген жөн.

Қаралып отырған өтiнiш нысанасына қатысты, Қазақстанның өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы, бiртұтас мемлекеттiгi және президенттiк басқару нысаны, халық пен мемлекет егемендiгiнiң ара-қатынасы; мемлекеттiк билiктiң бiртұтастығы және оның тармақтарға бөлiнуi; қолданыстағы құқық туралы ережелер де, сондай-ақ мемлекеттiк органдар жүйесiн құру принциптерi, мемлекеттiк органдардың түрлерi, оларды құрудың тәртiбi, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олар шығаратын (қабылдайтын) актiлер, өзара қарым-қатынасы мен қатар бағыныстылығының негiздерi Парламенттiң заң шығару қызметiндегi Конституцияның негiзгi ережелерi


болып табылады.

Бiрқатар мемлекеттiк органдар мәртебесiнiң аса маңызды элементтерi тiкелей Конституцияда айқындалуымен қатар, мемлекеттiк органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет iстеуiнiң жекелеген жақтары конституциялық заңмен немесе заңмен реттелуi мүмкiн. Одан тыс, Негiзгi Заңның бiрқатар нормаларының мағынасынан, мемлекеттiк органдардың құқықтық жағдайы сондай-ақ Республика Президентiнiң жарлықтарымен, Үкiмет қаулыларымен және өзге де заңға тәуелдi актiлермен белгiленуi мүмкiн екендiгi келiп шығады (Конституцияның 40-бабы, 44-бабының 3), 5) және 21) тармақшалары, 61-бабы 3-тармағының екiншi бөлiгi, 64-бабының 1-тармағы, 66-бабының 3), 4), 6) және


10) тармақшалары, 85-87 және 89-баптары).

2. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттiк органдарға, өз құзыретi шеңберiнде, бақылау және қадағалау өкiлеттiктерiн бекiту жөнiнде шектеулер жоқ.

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы
2 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiмi туралы" Конституциялық Кеңестiң 1998 жылғы
16 қарашадағы N 10/2 қаулысына сәйкес бақылау жасау және қадағалау құқығын мұндай құқықты арнайы заң берген мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар ғана пайдаланады. Мемлекеттiк органға бақылау-қадағалау функцияларын заң арқылы жүктеуге жол берiлетiндiгi Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы
N 3, 1999 жылғы 4 ақпандағы N 16/2 және 2005 жылғы
31 қаңтардағы N 1 қаулыларымен де расталған.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы" Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 5 қаулысының мағынасын негiзге ала отырып, жоғары қадағалау ретiнде прокурорлық қадағалаудың конституциялық сипаттамасы сол, басқа сипаттамаларымен қатар, өз құзыретi шегiнде прокуратура органдары басқа мемлекеттiк органдар, соның iшiнде, қадағалау өкiлеттiгiне ие органдар (мәселен, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау немесе кедендiк бақылау органдары) жасаған iс-әрекеттер мен қабылдаған шешiмдердiң заңдылығын тексерiп, олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық шара


қолдана алады.

Баяндалғанды негiзге ала отырып, Конституциялық Кеңес, қадағалау функциялары прокуратурадан тыс өзге де мемлекеттiк органдарға жүктелуi мүмкiн деп есептейдi.

3. Конституцияның бiрқатар баптарында мемлекеттiк органдарға қатысты пайдаланылатын "функция" терминiнен айырмашылығы сол, Негiзгi Заңда "мемлекет көрсететiн қызмет" деген дефиниция жоқ.

"Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы " 2000 жылғы 27 қарашадағы


N 107-II Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi арқылы "мемлекеттiк функция" және "мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымдарының мазмұнына алғаш рет заңдық мағына берiлген болатын. Осы Заңда мемлекеттiк функция деп "мемлекеттiк органның қызметтi заңдарда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыруы" ұғынылады, Заңда мемлекеттiк органдарда болуы мүмкiн функциялардың тiзбесi бекiтiлген: стратегиялық, реттеушiлiк, iске асыру және бақылау функциялары (1 және 9-2-баптар). Заңда мемлекеттiк қызмет деп "жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру аясында мемлекеттiк органдар, өзге де мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет" ұғынылады (1-баптың 2-2-тармағы).

Конституциялық Кеңес "мемлекеттiк функция" және "мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымдарының тең мағыналы еместiгiн және әр түрлiлiгiн атап көрсетедi.

"Көрсетiлетiн қызмет" ұғымы құқық теориясында, бiрiншi кезекте, азаматтық-құқықтық, яғни көбiнесе мүлiктiк сипаты бар институт болып табылады. Мемлекет көрсететiн қызмет, мемлекеттiк органның заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк функцияларды iске асыруына байланысты көрсетiлетiн, соның iшiнде бюджеттiк қаржыландыру есебiнен көрсетiлетiн басқарушылық қызмет нысандарының бiрi. Бұл ретте, мемлекеттiк органның мемлекеттiк құрылыс пен басқару нысанынан, мемлекеттiк органдардың жүйесi мен олардың құзыретiнен келiп шығатын функциясын, бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде мемлекеттiк орган, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе қызмет көрсетушiлер ретiнде белгiленетiн өзге де субъектiлер көрсететiн мемлекеттiк қызметке теңестiруге болмайды.

Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, "мемлекет көрсететiн қызмет" және "мемлекеттiк функция" ұғымдарының ара-жiгiн, бiрiншi кезекте, олардың көлемi, бағытталуы мен мүдделерiне (жеке тұлғаға не көпшiлiкке бағытталуына, жеке немесе жария-құқықтық мүдделердiң басымдығына) қарай; қызметiнiң ерiктiлiгiне немесе мiндеттiлiгiне (жеке тұлғаның өтiнiшi немесе мемлекеттiң мәжбүрлеуiмен қамтамасыз етiлiп, мемлекеттiң мiндетiне орай барлығына қатысты автоматты түрде енгiзiлетiн қызмет) бойынша ажыратуға болады.

"Мемлекеттiк функция" және "мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымдарын бiр-бiрiмен ұқсастыру азаматтық-құқықтық (жеке құқықтық) институттардың жария-құқықтық институттармен араласып кетуiне, мемлекеттiң жария-билiктiк сипаттамасы көмескiленуiне әкеп соқтыруы мүмкiн, ал бұл түптеп келгенде мемлекеттiк билiктiң, мемлекет пен оның органдарының мақсаты мен ұйымдастырылуының конституциялық негiздерiне қайшы келедi.

Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"


1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 , 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшалары нормаларының мазмұнынан, мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен және заңдарымен ғана емес, заңға тәуелдi актiлерiмен де белгiленетiндiгi келiп шығады.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл  әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Басқа мемлекеттiк органдар қадағалау функцияларын өз құзыретi шегiнде iске асыруға хақылы.

3. "Мемлекеттiк функция" және "мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымдарының мазмұны мен көлемi ұқсас емес.

Мемлекеттiк функцияны мемлекеттiк орган өз құзыретiне сәйкес iске асырады, ол жария-құқықтық сипатқа ие, субъектiлердiң шектеусiз санына қатысты қолданылады, мемлекеттiң мәжбүрлеуiне негiзделуi мүмкiн.

"Мемлекет көрсететiн қызмет" ұғымы Қазақстан Республикасының Конституциясында жоқ. Бұл ұғымның мазмұнын анықтау кезiнде заң шығарушы, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, мынаны негiзге алуы мүмкiн. Мемлекет көрсететiн қызмет мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын жүзеге асыру нысандарының бiрi болып табылады, ол көбiнесе азаматтық-құқықтық сипатқа ие, әдетте мемлекеттiң мәжбүрлеуiн қолданбай жеке көрсетiледi.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық

актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi

тұрғысында тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2009 жылғы 11 ақпандағы N 1 Нормативтiк қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов,
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты


С.Б. Ақылбайдың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты


С.Ғ. Темiрболатовтың,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары Қ.Р. Әбдiқазымовтың,

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары
Н.Б. Ермекбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi – Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың Басшысы В.А. Калюжныйдың,

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiн iстерi комитетiнiң төрағасы А.Д. Досжанның қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы


өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.В. Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сарапшылар – заң ғылымдарының докторы, профессор


Т.Е. Қаудыровтың, заң ғылымдарының докторы, профессор
Г.П. Лупаревтiң, заң ғылымдарының докторы, профессор
Р.А. Подопригораның қорытындыларымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң мамандары филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Жақыповтың және заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш. Орманованың қорытындысымен, сондай-ақ iс жүргiзудiң өзге де материалдарымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
АНЫҚТАДЫ:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2008 жылғы 26 қарашада қабылдап, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы


1-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
N 2737 Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының
1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi 2009 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне осы заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы өтiнiш жiбердi.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялығын тексеру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.

1. "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi – Заң) дiни сенiм бостандығына құқығын жүзеге асыруға және дiни бiрлестiктер мен топтардың қызметiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеудi күшейтуге бағытталған, бұл мемлекеттiң осы саланы заң арқылы реттеуге өкiлеттiгi тұрғысынан қарағанда әбден орынды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, адамның және азаматтың жеке де, ұжымдық та құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада шектелуi мүмкiн. Сол арқылы, Конституция заң шығарушыға мемлекет пен қоғамның айрықша қорғалатын мүдделерi мен құндылықтарына төнетiн қауiп-қатерге барабар құқықтық шаралар айқындау мүмкiншiлiгiн бередi (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2005 жылғы
23 тамыздағы N 6 қаулысы ). Қаралып отырған өтiнiш нысанасына қатысты бұл, дiни қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн бiрлесу бостандығына құқығы және дiни нанымдарды тарату бостандығына құқығы абсолюттi болып табылмайтынын және Конституцияға сәйкес заңнамалық жолмен шартталатынын бiлдiредi (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 4 сәуiрдегi
N 2 қаулысы).

Мұндай көзқарас адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға және халықаралық құқық нормаларына, атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (XXI) резолюциясымен қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң (бұдан әрi – Пакт) қағидаларына сәйкес келедi. 2005 жылғы


28 қарашадағы N 91-III Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланып, Республика Конституциясының 4-бабының
1-тармағына сәйкес Қазақстанда қолданылатын құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылатын бұл халықаралық-құқықтық құжаттың
18-бабына сай, дiнге сену еркiндiгiн "қоғам қауiпсiздiгiн, тәртiптi, денсаулық пен имандылықты, сондай-ақ басқалардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн" заңмен шектеуге жол берiледi. Сол сияқты, Пактiнiң 19 және 22-баптарына сәйкес, кез келген ақпарат пен идеяларды тарату бостандығын қоса отырып, өз пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығын, сондай-ақ қауымдасу (бiрлесу) бостандығына құқығын заң арқылы шектеу мүмкiншiлiгi көзделген.

Заңның 1-бабы 3-тармағының 5) және 9) тармақшаларын талдай отырып, Конституциялық Кеңес, олар мемлекеттiң, Конституцияның 1-бабының 1-тармағымен жария етiлген, дiннiң мемлекеттен бөлiнгендiгi және дiни бiрлестiктердiң заң алдында теңдiгi көзде ұсталатын зайырлы сипатынан туындайтын мемлекет пен дiни бiрлестiктердiң өзара қарым-қатынасының, сондай-ақ дiни тәрбие мен бiлiм берудiң принциптерiн баянды етедi, деп атап көрсетедi. Бұл нормалардағы шектеулер мен тыйым салулар, солардың iшiнде дiни экстремизм мен құқыққа қарсы өзге де iс-әрекеттердiң бой көрсетуiне салынатын тыйымдар, Негiзгi Заңның нормаларына (5, 12, 14, 20, 22, 34 және 39-баптар) негiзделген және мемлекеттiң жеке және заңды тұлғалар қызметiнiң шарттарын және олардың жауапкершiлiгiн Конституцияға сәйкес заңмен белгiлеу құзыретiмен байланыстырылған.

Қаралып отырған Заңның қабылдану рәсiмi Республика Конституциясының ережелерiне сәйкес келедi. Заң жобасын Негiзгi Заңның 61-бабы 1-тармағының негiзiнде бiр топ депутаттар заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiп, Парламент Палаталарының әрқайсысында өз кезегiмен қарау арқылы, Конституцияның 61-бабы 3-5-тармақтарының талаптарын сақтай отырып қабылданған.

2. Сонымен бiрге, жүргiзiлген талдау "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның жекелеген нормалары Конституция ережелерiне сәйкес келмейтiнiн көрсеттi.

Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сай уәкiлеттi орган "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк орган" деп айқындалады. Заңның 1-бабы 3-тармағының
9) тармақшасына сәйкес "күндiзгi рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарында оқитын азаматтар... оқу уақытын еңбек стажына енгiзу жөнiндегi құқықтар мен жеңiлдiктердi бiлiм беру ұйымдарында оқитындар үшiн белгiленген тәртiппен пайдаланады". Сонымен бiрге, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi
N 4 қаулысында , Конституцияда қолданылатын "әрбiр" және "бәрi" деген терминдердiң орнына заңда "азамат" ұғымын пайдалану, заңның қолданылу аясын тарылтады деп атап көрсетiлген. Конституциялық Кеңестiң отырысында Үкiмет өкiлiнiң түсiндiруiнше, Заңның мәтiнiнде қолданылатын "азаматтар" ұғымын "Қазақстан Республикасының азаматтары" мағынасында түсiнген жөн. Осылайша, қаралып отырған құқықтық нормалардың түп мәтiнiнде "азаматтар" ұғымын пайдалана отырып, заң шығарушы жеңiлдiктер берiлуге тиiс адамдар тобын, сондай-ақ, Қазақстан аумағында заңды түрде жүрген шет елдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олардың қатарынан шығарып тастап, заңды  мүдделерi уәкiлеттi орган тарапынан қорғалуға тиiс адамдар тобын заңсыз тарылтады, ал бұл, соның iшiнде, адам құқықтарын мемлекеттiң тең қорғайтынын бiлдiретiн (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы
10 наурыздағы N 2/2 қаулысы ), заң алдында жұрттың бәрi тең деген конституциялық принципке (12-баптың 4-тармағы, 14-баптың 1 және 2-тармақтары) қайшы келедi.

Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес "дiнге сену және нанымды тарату бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, басқа азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, имандылығы немесе құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелуi мүмкiн". Заң шығарушы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы N 1128-ХII Қазақстан Республикасы Заңының және қаралып отырған Заңның ұғымдық аппаратында "дiнге сену бостандығы" деген сөз тiркесiнiң дәл анықтамасын бермейдi және әркiмнiң Конституцияда көзделген, тумысынан жазылып, абсолюттi болып табылатын, ешкiм айыра алмайтын және ешбiр жағдайда шектелмеуге тиiс ар-ождан бостандығына құқығымен (Конституцияның 12-бабының 2-тармағы және 39-бабының 3-тармағы) ара-жiгiн ажыратпайды. Алайда қолданыстағы "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Заңның мәтiнiндегi (3-бап. "Дiни сенiм бостандығы хұқығы") дiни сенiм бостандығының "жеке өзi, сондай-ақ басқалармен бiрге кез келген дiндi еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға" хұқығы, дiнге деген көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге... жол берiлмейдi" деген белгiлерi, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, ар-ождан бостандығының белгiлерiне iшiнара сәйкес келедi. Демек, қаралып отырған Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы "дiнге сену бостандығын" шектеу мүмкiн екенi бөлiгiнде Конституцияның 39-бабының


3-тармағына сәйкес келмейдi. Одан тыс, Заңның көрсетiлген нормасында саналып, соларға жету үшiн мұндай шектеуге жол берiлетiн мақсаттар, Конституцияның 39-бабының 1-тармағында аталған конституциялық маңызды мақсаттармен салыстырғанда кеңейтiлген және оларға сәйкес келмейдi. Конституциялық Кеңес сондай-ақ, осыған ұқсас редакциядағы құқықтық норманы Конституциялық Кеңес нанымды тарату бостандығын шектеу мүмкiндiгi белгiленген бөлiгiнде тексергенiн (Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 4 сәуiрдегi N 2 қаулысы ) және Конституцияға сәйкес емес деп (осы бөлiгiнде) танығанын атап көрсетедi.

Заңның 1-бабы 3-тармағының 15) тармақшасында "бұрын Қазақстан Республикасында белгiсiз болған дiни iлiмге" сенетiн дiни бiрлестiктi тiркеу мерзiмi алты айға дейiнгi мерзiмге үзiлуi мүмкiн екенi көзделген, ал өзге дiни бiрлестiктердi тiркеу, көрсетiлген нормаға сай, белгiсiз уақытқа үзiлуi мүмкiн. "Бұрын Қазақстан Республикасында белгiсiз болған дiни iлiмге" сенетiн адамдарды және өзге конфессиялар өкiлдерiн құқықтық теңсiз жағдайға қоя отырып, бұл құқықтық норма осы бөлiгiнде сондай-ақ, "бiр тектес қызмет түрiн iске асырушы тиiстi құқықтық қатынастары субъектiлерiнiң барлығы үшiн құқықтар мен мiндеттердiң теңдiгiн, талаптар мен құқықтық жауапкершiлiктiң бiрыңғайлығын" (Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 31 қаңтардағы N 1 қаулысы ) назарда ұстайтын, Конституцияда баянды етiлген (14-баптың 1 және 2-тармақтары) заң алдындағы теңдiк принципiн бұзады.

2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 375-бабында (бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) санкциялар белгiлеу бөлiгiнде Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын тексеру кезiнде Конституциялық Кеңес оның қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнен мағыналық сәйкессiздiктi анықтап, ол
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi мамандарының қорытындысымен расталды. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, құқықтық норманың мазмұнын бұрмалап, оны бiр мағынада түсiнбеушiлiк туындататын мағыналық сәйкессiздiк, Республика Конституциясының 7-бабы 2-тармағының мағынасын ескере отырып, мұндай норманың практикада қолданылуын жоққа шығарады (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 14 ақпандағы N 2 және 2008 жылғы 27 ақпандағы N 2 қаулылары).

3. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, жоғарыда жазылған бөлiгiнде (осы нормативтiк қаулының


2-тармағында):

Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) және 9) тармақшалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының


4-тармағына, 14-бабының 1 және 2-тармақтарына;

Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы Конституцияның 39-бабының 1 және 3-тармақтарына;

Заңның 1-бабы 3-тармағының 15) тармақшасы Конституцияның 14-бабының 1 және 2-тармақтарына;

Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы Конституцияның 7-бабының 2-тармағына сәйкес келмейдi


деп есептейдi.

4. Конституциялық Кеңес, Заңның бiрқатар нормалары заң техникасының ережелерi бұзыла отырып тұжырымдалғанын, соның


салдарынан оның кейбiр нұсқамалары анық айтылмағанын атап көрсеттi, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар мұнымен келiстi.

Бұл орайда заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиiс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерiн өзiнше пайымдау мүмкiндiгiн жоққа шығара отырып, заңды мiнез-құлықты заңсыздығынан мейлiнше айқындықпен ажыратуға мүмкiндiк беретiн түсiнiктi өлшемдерге негiзделуге тиiс (Конституциялық Кеңестiң 2008 жылғы 27 ақпандағы N 2 нормативтiк қаулысы).

Заңның техникалық-заңдық жағынан алғандағы кемшiлiктерi ондағы кейбiр ережелердi көп мағынада түсiнуге мүмкiндiк жасайды, бұл практикада осы заңнамалық актiнiң өз еркiнше түсiндiрiлiп, барабар қолданбауға, және соның нәтижесiнде, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары негiзсiз шектелуiне әкеп соқтыруы мүмкiн.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын,


1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31–33 және 37-баптарын , 38-бабының 1-тармағын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 2008 жылғы
26 қарашада қабылдап, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес
деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылмайды және ол қолданысқа енгiзiлмейдi.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сай нормативтiк қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы нормативтiк қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.





Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет